251
ТАРПАҢ – шабындық. Бұл жердің шаруаға қолайсыздау, жайсыздау
болғанына қатысты қойылуы мүмкін.
М.: Бұлақтар, қарақат, таңқурай,
бүлдірген, рауғаш, емдік шөптер бар[99].
ТАРТАС – ж.а., Аққайнар а.о. Тар (сын есім) және тас (зат
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Жердің тасты болып
келуі атауды қалптастырушы негізгі белгі болып табылады. Яғни
тастан жасалған құрылыстың, жолдың, қорғанның кіретін жері тар
болғандықтан, берілген атау болуы мүмкін [124].
ТАРЫ – жайылым. Катонқарағай а.о. Кезінде тары өсімдігі өсіріліп,
мол өнім алынған.
М.: Кезең мен Үшкіртау арасындағы таулы сілемдер,
ауыл малы жайылатын жер. Бұқтырма өзенінің жағалауы[99].
Достарыңызбен бөлісу: