ЖАҚПАР – таудың қия бетінде, жар қабақтың қырры шығып,
тепкішек – тепкішек болып текшеленген қатпары.
ЖАЛ – 1. Жылқы малының желкесінде өскен қалың қыл. 2. Біртұтас
болып созылып жататын қырат–қырлардың, жон–жоталардың сілемі.
ЖАР – табиғатта болып жататын әртүрлі сыртқы күштердің әсерінен
дөңес, биік жерлердің, тау жоталарының бір жақ шеті опырылып
түскеннен пайда болатын қырлы тік бет.
ЖАРҚАБАҚ – дөңестеу жер бедерінің бір жақ шетінің опырылып
түскен үстіңгі жиегіне жақын қыры.
ЖАРТАС – үгілу процестеріне төзімді, қатты тау
жыныстарынан құралған тау сілемінің жеке-дара тұрған биік тасы.
ЖОН – жазық бетінен білеулене көтеріліп, ұзыннан–ұзақ созыла
түсіп жататын, үстіңгі жағы жадағай, дөңестеу жер бедері.
ЖОТА – биіктігі түрліше деңгейде болып, бір–бірімен тіркесе, тізіле
білеуленіп жататын дөңестеу қырат, қырқа секілді.
ЖЫҚПЫЛ – жай қарағанда көзге анық байқала бермейтін қуыс –
қуыс тасалы иіндері мол қаға беріс, қалтарысты жер бедері.
ЖЫРЫМ – қаға беріс қалтарысы, бұралаң бұлтарысы, көзден таса
қуыс – қуыс көп, жыра–жықпылды жер.
ИЕК – тау жонының жайлап бәсендеп келіп, ақырындап көтеріле
байстайтын жері.
ИЕКАРТПА – биік жоталардың арғы бетіне өтуге не жақпар
тастардың қырынан сол жақты көзбен шолуға оңтайлы бір ойыстау тұсы.
КЕБІР – тұзы шығып жататын, өсімдік өспейтін сортаң жер, тақыр.
КЕЗЕҢ – тау жоталарының аласарып келіп қосылған тұсында
түйетайлыланып, ұзынынан түсіп жататын ойлауыт жер.
КЕМЕР – терең сай сағасындағы су орып кеткен тік жар, шұғық –
шұғық жыра, құлама қабақты жер.
КЕНЕРЕ – 1. Тау беткейлерінің жазықпен тұтасқан жеріндегі етегі;