Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет224/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

САРЫТАҚТАЙ - Катонқарағай а.о. 1-н: Мойылды ауылына 
Катонқарағай ауылынан төте жолмен бара жатқандағы кезеңде қора 
бар. Сол қораның тақтайының түсіне қатысты аталуы мүмкін. 2-н: 
Бұдан шығатын қорытынды, Сартақтай топонимдік атау мағынасы – 
кең, тегіс, кішкене жазық дала. з ат. Бөренені тіліп әзірленетін екі жағы 
тегіс, жұқа ағаш, құрылыс материалы [55, 638 б.]. М.1: Терісбұлақ 
маңайында, Қызылқойдан кейін орналасқан[98]. М.2Жамбыл, Аршаты, 
Сартақтай, Тихой жайлаулары рухани сусынын бір қандырды[25,104б.].
ТАҚТАЙЖҰРТ – ж.а. Өрел а.о. Атаудың бірінші компоненті 
«Тақтай – бөренені тіліп әзірленетін екі жағы түзу, тегіс жұқа ағаш, 
құрылыс материалы» [55, 638б.] болып табылады. Тақтай сөзінің ішкі 
мағынасындағы тузу, тегіс деген белгісі атаудың түзілуіне негіз болған. 
Ал атаудың екінші компоненті «жұрт» сөзі халықтың қоныстанған 
мекені мағынасында қолданылып тұр. Яғни жердің тақтайдай түзу, 
тегіс болып келуінен қалыптасқан атау. М: Ертеректе қымызды ауыл 
деп те атайтын[109].
ТАҚТАЙЖҰРТ – жайлау, Алтынбел а.о. Аталған атау бұдан басқа 
екі ауылдық округта кездеседі. Барлығы да бір мағына береді. М: 
Тақтайдай түзу жер[139].
ТАҚТАЙЖҰРТ – жайлау, Өрел а.о. Антропотопоним болуы мүмкін. 
Аталған атау бұдан басқа екі ауылдық округта кездеседі. Барлығы да 
бір мағына береді. М1.: Жердің ыңғайына байланысты қойылған атау 
[118.]. М2.: Тақтайжұрты тұрған жер болғандықтан, жер атауы да 
Тақтайжұрт делініп кеткен [119].
ТАҚЫР – жайлау, Қатонқарағай а.о. «Тақыр» сөзі қазақ әдеби тілінің 
сөздігінде «географиялық термин, шөл, шөлейтті өңірлерде өсімдік 
өспейтін қуқыл жер» деп сипатталады» [55, 643 б.]. Олай болатын болса, 


244
атау негізгі сөздік қорда орын алатын сөзден қалыптасып, жайлаудың 
өсімдікке жұтаң, ештеңе өспейтін жер екенін ерекше белгі ретінде 
көрсету арқылы қалыптасқан[148].
ТАЛДЫ – ж.а., Өрел а.о. Негізгі сөздік қордағы «тал» сөзіне «-ды» 
сын есім турдырушы (топоним турдырушы деп те атауға болады) 
жұрнағының жалғануы арқылы қалыптасқан атау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет