3-тапсырма Огюст Конт-француз философы, әлеуметтанушысы, философиядағы позитивизм мектебінің негізін қалаушы.Ол «әлеуметтану» терминің ғылыми қолданысқа алғаш рет еңгізген. Ол қоғамдық өмір құбылыстарын тарихи және жүйелік аспектілерін зерттеп көрсетуге талпыныс жасады.Қазіргі батыс әлеуметтанушылары Контты әлеуметтанудың әкесі деп баға береді.
Эмиль Дюркгейм -француз әлеуметтанушысы, саясаттанушысы.Әлеуметтануды адам туралы ғылымдардың арасында жоғары бағалап, әлеуметтік болмыстың онтология проблемаларын түсіндіруге арқау етті.1896 жылдан Бордо, 1902 жылдан Сорбонна университеттерінің әлеуметтану және педагогика профессоры, “Annес Sociologigue” журналының негізін салушы,Р.Декарт, К.А. де Р.Сен-Симон дәстүрін жалғастырушы.
Герберт Спенсер – ағылшын философы, әлеуметтанушысы, психологы және инженер, әлеуметтанудың негізін қалаушылардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі. Ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қамтыды:Әлеуметтану негіздемелері (3 томдық, 1876-1896). Басқа да аса маңызды әлеуметтану еңбектері – “Әлеуметтік статика” (1850) және “Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде” (1873).