Карбон қышқыл тұздары түгелдей дерлік (кальций мен барийдікінен басқасы) суда жақсы ериді. Оларға күшті минералды қышқыл әсер етсе , қайтадан корбон қышқылы шығады.
Тұз аттары қышқыл атына сәйкес келеді. Сірке қышқылының тұздарын ацетаттар, ал құмырсқа қышқылінікін – формиаттар деп те атайды.
Көп жағдайда карбон қышқылдары сулы ерітіндіде аз мөлшерде ғана диссоциацияланады және тұз, азот, күкірт қышқылдарына қарағанда едәуір әлсіз қышқылдар.
Олардың ішінде тек құмырсқа қышқылы ғана күшті орташа электролит, қалғандары әлсіз электролиттерге жатады. Радикалығы көміртек атомдарының саны өскен сайын қышқылдардың күші кеми береді.
Карбон қышқылдары миниралды қышқылдарға тән барлық қасиеттерді көрсетеді. Электтрохимиялық ренеу қатарында сутекке дейін орналасқан металлдармен карбон қышқылдары тұз бен сутек түзе әрекеттеседіү
Физикалық қасиеті. Карбон қышқылының басым көпшілігі, суда ерімейтін кальций не барий тұздары күйінде оңай бөлінеді. Олардың көпшілігі 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында ашылған. Олар көбіне табиғи қосылыстардан алынған, солардың атына сәйкес аталып кеткен. Номенклатураның ережесіне орай, алифатты қышқылдарды оларға ұқсас көмірсутек атауларымен айта беруге болады.

Сірке қышқылын алайық СН₃СООН. Ол негізінде екі көміртек атомының тізбегінен құрылған. Оны этаннан алуға болады, яғни болмаса, оның негізі этан қышқылы. Демек, оны этанды қышқыл не жәй ғана этан қышқылы деп атауға болады.