Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет60/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   305
БЕЛЫЙ КАМЕНЬ – сай, Солоновка а.о. Тастың түсіне қатысты 
қойылған атау[123].
БЕРГІӘТЕЙ – Алтынбел а.о. Антропотопоним[137].
БЕРГІЖОН – ж.а., Катонқарағай а.о. Мал шаруашылығы өнімдерін 
елді мекенге алып келуде аса қиындық тудырмайтын, жаз мезгіліндегі 
жайылым, жайлау, жон. М.: Соятын, сауатын малдар баққан[159].
БЕРЕЗОВКА – ауыл, Солдатова а.о. М.1: Қайыңдар көп өскендіктен 
солай атаған. Жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді[127]. М.2: В 
селе Березовке «полк завязал бой», в результате которого белые покинули 
село, «и бежали дальше, в сторону монгольской границы»[167,217с.].
БЕРЕЗОВКА – қыстау, Новохайрузовка а.о. Қыстау орналасқан 
жерде қайың ағашы көп болғандықтан қойылған атау[144].
БЕРЕЗОВКА – өзен, Солдатова а.о. Өзен бойы өсіп тұрған қайың 
ағашы болғандықтан қойылған атау. М.: Березовка өзені үшке бөлінеді: 
алдыңғы Березовка, ортаңғы Березовка, төменгі Березовка болып[128].
БЕРЕЗОВЫЙ – жазық, Ақсу а.о. М.: Ол жерде қайыңдар өте көп. 
Соған байланысты шыққан атау болуы керек[93].
БЕРЕЛ – ауыл, Берел а.о. Кейбір түркітанушы ғалымдардың пікіріне 
сүйенсек, атау екі компоненттен құралған: Бері және ел «бері» сөзі 
Қашқари сөздігінде субьектіге жақын орналасқан зат мағынасында 
сипатталады [62,583б.]. Алтай өңірі ежелден бері түркілердің ата мекені 
екені белгілі. Сол замандарда Алтай тауының арғы беті мен бергі бетінде 


84
орналасқан халық, Алтайдың бергі бетін жайлаған халықтың жерлерін 
«Бергі ел» деп атап, кейін ол тіркес өзара кірігіп «Берел» аталса керек 
[94].
БЕРЕЛ – қорым, Берел а.о. Берел өзеніне жақын орналасқандықтан 
өзен атауын иеленген.
 Берел қорымы – сақ дәуірінен сақталған тарихи 
ескерткіш. Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 – 8 км жерде 
орналасқан. Қорым солтүстігінде Берел және Бұқтырма өзендерінің 
қосылған жерімен, оңтүстігінде Қансу өзенімен, ал батысы мен 
шығысында таулармен шектелген Бұқтырма өзенінің оң жағасындағы 
алаңда орналасқан. М.1.: «Бұқтырма өзенінің таңғажайып тамаша 
жағалауына, Листвяга жотасының етегінде орналасан Берел 
қорымы әлем мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосқан...»[35,9б.]. 
М.2: Алтайдағы Берел қорымы, бұл жердегі обалардан табылған 
ғажайып заттар да осы скиф- сақтардың әлемді таңдай қақтырған 
қайталанбас өнерінің жалғасы болып отыр[7,114б.]. М.3: Шығыс 
Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімшілік аумағында, 
Ресей, Монғолия мен Қытай мемлекеттері шекараларының түйіскен 
жерінде орналасқан [82,14б.]. М.4: Берел қорымы жан-жағын биік 
тау қоршаған тегіс және шағын алқапта орналасқан. Бұқтырма 
өзенінің жағасы, оған құятын Бұқтырма өзенінің жағасы, оған құятын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет