Кардиоваскулярлы жүйе физиологиясынан №1 практикалық сабақТЫҢ тапсырмалары: ЖҮрек физиологиясы хаттама құрастыру



бет2/6
Дата22.12.2023
өлшемі111,97 Kb.
#142506
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Атриовентрикуларлық
қақпақшалары жабылады, қан қысымы одан әрі жоғарылайды



Қарыншалардың қан айдау кезеңі

Қарыншадағы қысым көтеріліп

қарыншалардан шығатын қолқа мен өкпе сабауындағы қысымнан асып түскен соң, айшық қакпақшалар ашылып, қан айдау кезеңіне ұласады.



Қарыншалардың изометриялық босансу кезеңі

Қарынша қуысында қысым төмендеп, жүрекшелердегі қысымнан азаяды

Қан айдау кезеңі аяқталысымен
қарынша диастоласы –протодиастола кезеңінде жүрек еті біртіндеп босаңсиды, ал изометрлік босаңсу кезеңінде барлық ет бірден босаңсиды, айшық қақпақшалар
жабылады.





Қарыншалардың тез қанға толу кезеңі

Қысымда айырмашылық болады

Сол кезде қысым айырмашылығынан жақтаулы какпақшалар ашылып, қарыншалар қанға тез толып керіледі



Қарыншалардың баяу қанға толу кезеңі

Қан қысымы теңеседі

Қарынша қанға тола басталысымен, жүрекшелердегі қанның ағуы баяулай бастайды, қан қысымы теңеседі. Жүрекше систоласы басталып, жүрек оралымы қайталанады.

3тапсырма. Электрокардиограммадағы тісшілердің пайда болу механизмдері.


Кардиомиоциттің қозған жері - теріс, ал қозбағаны - оң зарядталған.
Бұл зарядтар қарапайым жүрек диполі болып белгіленеді. Диполь қарапайым электрлік қозғауыш күш (ЭҚК) тудырады. Диполдің ЭҚК - векторлық өлшем. Жүректі - электр өрісін тудыратын және электрокардиографпен тіркелетін жеке жүрек диполі ретінде қарастыруға болады. Дипольдің әрбір векторы теріс полюсінен оң полюсіне бағытталған. Жүректің сол мезгілдегі жинақы векторы, оны құрайтын барлық вектордың алгебралық жиынтығымен анықталады. Егер барлық жекеленген сол мезгілдегі векторларды жинақтаса жүректің орташа нәтижелі векторы алынады (жүректің электрлік осі ). Ол шамамен жүректің анатомиялық осіне сәйкес келеді. Үш стандарттық тіркеу ұштары - оң қол, сол қол, сол аяқ болатын тең қабырғалы үшбұрышты құрайды (Эйнтховен үшбұрышы). Осы үшбұрыштың ортасында жүрек диполінің электрлік орталығы орналасқан. Дені сау адам жүрегінің электрлік осі шамамен 0 ден +900 аралығында орналасады. Жүректің электрлік осінің бағытына көкірек қуысының өлшемі де әсер етеді. Кең және қысқа көкірек қуысында ( дене бітімінің гиперстеникалық типі) ось көлденең (0-290) бағытта. Тар және ұзын көкірек қуысында (гипостеникалық тип) ось 70-900 бұрышта орналасады, яғни тік бағытта. Электр осінің бағыты тістердің мөлшерімен анықталады (стандарттық тіркеудегі R тісімен).
1 тапсырма. Кестені толтыру«Жүрек жұмысына ВЖЖ әсері»





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет