235
СИМЕНСОП - сай, Өрел а.о. Антропотопоним. Орыс тілінен енген
атау. Семенсов деген кісінің атына берліген жер аты.
М: Күртіден ары,
таудың үстіндегі сай [100].
СИЫРӨТКЕЛ – өткел, Өрел а.о. Сиыр (зат есім) және өткел (зат
есім) сөздерінің бірігуі арқылы қалыптасқан атау. Аталған өткелден
өту кезінде малдардың құлап кетуіне байланысты берілген атау.
М: Бұл
жерге көп малдар түскеннен кейін жер қазылған сияқты көрінеді[100].
СКОТОИМПОРТ – жол, Өрел а.о. Кірме қабатқа жататын атау.
Кеңес кезеңінде өңірден сыртқа жіберілетін малды жинайтын жер
болған. Орыс тіліндегі қолданысымен аталып кеткен.
М1: Күртіден
Көктасқа дейінгі жол. [100]. М2: Моңғолиядан төрт түлік мал
айдалынылып, Семейге жеткізіліп отырған[137].
СОГОРНОЕ - е.м., Катонқарағай ауд., Кірме қабатқа жататын атау.
Орыс тілінде кісі тегінен қалыптасқан. М.: Қазақша мағынасы «Батпақты,
сазды жерде орналасқан ауыл» дегенді білдіретін атау[166,167б.].
Достарыңызбен бөлісу: