Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет293/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ШЫРШАТОҒАЙ/БАЯНТОҒАЙ - судың жиегі. Шырша аралас 
тоғайлы жер[149].
 
ШЫРЫҚТЫБҰЛАҚ – бұлақ, Катонқарағай ауд. Шырықты (сын 
есім) және бұлақ сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Атаудың 
қалыптасуына судың дыбысы негіз болса керек. Судың шырық-
шырық еткен ағысы, яғни дыбыстық еліктеуіш сөз «Шырықтыбұлақ» 
атауының қалыптасуына негіз болған. М.: Әлгі шың-шыңды сонау 
қырдың арғы етегінде бұлқына ағып жатқан Шарықтыбұлақтың 
сарылы шығар деп ойлаймын [18,134б.]. 
ШІЛДЕБАЙ ТАСЫ – ж,а., Катонқарағай а.о. Антропотопоним. 
М: Тайшы жайлауында орналасқан[157].
ШІРІКҚАЙЫҢ – өзен, Новохайрузовка а.о. Шірік (сын есім) және 
қайың (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Атаудың 
қалыптасуына өзен бойын жайыла өскен қайың ағашы негіз болған. 
Ал негізгі белгі судың молдығынан, ылғалдан «шіріген қайыңдар» 
болып табылады. М.: Шірікқайың өзені Новохайрузовка ауылының 
тұсынан өтеді. Қазақ сөзі. Орыс тіліне аударғанда «шіріген қайың» 
деген мағына береді. Өзен бастауын алатын жерде көп қайыңдар 
болған. Олар өте тығыз орналасқандықтан, арасынан өту мүмкін 
болмаған. Осы арада шіріген қайыңдар көп болған. Осы арадан 
ағатын өзен «Шірікқайың» деп аталып кеткен[68]. М.: Шіріген 
қайын көп болған[144].
ЩЕКА – Қаражал беткейі, өзен, Солоновка а.о. Орыс тілінен 
енген кірме атау. Щека – қазақ тілінде «адам бетінің жағы» деген 
мағына береді [123].
ЫНТЫМАҚ – колхоз. Катонқарағай ауд. Кеңес дәуірінде 
қалыптасқан атаулардың бірі. Жан-жақтан жиналған ұлыс 
өкілдерін бейбітшілікке, ынтымақ, бірлікке үндеу мақсатында 
идеологиялық тұрғыдан қойылған атау. М.: Тәуекел деп бастап 
кетсе, «Ынтымақ» колхозының байлығы жетер еді[24]. М2.: 
Әкем Ынтымақ колхозының сиыр фермасында бастық болатын. 
Ауылдан он шақырым Қаражер деп аталатын фермада тұрады. 
[21,86б.].
ЫСҚАҚ КӨҢІ – қыстау, Белқарағай а.о. Антропотопоним. М: 
22 гектар жерді алып жатқан. Калихан Ысқақұлы әкесінің жұрты 
тұрған. [134].


314


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет