ТҮКІ – бұлақ, Өрел а.о. Этнотопоним. Ру-тайпа атауына байланысты
қалыптасқан атау. М: Түкі тауынан бастауын алады[100].
ТҮКІ – өзен, Өрел а.о. Этнотопоним. Ру-тайпа атауына байланысты
қалыптасқан атау.М: Түкі өзені Күрті өзеніне барып құяды. Күртіден Бұқтырмаға қосылады[100].
ТҮКІ – тау, Өрел а.о. Этнотопоним. Ру-тайпа атауына байланысты
қалыптасқан атау. М: Екі Ашадан кейін орналасқан. Түкі деген сүйек отырған болуы керек[100].
ТҮЛКІСАЙ – сай. Жамбыл а.о. Түлкі көп жүретін сай[149]. ТҮЛКІТАС – жайлау, Алтынбел а.о. Түлкі (зат есім) және тас (зат
есім) сөздерінің бірігуі арқылы қалыптасқан атау. Түлкі – жабайы
аң, ал тас – таудың қатты жынысы, соның үлкенді-кішілі бөлшектері
қабырғасы [56, 19б.] болып табылады. Атаудың қалыптасуына «түлкі
аңы көп мекендейтін жер» деген белгі негіз болған[143].
ТҮМБІ ӨТКЕЛ – өткел, Өрел а.о. Атау түмбі және өткел сөздерінің
брігуі арқылы жасалған. Өткел – судан, өзеннен кешіп , арғы бетке өтетін
таяз жер [54,245 б.] мағынасын береді. М: Мұқыр өзенінің ағыны осы өткелде аяңдайды. Тұмба өткел деп те аталады [119].
ТҮМЕНБАЙ ДАРАСЫ – ж.а., Катонқарағай а.о. Антропотопоним.
[163];[107].
ТҮРГЕН – өзен, Катонқарағай ауд. Атаудың көне түркі, моңғол
тілдеріне тән екендігі айтылады. Түргентау, Түргенкент атауларының
ортағасырларда жер-су атауы ретінде орын алуы «түрген» сөзінің
көнеден бері жер-су атын қалыптастырушы термин бола алғандығын
дәлелдейді және атау тарихын көне түркі дәуірлеріне дейін апарады.
М:1. Түрген» – түрік сөзі, «тез», «жылдам» деген мағынаны білдіреді. Шоқан өз шығармасында «Түрген – это быстрый» деп жазады. Кәзіргі күнде қазақтар «тез қуды» дегенді «түре қуды» дейді [172].
М:2. Жалғыз Мәкиле дарасы емес, төмендегі Құраған, Түрген, Сақал
273
өзендерінің аңғары, Елеңшадырдың ел көшкендей енсіз қапталы, жоғарыдағы Қапшалдың қапсағай жондары - бәрі-бәрі қазақтың жөңкіле көшіп, жазыла жайлаған жайлаулары болыпты[7,151б.].