ТАЛОКОНЦЕВА – тау,Солдатова а.о. Антропотопоним. Орыс
тілінен енген кірме атау. М: Майемер мен тасты тауды бөліп тұратын тау атуы. [128].
ТАЛТАҚ – бұлақ, Аққайнар а.о. Атаудың қалыптасуына бұлақтың
сыртқы көрінісі негіз болған. Бір жерден екі арнамен ағып шығатын
бұлақты сыртқы көрінісіне қарап, «Талтақ» деп атаса керек. М: Тихойдан шығатын бұлақ аты[152].
ТАЛТОҒАЙ – ж.а., Жамбыл а.о. Тал (зат есім) және тоғай (зат есім)
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Өңірдің орманы, талы, тоғайы
көп болуын ерекше белгі ретінде көрсету үшін қалыптасқан атау [120].
ТАМИЛЛОВА –бұлақ, Солоновка а.о. Антропотопоним. Орыс
тілінен енген кірме атау[123].
ТАҢАТАР – асу, Өрел а.о. Антропотопоним. М1.: Мен әкемнің қалай қорыққанын, Таңатар асуының аузында өлген кісінің кім екенін сұрағаным жоқ. Біз асудың үстіне шыққанда, арғы беттің бар бітімі алақандағыдай боп жарқырай көрінді [21,140б.]. М:2. Таңатар асының үстінде сөнбей жылтырап қалған от әлі де есімнен шықпай келеді [20,229б.].
ТАҢАТАР – ж.а., Өрел а.о. Антропотопоним. М.: Қабаның арғы шетінде мекендеген Таңатар деген адам болған, соның атымен аталған. [154].
ТАҢАТАР ТАСЫ – ж.а., Өрел а.о. Антропотопоним. М1.: Кейін білдік, жол торыған қашқын қазақтар Таңатарды өлтіріп атын алыпты, сол түні әкем арманда кеткен арыстың сүйегін арулап қойып, өзі кері елге қайтты; сол күннен бастап мынау жер Таңатар тасы атанды, ал мен тұңғыш рет өлген адамды көрдім. Ал әкем арғы бет десе ат-тонын ала қашатын болды. Кіні бүгінге дейін ойлаймын. Таңатар жаңа заманның жақсылығын түсіне алмай ерте кетті арамыздан, ал ондай тіректі адамдарымыздың қаншасынан айрылдық, қаншасын оққа байлап бердік десеңізші, егер олар жер басып жүрсе