250
көне түркі тілдерінің Саян тобына жатады. Өз тілінде сөз ортасындағы
«д» дыбысының қолданысын сақтайтын топқа жатады. Бұл тілде көне
түркі тілдерінің белгілерімен қатар көне алтай тілдерінің де белгілері
сақталып келеді. Негізгі алтай тілін сақтап келген Оңтүстік Алтай
диалектілері (Телеуіт, Телеңгіт) сөз ортасы «й» дыбысының қолданысын
қабылдаған тілдер қатарына және «тау» сөзін «ту – тулу», яғни «тау –
таулы» тұлғасында қолданатын тілдер тобына жатады. Алтайлықтардың
тілінде тау сөзі – ту болғанына қарамастан, «Алтай» топонимінің
құрамында «тай» формасында қолданыс табуы алтай дәуірінің ізі
деп ойлаймыз. Олай болса, «
Тарбағатай» атауының құрамындағы
«тай» компоненті «тау» мағынасын беретін толыққанды сөз екені дау
тудырмайды. Сондай-ақ, монғол тілінен енген кірме атау емес, көне
алтай дәуірінің белгілерін сақтай отырып, өте ежелде қалыптасқан
көне қабатқа жататындығын білдіреді.
М:1. Аман Аспанов Тарбағатай
тауының алқымына ілінгенде, ат құлағы көрінбейтін қалың боран
басталған еді[23,83б.].
М2.: Тарбағатай тауының қойнауында елден
ерек отау тігіп, жалғыз-жарым қазақтың қоныс тебуі бұл өңірге
таңсық емес, күн ертең өз бастарына келер туасы қылықтар[21,19 б.].
Достарыңызбен бөлісу: