Құмырсқа қышқылы. Ол 17 ғасырда қызыл құмырсқадан алынған. Оны күйдіргіш зат ретінде қолданған. Сондай-ақ, көптеген өсімдіктерде кездеседі.
Лабораторияларда хлороформды, не көгерткіш қышқылды гидролиздеу арқылы синтездеді. Өндірісте оның ангидриді іспеттес көмір тотығын сілтімен өңдеп өндіреді.
CO + NaOH --- HOONa Құмырсқа қышқылы өз қатарындағы қышқылдардан күшті және ол теріні күйдіреді.
Ол аса күшті тотықсыздандырғыш, себебі ол тек күшті қышқыл ғана емес ,альдегид те.
Құмырсқа қышқылы мақта , мата , тоқыма, тері өңдеу өнеркәсібінде қолданылады. Ол өзге органикалық қышқылдардан арзан болғандықтан, онымен ұрықтық астықты, сүрлемелі мал азықтарын өңдейді.
Пиропион қышқылы. Оны оксосинтез және қалыпты пропил спиртін тотықтыру арқылы өндіреді.
Пиропион қышқылы. Оны оксосинтез және қалыпты пропил спиртін тотықтыру арқылы өндіреді.
Ол хлорорганикалық гербецидтер, мономерлер мен күрделі эфирлер, еріткіштер алу үшін жұмсалады.
Пропион қышқылымен өңделген дәнді-дақыл ұзақ сақталады.
Оның кальций тұзы нанның ұзақ сақталуына себепкер.
Май қышқылы. Май қышқылы және одан кейінгілер, әсіресе тізбектегі көміртек атомдары жұп болғанда табиғи майларда кездеседі. Құрамында 12-ден 18-ге дейін көміртегі атомдары бар карбон қышқылдарының натрий , кальций, алюминий тұздары жуғыш ұнтақтар ретінде пайдаланылады. Әсіресе, полимитин мен стеарин қышқылдарының маңызы зор.

Акрил және метакрил қышқылдары. Олардың екеуі де аса маңызды мономерлер қатарына орналасқан. Акрил қышқылын акрилонитилді гидролиздеп, сондай –ақ пропилен, не акролейнді тотықтырып алады. Ал, метакрил қышқылын ацетонның циангидриді негізінде өндіреді. Ол әдістердің күллісі дерлік ертеректе қаралған.