.];М:2. Сұлушоқы әдемі шоқы, әр жағы тағы бір шоқы бар. Екеуін Қосшоқы деп атаған[153].
СҰЛУШОҚЫ – шоқы, жайылым. Басында сұлулық беріп тұрған үлкен екі тас атауға уәж болған.. М.:Сұлушоқы Тасшоқымен қатар орналасқан, биіктіктері де шамалас- егіз шоқылар, Жаңаүлгіге қарайды. Төменгі жағы орман шырша, қарағай, балқарағай аралас, бұта қараған, көкбояу, қарақат, бас жағы тас. Осы екі шоқының арасы марал қоршауы (сатысы) Қанай өзенінің басында марал шаруашылығы қыстауын жем- шөппен қамтамасыз ету, панты кесу, өңдеу, кептіру, басқармасы орналасқан[99].
СҮНДЕТСАЙ – аңғар, Солдатово а.о. Сүндет (зат есім) және сай (зат
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Атаудың қалыптасуына
өңірде орын алған оқиға негіз болған. М.: Қазақтар оны сүндетке отырғызып, бауырына салған. Бұл аңғардың бұрынғы аты Сүндетсай, Пешүй деген селоның аты да содан қалған[171,333б.].
СЫРОЙМАЙЕМЕР – тау, Солдатова а.о. Орыс тілінің әсерінен
қалыптасқан атау. Бірінші компоненті орыс тілінде, екінші компоненті
қазақ тілінде берілген. Атаудың ішкі мағынасы сол кездегі сөйлеу
тілінің болмысын береді. «Сырой» орыс тілінен аударғанда «ылғалды»
деген мағына береді. «Майемер» қазақтың жалпақ тіліндегі тау атауы.
Майемер тауының бір жотасына кеңес тұсында берілген атау болып
табылады. М: Майемер тауының жотасы[195].
СЫРТ – тау, Өрел а.о. Географиялық атау ретінде көне түркі
заманынан бері қолданылып келе жатқан термин. Көне түркі тілінде
«сирт – төбе» мағынасында қолданылған. Түркі тілдерінің оғыз-қыпшақ
топтарында жер атауы, қала атауы ретінде қазіргі қолданыста бар.
Мәселен, тува тілінде Сирт қаласы, Ак-Сирт елді мекен, түрік тілінде
Сирт қаласы атаулары кездеседі. Қазіргі тува тілінде «сирт (сырт) –
таудың жалы, жотасы, арқа тұсы» деген мағына береді. Қазіргі қырғыз
тілінде «сырт – алыс мекен, арғы жақ, таудың жалы» ретінде қолданыс
тапқан. Тофа тілінде «сырт – таудың жалы, төбе» мағынасында,
әзербайжан тілінде «сырт – жал, бірдеңенің жоғарғы жағы, жазық
жал» мағынасында қолданылады. Басқа түркі тілдерінде ұзаққа
созылып жатқан, аласа келген жайдақ төбе, су айрығы, өзен айрығы,
биік таулы белдеудегі түйдек-түйдек кішкене төбешіктер мағынасында
қолданылады[75,113б.] Көне және қазіргі түркі тілдерінде жер атын
241
қалыптастыруда қолданылған географиялық термин қазақ тілінде де
тау атын қалыптастырып тұр[131].
ТАБАКОВАКЛЮЧ – сай, Солоновка а.о. Орыс тілінің әсерінен
қалыптасқан атау. Екі компоненттен құралған атаудың бірінші
компоненті кісі атына байланысты болса, екінші компоненті орыс
тілінде «көз, бұлақ» мағынасын беретін сөз. Яғни атау Табактың бұлағы
мағынасын береді[123].