Әсері
|
Парасимпатикалық ж.ж.
|
Симпатикалық ж.ж.
|
хронотроптық әсер
|
теріс хронотроптық әсер – автоматиялық қасиетін төмендетеді, яғни соғуын азайтады;
|
оң хронотроптық әсер – автоматиялық қасиетін жоғарылатады, яғни соғуын жиілетеді;
|
инотроптық әсер
|
теріс инотроптық әсер - жиырылу күшін төмендетеді;
|
оң инотроптық әсер - жиырылу күшін жоғарылатады;
|
дромотроптық әсер
|
теріс дромотроптық әсер - жүрек етінің қозу өткізгіштігін төмендетеді;
|
оң дромотроптық әсер - жүрек етінің қозу өткізгіштігін жоғарылатады;
|
батмотроптық әсер
|
теріс батмотроптық әсер - қозғыштығын төмендетеді;
|
оң батмотроптық әсер - қозғыштығын жоғарылатады;
|
тонотроптық әсер
|
теріс тонотроптық әсер - жүрек етінің тонусын төмендетеді.
|
оң тонотроптық әсер - жүрек етінің тонусын жоғарылатады
|
Рефлексогендік аландар/ орналасуы
|
Жүрекке әсері
|
Қантамырларға әсері
|
Өкпе тамырларының алаңы.
Өкпе артериясының бұтақтанып, екіге бөлінген жерінде орналасқан.
|
Жүрек қызметі баяулап, қан қысымы төмендейді
|
Рефлекстер қан тамырын қозғалатын орталықтың айналадағы жағдайға тез бейімделуін қамтамасыз етеді.
|
Қолқа алаңы.
Қолқа доғасында қан қысымындағы өзгерістерді қабылдайтын қабылдағыштар бар, олар депрессор атты сезімтал жүйкенің ұштары.
|
Қолқа маңындағы барорецепторлардың қозуынан туған тамырлық рефлекстер жүрек қызметін өзгертіп , жүйелік қан қысымының тұрақтылығын сақтайды.
|
Қолқа маңындағы барорецепторлардың қозуынан туған тамырлық рефлекстер қан тамырлары саңылауын тарылтып кеңейтеді.
|
Бейнбридж алаңы.
Екі үлкен қуысты венаның оң жүрекшеге құйылар жерінде барорецепторлар мен волюрецепторлар орналасқан.
|
Жүрек қызметін күшейтедіде тежейтін орталықтың тонусын төмендетеді.
|
Пайда болған серпіністер жұлын арқылы сопақша миға барып жүрек қызметін тежейтін орталықтың тонусын төмендетеді.
|
|