Капкадерова Камила Журналистка факультеті 1 курс студенті 1-ші тапсырма



бет1/3
Дата13.04.2023
өлшемі19,69 Kb.
#82333
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
«Әлеуметтану»пәні бойынша СӨЖ


Капкадерова Камила
Журналистка факультеті 1 курс студенті

1-ші тапсырма
1)МОБИЛЬДІЛІК дегеніміз -қандай да бір адамның қоғам алдындағы әлеуметтік статусы, яғни өзгеруі.Мәселен менің шәкіртақымның дәрежесі өсіп (повышка) күндер өте келе сабақ деңгейімнің бағасы төмендеп,қомақты қаржылы шакіртақыдан айырылып қалуым мүмкін.

2)ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ дегеніміз -қоғам арасындағы адамдардың әлеуметтік жүйедегі алатын орны,қоғам құрылымының әртүрлілігі Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасындағы әлеуметтік жіктелу мен теңсіздік.Егер қарапайым түрде мысал келтірер болсақ, менің отбасым мен құрбымның отбасылық жағдайы бірдей емес.Құрбым менікінен кішілеу 3 бөлмелік үйде тұрса,мен 7 бөлмелік кең үйде тұрамын.Ал ата -анамыздың мамандық деңгейлері де әртүрлі.Мысалы құрбымның әкесі құрылысшы болса, менің әкем құрылыс зауытының басшысы.Ал анам мектепте мұғалім,құрбымның анасы,мектепте еден жуушы апай деген секілді ғой.

3)ӘЛЕУМЕТТІК ТАП дегеніміз-адамдарды әлеуметтік экономикалық факторларға байланысты бөлу.Мысалы жұмыс орнына қарай, атқаратын қызметіне қарай,оқитын орнына қарай.Егер мен жоғары оқу орнының студенті болсам,сіңілім мектеп оқушысы болып келеді.Макс Вебер қалаған ең алғаш әлеуметтік топ ұғымына кеңінен анықтама берген болатын, ол әлеуметтік құрылымды таптармен және оларды тудырушы меншік қатынастарымен қатар әлеуметтік мәртебе мен билік те маңызды орын алатын көп өлшемді жүйеге бөлді.Оның айтуынша, мәртебесі тең адамдар өз қоғамдастықтарын құрады. Олардың ортақ белгілері бар, сондай ақ мүдделері, құндылық бағдарлары ұқсас болғандықтан, бірін-бірі жиі асқа шақырады, бір-бірімен тұрмыс құрады және ұқсас қаракетпен айналысады.М. Вебер таптың экономикалық негізіне көбірек көңіл бөліп, оны экономикалық категория деп түсінген. Таптың көптеген белгілері бар: мамандық, білім деңгейі, қызметкердің қабілеті, дипломы, т.б. белгілері бар.

4)ӘЛЕУМЕТТІК ТОП-адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін – отбасынан, құдастар тобынан елдің, тіпті, бүкіл адамзат қоғамына дейінгі түсінікті қамтиды.Бірақ әлеуметтануда көбіне тар мағынада – қандай да бір жеке, ұжымдық немесе қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыруды көздеген өзара әрекеттегі адамдар жиынтығы – қоғамның ішіндегі құрылым ретінде түсіндіріледі,адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыру мақсатында өзара қарым- қатынас орната отырып, түрлі іс- әрекеттерді жүзеге асыратын көптеген адамдардың үлкенді- кішілі жиынтығы. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді.

5)ОРТА ТАП-Американ ғалымы У.Уотсонның моделіне сәйкес қоғам ұш таптан тұрады: жоғары, орта, төмен тап. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау жасауда орта тап көптеген қызығушылықтар тудыруда.Орта тап экономикасы өте жоғары дамыған елдерде көбірек кездеседі.Орта тапқа -алдыңғы қатарлы бизнесмендер, фирмадағы жалдамалы менеджерлер, ірі заңгерлер, ғылыми элита, эстрада жұлдыздары (жоғары орта тап), сондай-ақ жалдамалы қызметкерлер -инженерлер, орташа және ұсақ шенеуліктер, оқытушылар, ғылыми инженерлер, орташа—және—ұсақ—шеиеуліктер, ғылыми қызметкерлер, бөлімше басшылары, жоғары білікті жұмысшылар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет