Катон-Верстка-01. indd


ТОМАРЛЫ – жайлау, Алтынбел а.о



Pdf көрінісі
бет245/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ТОМАРЛЫ – жайлау, Алтынбел а.о. Атау томар сөзіне «-лы» сын 
есім тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Қазақ әдеби 
тілінің сөздігінде «томар» сөзіне «1. Кесілген ағаштың кепкен түбірі; 
2. Отқа жағу үшін жарылған бөрененің кесіндісі; 3. Түп-түп боп, 
үсті-үстіне шөп өскен қопалы жер» [56,254б.] тәрізді анықтамалар 
берілген. Аталған атауда бұл тұжырымдардың үшінші негіз болған 
деген пікірдеміз[138].
ТОПАР – ж.а., Катонқарағай ауд., Атаудың қалыптасуына бірнеше 
мағынасы бар «топар» сөзінің бір мағынасы негіз болған. Мәселен, 
«1. Топ, жиын; 2. Қойдың тұяқ ауруы; 3. Жүзі бар заттың жүзі өтпей 
қалуы» [56,475 б.] деген мағына беретін сөздің ең бірінші мағынасы 
атау қалыптастыруға негіз болған деп ойлаймыз. Яғни, топ – жиын 
болса, топ жиын өтетін жер ретінде сипатталып, кейін келе жер атына 
ойысуы мүмкін. М.: Тура өкпедегі Топарға түсіп, Бұқтырманы атпен 
кешіп өтіңдер[170,25
б.].
ТОПҚАЙЫҢ – ауыл, Белқарағай а.о. Атау топ (зат есім) және 
қайың (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атаудың 
қалыптасуына өңірдегі топ-топ болып, топтасып өскен қайың 
ағаштарының сыртқы көрінісі, табиғи ерекшелігі негіз болған. М:1. 
«Алда тұрған – «Топқайың», Басқа жерге соқпайын, Өз інімнің аулы 
деп, «Топ қайыңға» тоқтайын» [41,330б.]. М:2. Әлібек Қаңтарбаев. 1947 
жылы Катонқарағай ауданы Топқайың ауылында туған[2,311б.]. М:3. 
Катонқарағай ауданы Топқайың селосында мұғалім болды[2,254б.]. 
М:4. Әне, мұқым Топқайың ауылы (ертеректе Қуқарағай аталған) 


264
қарадомалақтыларының көк талды ат қып мініп, бозбалалыққа 
дайындалар алаңы іспеттес Бүркіт суының, Күлмес өзенінің 
аңғары; әне, жеті жасар Қалихан мен Айдарханның («Қоңыр күз 
еді») құбылаға бет бұрып, қанды қасапқа аттанып бара жатқан 
әке-ағаларын ботай боздай қуалай барып топырақ қауып, зар еңіреп 
қалатын Қырғи мойнағы [40,105б.]. М:5. Әлгі сөз қамшы болды ма 
5-6 мамыр шамасында тартып отырып Таңба ауылындағы үйге 
жеттім. Қайта келген соң комсомол билетімді қайтадан алдым. 
Содан кейін мені Топқайыңдағы «Аманкелді» колхозына есепші ғып 
жіберді[3,85б.]. М:6. - Қайдан жүрсің дерің бар ма... Осы өзіміздің 
Топқайыңда жүріп жатырмын. Сиыр фермасында жұмыс істеп 
жүрмін.,-деп қойды[168,240б
.]. М:7. Біздің Топқайыңға «Алты таздың 
ауылы» деп ат тағып кеткен жездеміз Садық еді[170,63б.]. М:8. 
Топқайың деп аталатын жарылғастар кешегі Черняховский дейтұғын 
үлкен совхоздың бөлімшесі еді. Черняховскийдің генерал екенін біреу 
білер, біреу білмес[170,98б
.]. М:9. 1930 жылдары құрылған ауыл. Бұл 
жерде топ-топ қайыңдар өскен. Сол себепті солай айтқан. Қонқай 
тауының баурайына орналастырған [103]. М:10. Біздің ауыл 1920 жылы 
құрылды. Ауыл тұрғындары – көшпенді қазақтар болды. Олар негізінен 
юрталарда тұрды. 1930 жылы артель құрылды, ал 1934 жылы 
Топқайың қолхозы құрылды. Колхоздың ең алғашқы председательі – 
Мамырханов Жангудей. 1941 жылы колхоз Амангелді колхозы болып 
ауыстырылды[68]. М:12. Коллективизацияға байланысты осы жердегі 
екі ауылды біріктірген. Ылғи қайыңдар өскен. Әрбір жерде топ-топ 
қайыңдар өскендіктен осы атауды қойған. Негізі Амангелді колхозы 
болып біріккен[134].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет