ҚУЫС – тау іші жоталарының бұлың – бұлың жықпылдары мен
жақпар тастарының арасындағы көзден таса, қалтарысты жер.
ҚҰЗ – 1. Тау шоқысындағы жалаңаш тастардың қыран ғана қалықтап
шығатын ең биік шыңы; 2. Тұңғиық терең құлама жартас, түпсіз
шыңырау.
ҚҰЛДЫЙ – тау жоталарының табанға қарай шұғыл құлайтын еңісті
жері.
ҚҰМ – жер бетіндегі тастын ұсақ, қиыршық түрі.
ҚЫЛТА – бұрылысты, қалтарысты тар жер, шатқал.
ҚЫР – 1. Тегістік бетінен аздап көтеріліп, біраз жерге дейін созылып
жатқан аласа жоталардың қарасы; 2. Ауыл – аймақтан біршама қашық
арада, сәл биіктеу деңгейде жатқан мал жайылымы мен егін жай орны.
ҚЫРАТ – ұзыннан–ұзын созылып, біріне–бірі жалғасып жататын
бірыңғай дөң–дөңесті, бел–белесті жер бедері.
ҚЫРҚА – әр тұтас басталған айқыш–ұйқыш жыра–жылғалардың
қосылуынан ойлы–қырлы болып, қиыр–шиыр болып, быжырқайланып
жатқан жер бедері.
МОЙНАҚ – 1. Түйенің мойны; 2. Түйе мойынының терісі; 3. ауысп.
Тау жотасының түйе мойны тәрізді боп иілген тұсындағы тіп – тік,
құламалы асу.
МҰЗАРТ – биік тау жоталарының мәңгі мұз жатқан жерінен асатын
асу атауы. «Мұз асу» мәніндегі ұғым.
НУ – шөбі шүйгені әрі қою боп өскен өзен алқабындағыы ит тұмсығы
өтпейтін қалаң жынысты, орман – тоғайлы жер.
ОБА – айналасы жазық тегістік тас аралас топырақ тасып, биіктетіп
үйілген аумақты үйінді. «Үйілген тас, жалғыз төбешік» ұғымындағы
атау.
ОЙ – деңгейі жан–жағындағы тегістік бетінен төмен жатқан, көлемі
біршама ойпаң жер.
ОЙПАҢ – сырт көрінісі дөңгелектеніп келіп, деңгейі жиегінен
төмендеу түсіп жататын, көлемі шағын ойпауыт жер, қазан шұңқыр.
331
ОЙПАТ – деңгейі теңіз бетінен төмендеу түсіп, көсіліп жатқан
ұлан-ғайыр кең аймақ.