Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет218/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

СУАҒАРТАС – тұма, М.:Қамысты деген жердегі тас арасынан 
шығып жатқан тұма[149]
 .
СУХОЙМАЙЕМЕР – тау, Солдатова а.о. Орыс тілінің әсерінен 
қалыптасқан атау. Бірінші компоненті орыс тілінде, екінші компоненті 
қазақ тілінде берілген. Атаудың ішкі мағынасы сол кездегі сөйлеу тілінің 
болмысын береді. «Сухой» сөзі орыс тілінен аударғанда «құрғақ» 
деген мағына береді. «Майемер» қазақтың жалпақ тіліндегі тау атауы. 
Майемер тауының бір жотасына кеңес тұсында берілген атау. М: 
Майемер тауының жотасы[195].
СУЫҚБАСТАУ – ж.а., Алтынбел а.о. Суық және бастау сөздерінің 
тіркесуі арқылы жасалған жер аты болып табылады. О баста гидронимдік 
термин болған сөз кейін келе жер атын сипаттауға ойысқан. Яғни 
өңірде орын алған суық бастау жер атының қалыптасуына негіз болған. 
Бұл тәсіл қазақ тілінде жер-су атауларын қалыптастыруда кеңінен 
қолданылады [138].
СУЫҚСАЙ – қыстау, тарихи атау, Солдатова а.о. Суық (сын 
есім) және сай (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Суық» 
сын есім сөз табына жататын сөз «үлкен жыра, аңғар, ойпаң жер, 
қолат» [54,538б.] мағынасындағы географиялық терминмен бірігіп, 
жер атауының қалыптасуына негіз болған. Сайдың жанға жайсыз 
суық, үнемі суық ызғар соғып тұруына байланысты қалыптасқан. 
М.: -Ей, а-ғ-а, - деді Құмекең созып, - атаңның аузын ұрайын, 
Балтабай молла Суықсайдағы маяның түбіне құрған қақпанымды 
да, қақпаным қапқан елігімді де шанасына тиеп алып кетті. Соның 
ізін шалып келемін. Сіздің алдыңыздан шыққан жоқ па? [20,94 б.]; 
[127].


238
СУЫҚСАЙ – сай, Ақсу а.о. Суық (сын есім) және сай (зат есім) 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Суық» сын есім сөз табына жататын 
сөз «үлкен жыра, аңғар, ойпаң жер, қолат» [54,538б.] мағынасындағы 
географиялық терминмен бірігіп, жер атауының қалыптасуына негіз 
болған. Сайдың жанға жайсыз суық, үнемі суық ызғар соғып тұруына 
байланысты қалыптасқан. М: Ол жерде үнемі ызғырық жел соғып 
тұрған. Оның жоғары жағында зират болған. Біздің бала кезімізде 
онда шайтан бар деп айтатын. Ол жерде шайтан бар деп ойлаған [93].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет