ТАСТЫБҰЛАҚ – бұлақ, Өрел а.о. Тасты және бұлақ сөздерінің
бірігуі арқылы жасалған атау. Атаудың бірінші компоненті «тасты»
сын есім тұлғасындағы сөз, яғни «-ты» зат есімге сын есім тудырушы
жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Екінші компонент – қазақ тілінің
топонимжасам жүйесінде жиі кездесетін «бұлақ» деген гидронимдік
термин. Бұлақтың маңайы тасты болып келуі, топоним жасауда басты
белгі ретінде танылып, атаудың қалыптасуына негіз болған[118].
ТАСШОҚЫ – жартас, Өрел а.о. Тас (зат есім) және шоқы (зат есім)
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Шоқының тастақ болып келуі
атаудың қалыптасуына негіз болған. М:1. Баяғы жартас, бір жартас, ұшы найзадай көкке шаншылып, ешкіммен жұмысы жоқ, сойдиып тұра беретін. Қысы-жазы бойына қылау жұқтырмай қап-қара боп қасқайып тұрған Тасшоқы кейде осы өңірдің сақшы сарбазына да ұқсап кететін[8,105б.]. М:2. Мұқырдың өзге ауылдан бір ерекшелігі бар болса, ол сірә ауылдың күншығыс төрінде шошайған қара жартас болар. Бұл қара жартасты мұқырлықтар Тасшоқы деп атайтын. Тасшоқының нешеме жыл, қаншама ғасыр дәл өстіп шошайып тұрғаны бір құдайға аян[8,105б.]. М:3. Тасшоқының үстінде отырған Қойшы етекте тұнып жатқан қою мұнардан көзін жылыстатып әкете беріп еді, қосқа қарай беттеп барған сыбай атты жолаушыны көрді[20,37б.].
ТАСШОҚЫ – тау, Ақсу а.о. Тас (зат есім) және шоқы (зат есім)
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Шоқының тастақ болып келуі
атаудың қалыптасуына негіз болған. М:1. Тасшоқының үстінде отырған Қойшы өткен қыстың бір тәулігін осылайша еске түсірді де, ауыр күрсінді: Сосын көз алдына тағы да мұғалима қыз елестеді [20,366б.]. М:2. Алғашқы кезде «Тасшоқы» деп аталатын кішкентай тау-төбешіктің түбіне дейін барып ары қарай қалың орманның арасынан өте алмай кері қайтады. Міне, осы «Тасшоқы» тауына дейінгі жолдың өзі де бір күншілік жер деп айта аламыз[71,120б.].
М:3. Шегірткенің бірқалыпты шырылы, құлақтан ызың етіп өте шығатын ұшқыш монтаны қоңыз ендігі тізгінді өздері алған секілді. Сонада Тасшоқының бауырында мамықталып тұман шөгіп жатыр [25,40 б.]. М:4. Тасшоқы өңірдің көзге көрініп тұрған тауларының биігі. Картада биіктігі 2392 м деп көрсетілген. Жер-судың бәрінің
254
дерлік екі түрлі атауы бар, біреуі орысша, біреуі қазақша. Картада ресми орысшасы қабылданып кеткен. Сөйтіп, ежелгі түркі елінің