326
ЖЕР БЕДЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ АТАУЛАРДЫҢ
СИПАТТАМАСЫ
АДЫР – 1. Деңгейі біркелкі аласа төбелерден құралып, бір-бірімен
бас-аяғы жоқ, шым-шытырық жалғасып барып, тау жоталарының
даламен шектескен жиектерін көмкеріп жататын ойлы- қырлы, жыра-
жылғалы жер бедері. 2. ауысп. Жақындап кетсе болғаны дүңк ете түсетін
дөрекі мінез көрсетіп, екіленіп сөйлейтін ожар адам жайлы. Тегінде
бұл – адам қасиетін жер бетінің ойқы – шойқы болып келетін сыртқы
көріністеріне ұқсастырудан туған ұғым болса керек.
АЙРЫҚ – бір текті болып жататын жер бедерінің басқа бір түрге
ауысатын немесе ондаған өзен-сулар мен жолдардың екіге бөлінетін
тұсын нұсқайтын атау. Мыс.: Біздің үй Қарақатынның құйында,
Құмөзектің
айрығында отырады, оған Шылбыр асып баратынбыз.
Достарыңызбен бөлісу: