265
ТОТЫЙ – ж.а.,
Берел а.о. Антропотопним[120].
ТӨЛЕБАЙ – қыстау, Алтынбел а.о. Антропотопним. М.: Төлебай
атам атымен аталған[138].
ТӨЛЕБАЙ – тау, Алтынбел а.о. Антропотопним. М.: Төлебай атам
атымен аталған тау[138].
ТӨЛЕГЕН БИ КӨҢІ – қыстау, Белқарағай а.о. Антропотопним. М.:
Қаратай-шеруші-дәулет-шоңмұрын-сарғалдақ-кәлім-шеруші (жебетей-
кенже-шағыр-шақа-сатыпалды)-болат [164].
ТӨЛЕГЕНЖҰРТ – ж.а., Өрел а.о. Антропотопним [118].
ТӨЛЕҢГІТ – ж.а., Өрел а.о. Этнотопоним. Ру атауы негізінде
қалыптасқан. М1.: Көктабадан кейін орналасқан[100]. М2.: Қалмақ
атауы секілді, зерттеу керек [118].
ТӨМЕНГІ АРШАТЫ – ж.а., Өрел а.о. Атау төменгі және аршаты
сөздерінің тіркесі арқылы жасалған күрделі атау. Көне түркіден
бүгінге дейінгі барлық түркі тілдерінде жердің көлеміне, орналасу
деңгейіне қарай бас, орта, төменгі немесе астыңғы, үстіңгі, ортаңғы
деп бөлу дәстүрі қалыптасқан. Мұндағы «Аршаты» компоненті дербес
тұрып та жер, су атын сипаттайды. Яғни арша сөзіне «-ты» топоним
тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы қалыптасқан атау. Топоним
құрамындағы «-ты» көне топоним жасаушы жұрнағының өзі атаудың
тарихы өте көнеде жатқандығын дәлелдейді. Атаудың қалыптасуы
Аршаты жерінің халық арасында бас, орта, төменгі деп үшке бөліп атау
дәстүрі қалыптасқан, сол себепті де Төменгі Аршаты атауы қалыптасқан.
М.: Жалпы бұл Оралбек қамай болғанымен, тегі төмендегі Аршаты
жақтан болатын[8,276 б.].
ТӨМЕНГІ ЛАГЕРЬ – ж.а., Жамбыл а.о. Көне түркіден бүгінге
дейінгі барлық түркі тілдерінде жердің көлеміне, орналасу деңгейіне
қарай бас, орта, төменгі немесе астыңғы, үстіңгі, ортаңғы деп бөлу
дәстүрі қалыптасқан. Атау екі компонентті, алайда екінші компонент
«лагерь» сөзі кеңестік кезеңде енген кірме сөз болғандықтан, атауды
салыстырмалы түрде ескі емес деп қарастырамыз[120].
Достарыңызбен бөлісу: