ІЛІБАЙ – жайлау, Өрел а.о. Антропотопоним [154]
ІШКІ АРАЛ – қыстау, Катонқарағай а.о. Атау ішкі (сын есім)
және арал (зат есім) сөздерінің тіркесуі арқылы жасалған. Атаудың
бірінші компоненті ішкі сөзі объектінің субъектіге жақындығын
сипаттаса, арал – жан-жағы сумен қоршалған шағын құрлық [43, 582б.]
ретінде анықталады. Яғни жердің қашықтығын білдіру мақсатында
қалыптасқан атау[159].
ІШКІЖАҚ - Ақсу а.о. Атау ішкі (сын есім) және жақ (зат
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атаудың мағынасы
объектінің субъектіге жақындығын сипаттау мақсатында
қалыптасқан. М.: Бұқтырма аңғарының алыс түкпіріне, «ішкі жақ» деп аталатын Ақсу өзенінің бойы мен Коробиха жақтарға, Шабанбай маңындағы адам аяғы жетпейтін таулы-тасты шатқалдарға азапты жұмыс пен ауыр тірліктен қашқан Колываново-Воскресенск тау-кен зауытының жұмысшылары, солдаттар, раскольниктер, шаруалар, кеңсе қызметкерлері қашып келіп жасырынады. Мұнда келіп орнығып қалған әлгіндей қашқан- пысқандарды кейінірек, Алтайға экспедициямен келіп- кетіп жүрген зерттеуші ғалымдар, патша шенеуніктері жергілікті жердің таулы сипатына қарап, «каменщиктер» деп атап кетеді [9, 12б.].
ЯЗЬ - көл, Өрел а.о. Язь көлі теңіз деңгейінен 1686 метр
биіктікте орналасқан. Одан Язь өзені ағып жатыр, оның үстінен екі
шақырым төмен қарай құлдилаған сарқырамалар бар. Бұл көлдің
тағы бір ерекшелігі - мұнда язь балығы тіршілік етеді. Аталған
көл өз атауын язь балығынан алған. М.: «Кеңді Алтай тарихы жайлы очерктерінде» Язовая ауылы жоқ, бірақ Берел ауылы бар, сонымен қоса, Малая Красноярка (Кіші Нарымның орнына). В.В. Толочкода Осочихи жоқ, бірақ Берел мен Язовая бар, сонымен қоса, Кіші Нарым (Огневка), Малая Красноярка кездеспейді, Печь екінші атымен- Верх- Бухтирминская[Основы исторического краеведения и музееведения. Часть третья. Выпуск второй: Краеведение советского и современного Казахстана с некоторыми допалнительными материалами по истории Восточного Казахстана (от древности включая современность) [167,127 c]; М: Язь деген балыққа қатысты
аталған [192].