Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет252/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

Түйеқұлаған атайды екен. Көшіп бара жатқан баяғының бір байының 
түйесі жүгімен шатқалға ұшып кеткен секілді[7,26б.].
ТҮЙЕМОЙНАҚ – тау, Өрел а.о. Түйе (зат есім) және мойнақ 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы қалыптасқан атау. Мойнақ
 сөзі 
қазақ әдеби тілінің сөздігінде «1. Құрылыс жұмысы кезінде бөгеттің 
қазаншұқырын су басудан қорғайтын топырақ үйінділі қоршау. 
2. Құрлықтың едәуір ірі бөліктерін, материк пен түбекті өзара 
жалғастыратын және екі су айдынының бір—бірінен ажыратып 
тұратын жіңішке алабы» [53,259б.] мағыналарын береді. Бұл атауды 
қалыптастыруда географиялық нысаннан гөрі жердің сыртқы пішіні 
негіз болса керек. Яғни түйенің мойнына, тау жотасының түйе мойны 
тәрізді боп иілген тұсындағы тіп-тік, құламалы асуды жергілікті халық 
Түйемойнақ деп атаса керек. М: Түйе пішіміне келеді [109].
ТҮЙЕТАС – тас, Жамбыл а.о. Түйе (зат есім) және тас (зат есім) 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Қазақ тілінде тас сөзі топоним 
құрамында келіп, тау, төбе, қатты тау жыныстарынан тұратын биіктік 
мағынасын береді. Көне түркіден бүгінге дейінгі түркі тілдерінде тас/
таш/тош/даш фонетикалық нұсқадағы «тас» сөзі қолданылады. Алтай 
тілінде «таш – тас, тау, төбешік» мағынасында, тува тілінде «даш 
– тас» мағынасында, тофа тілінде «таш – тас, тасты» мағынасында 
қолданылады [78,33б.]. «Түйетас» атауының құрамында келген тастың 
түйе малына ұқсас болып келуі атаудың қалыптасуына негіз болған 
[120].
ТҮЙІСКЕН – жазық, өзен, Аққайнар а.о. Есімше тұлғасындағы 
етістік сөз табынан қалыптасқан атау. Екі өзеннің қосылған жерін «Екі 
өзеннің түйіскен жер», кейін «Түйіскен» деп атап кету нәтижесінде 


272
қалыптасқан атау. М:1. Міне, мен Түйіскеннің тас қайнарының басында 
отырмын. Баяғыда, менің бала күнімде нағашым ылғи да осы жерге 
келіп, жайланып аттан түсіп, еңкейіп осы суық суды рақаттана 
сіміруші еді[9,105б.] М:2. Нағашым қойшы, жыл сайын осы Түйіскеннің 
маңайын жайлайды екен. Марал көліне құятын тау өзендерінің қосылған 
тұсында, анау төменіректе шошайып сол жазда біздің қараша қос 
тұрды. Тау кіндігінен құлап аққан тентек қос өзеннің сарыны әсіресе 
түн баласында өктем естілетін [9,106б.]; М:3. Осы жерде бейіт бар. 
Арыаққан және Беріаққан өзендері осы жерде Бұпамен түйіседі[152].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет