Катон-Верстка-01. indd


ҚУЫС – тау іші жоталарының бұлың – бұлың жықпылдары мен  жақпар тастарының арасындағы көзден таса, қалтарысты жер.  ҚҰЗ



Pdf көрінісі
бет301/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   305
ҚУЫС – тау іші жоталарының бұлың – бұлың жықпылдары мен 
жақпар тастарының арасындағы көзден таса, қалтарысты жер. 
ҚҰЗ – 1. Тау шоқысындағы жалаңаш тастардың қыран ғана қалықтап 
шығатын ең биік шыңы; 2. Тұңғиық терең құлама жартас, түпсіз 
шыңырау. 
ҚҰЛДЫЙ – тау жоталарының табанға қарай шұғыл құлайтын еңісті 
жері. 
ҚҰМ жер бетіндегі тастын ұсақ, қиыршық түрі. 
ҚЫЛТА – бұрылысты, қалтарысты тар жер, шатқал. 
ҚЫР – 1. Тегістік бетінен аздап көтеріліп, біраз жерге дейін созылып 
жатқан аласа жоталардың қарасы; 2. Ауыл – аймақтан біршама қашық 
арада, сәл биіктеу деңгейде жатқан мал жайылымы мен егін жай орны. 
ҚЫРАТ – ұзыннан–ұзын созылып, біріне–бірі жалғасып жататын 
бірыңғай дөң–дөңесті, бел–белесті жер бедері. 
ҚЫРҚА – әр тұтас басталған айқыш–ұйқыш жыра–жылғалардың 
қосылуынан ойлы–қырлы болып, қиыр–шиыр болып, быжырқайланып 
жатқан жер бедері. 
МОЙНАҚ – 1. Түйенің мойны; 2. Түйе мойынының терісі; 3. ауысп. 
Тау жотасының түйе мойны тәрізді боп иілген тұсындағы тіп – тік, 
құламалы асу. 
МҰЗАРТ – биік тау жоталарының мәңгі мұз жатқан жерінен асатын 
асу атауы. «Мұз асу» мәніндегі ұғым. 
НУ – шөбі шүйгені әрі қою боп өскен өзен алқабындағыы ит тұмсығы 
өтпейтін қалаң жынысты, орман – тоғайлы жер. 
ОБА – айналасы жазық тегістік тас аралас топырақ тасып, биіктетіп 
үйілген аумақты үйінді. «Үйілген тас, жалғыз төбешік» ұғымындағы 
атау. 
ОЙ – деңгейі жан–жағындағы тегістік бетінен төмен жатқан, көлемі 
біршама ойпаң жер. 
ОЙПАҢ – сырт көрінісі дөңгелектеніп келіп, деңгейі жиегінен 
төмендеу түсіп жататын, көлемі шағын ойпауыт жер, қазан шұңқыр. 


331
ОЙПАТ – деңгейі теңіз бетінен төмендеу түсіп, көсіліп жатқан 
ұлан-ғайыр кең аймақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет