Қан ағысын шапшаңдатады.
4.Өкпе тамырларының алаңы, өкпе артериясының бұтақтанып,екіге бөлінген жерінде орналасқан.
|
Өкпеге баратын қан мөлшері азайып,қанның іркілуі тоқтайды.
|
№ 3 тапсырма.Кестені толтыру «Қантамырлардің өзіндік рефлекторлы реттелуі»
Рецепторорлардың орналасуы
|
Қантамырларға әсері
|
1.Аорталды(Цион)
|
Қантамырлар тарылады.
|
2.Синокаротидті
|
Қантамырлары тарылып,ондағы қысым рефлекстік түрде көтеріледі.
|
3.Жүректік(Бейнбридж аймағы)
|
Қан ағысын шапшаңдатады.
|
№ 4тапсырма. Қантамырлар қызметінің гуморальды реттелуі.
Вещество
|
Қантамырларға әсері
|
1.Адреналин
|
α-адренорецепторлармен әрекеттессе,қаңқа еттерінің артериолалары тарылады,ал β-адренорецепторлармен әрекеттессе қан тамырларын кеңейтеді.
|
2.Норадреналин
|
Әсері әрекеттесетін адренорецепторлардың түріне байланысты.Көбіне β-адренорецепторлармен әрекеттеседі.
|
3.Вазопрессин,яғни АДГ
|
Қалыпты мөлшерде қан тамырларына әсер ете алмайды,әсер ету үшін қандағы деңгейін жоғарылату керек.Бұл артериолаларды тарылтады.Вазопрессин әсіресе қан қысымы төмендеген кезде көбірек бөлінеді.
|
4.Ренин
|
Қан тамырын қатты тарылтады және норадреналин медиаторының бөлінуін жеңілдетеді.
|
5.Серотонин
|
Аз мөлшерде ол қан тамырын тарылтады,капияллярдың эндотелиін ісіндіреді,ал серотонин көбейіе кетсе,қан тамырларын кеңейтеді,бірақ бұл әсер ұзаққа созылмайды.
|
6.Простагландин
|
Қан тамырларын,әсіресе артериолаларды кеңейтеді
|
7.Ацетилхолин
|
Артерия мен венаны кеңейтеді.
|
8.Гистамин
|
Капиллярларды,венула,вена түктерін кеңейтеді,мұнымен бірге капиллярлар мен венулалар қабырғасын селдіретіп,заттардың өтуін жеделтеді.
|
9.Брадикинин
|
Қан тамырларын кеңейтеді.
|
10.Тканьде жиналатын көптеген метоболиттер-CO2,H+,сүт қышқылы,АТФ,АДФ,АМФ,K+ иондары
|
Бұлардың бәрі де қан тамырларын кеңейтеді.
|
№ 5 тапсырма . Гемодинамика параметрлерінің кейбір көрсеткіштерін есептеу
Жұмысқа қажетті:
1. Пальпация әдісімен ЖЖЖ есептеу. Зерттелушінің эмоционалды реакциясын шеттеу мақсатында, есептеуді бірден емес ,тамырды қысқаннан кейін 30 сек, кейін жүргізеді.
2. Коротков әдісімен қан қысымын анықтау.. Систолалық (СҚ) және диастолалық (ДҚ) кысымның көлемін анықтау.
СҚ 130
ДҚ 90
Савицкий бойынша гемодинамиканы есептеу
А. ОДҚ есептеу.
ПҚ- пульстық қысымды, және ОДҚ орташа динамикалық қысымды формула бойынша есептейді:
. ПҚ=СҚ-ДҚ(мм.с.б.б.)
ОДҚ=ПҚ/3+ДҚ (мм.с.б.б.)
Сау адамдарда ПҚ 35-тен 55-ке шейінгі мм с.б.б. арасында ауытқиды. Онымен жүректің жиырылғыштық қасиеті байланысты.
Орташа динамикалық қысым (ОДҚ) прекапиллярлардағы қанайналымды көрсетеді, бұл өзінше бір қанайналым жүйесінің потенциалы, ол тіндер капиллярына түсетін қан жылдамдығын анықтайды.
ОДҚ жасы ұлғайған сайын 85-тен 110-ға шейін мм с.б.б. жоғарлайды. Әдебиеттерде ОДҚ -70 мм с.б.б. төмен болса онда гипотония деп, 110 мм с.б.б. жоғары болса — гипертония деп жазылған. АҚ ең тұрақты көрсеткіші болып, ОДҚ түрлі әсерлерден азғантай ғана өзгереді. Физикалық жүктеме кезінде ОДҚ-ның өзгерісі 5-10 мм с.б.б. жоғарламайды, ал ОҚ бұл жағдайда 15-30 мм с.б.б. жоғарлайды. ОДҚ-ның өзгерісі, 5-10 мм с.б.б. жоғары болса, онда бұл қанайналым жүйесінің бастапқы кезеңінің бұзылысы болып табылады.
Нәтижесі:
ПҚ= 130-90=40мм.с.б.б
ОДҚ= 40:3+90=103мм.с.б.б
Қорытынды:Пульстық қысым мен орташа динамикалық қысым менде сау адамның қалыпты жағдайын көрсетіп отыр.
Б. СҚКмен МҚК
Систолалық қанайналым көлемі (СҚК), немесе систолалық лақтырылыс (қанның соққылық көлемі) жүрекпен систола кезінде лақтырылатын қан көлемімен анықталады,. Бұл көлем жүректің жиырылғыштық функциясын көрсетеді.
Қан айналымның минуттық көлемі (жүректің минуттық көлемі немесе жүректік лақтырылыс) бұл жүрекпен 1 минут ішінде лақтырылатын қан көлемі.
Клиникада қантамырлар арқылы жүрекке катетер кіргізіп, тікелей МҚК –ң және СҚК аңықтауға болады. Лабораторияларда реография әдісін пайдаланады.. Бұл әдіс адам денесі арқылы өтетін өте жиі электр тоғына тіндердің электрлік кедергілері өзгерісін тіркеуге негізделген. Бұл өзгерістер жүрек систоласы кезінде тіндер мен мүшелердің қанға толуынан электр кедергісінің азаюына байланысты.
: СҚК пен МҚК анықтау Старра формуласы бойынша, СҚ,ПҚ,ДҚ, ЖЖЖ көрсеткіштерін зерттелетін адамның жастық ерекшелігін ескере отырып есептеледі:
СК= 101 + 0,5•ПҚ ― 0,6•ДҚ ― 0,6•Ж
Мұнда ПҚ және ДҚ ― пульстық және диастолалық кысым мм.с.б.б.., Ж― жасы
7-15 жастағы балалардың соққы көлемін есептеу үшін модифицир. (Н.А.Романцева, Н.С.Пугина): Старр формуласын колданады
СК = 40 + 0,5•ПҚ ― 0,6•ДҚ + 3,2•А
Минуттық қан көлемің есептеу формуласы:
МҚК= СК•ЖЖЖ
мұнда СҚК- қанның систолалық көлемі, ЖЖЖ –жүрек жиырылуының жиілігі немесе пульстік жиілік.
Тыныштықта сау адамда МҚК орташа 4,5-5 л тең. Физикалық жүктеме кезінде МҚК 4-6 есе өседі. Сау адамдарда МҚК жоғарлауы СҚК-ның жоғарлауына байланысты.
Жаттықпаған мен науқастарда МҚК жүрек ырғағының жиілеуіне байланысты жоғарлайды.
Артериалық қысымды өлшеп МҚҚ және СҚ анықтаныз.
Нәтижесі:
СҚ(ҚСК) = 101+0,5×40-0,6×90-0,6×17=56,8~60
МҚК= 60×75=4500,немесе 4,5 л
Корытынды: МҚК менде сау адамның көрсеткішін көрсетіп тұр.
Орындаған студент:Айтуганова Мадина
Топ:21-022-1
Факультет:ФӨТ
Тақырып қабылданды, мерзімі
|
___________оқытушының қолы
|
Достарыңызбен бөлісу: |