Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет59/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

БЕЛҚАРАҒАЙ – ауыл, Белқарағай а.о. Бел (зат есім) + қарағай 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Қарағай өскен шағын 
бел (жол өтетеін ойпаң жер)» деген мағына береді. М.1: ол негізі ауыл 
атауы емес, Сельский совет атауы болған. Негізгі атауы Медведка 
болған. Қазіргі атауы Белқарағай. Медведка деген жәндік көп 
болған. Сол себепті солай аталған. [103].
 М.2.: «Генерал- губернатор 
ходатайствует о разрешении казахам в количество 600 кибиток 
оставаться на кочевке в Бухтарминской долине вблизи деревень: 
Черновой, Таловки, Медведки на тех же условиях, на каторых разрешена 
кочевка в Кулундинской степи...»[167,142б.]. М.3: Белқарағайда тұрғалы, 
Биғат деген шешемізді алғалы [42,68 б.]. М.4: Белқарағай ауылым, 
жасыл бағым, Жетімсіреп қалдың ба түстей сағым[42,13б.]. М.5: 
Әбдіразақ қажының әйелін, үш келінін бала-шағасымен Үлкеннарын 
бойындағы Малонарымка деген орыс селосында ұстап отырыпты. 
Бұл жер шекараға да, Қаратай еліне де бір табан жақын, бірен-саран 


83
жекжат, алыстан танитын адамдар болса керек. Солардың көмегімен 
Қабаш Белқарағай ауылының тұсынан туған-туысқандарын шұбыртып 
Құзғында асуына тартқан. Асудың қиындығы соншалық, таудың 
етегі толы тағының қаңқасы, бөктер өлексе мен жемтіктен үнемі 
борсып жататын көрінеді, басында қашанда сұңқылдаған құзғын 
кетпейтіндіктен «Құзғынды» атаныпты[3,63б.]. М.6: Сол албан 
бабамыздан тараған ұрпақтар өткен ғасырдың екінші жартысында 
Катонқарағай ауданындағы «Аққайнар (Черново)», «Аршаты», 
«Белқарағай», «Өрнек», «Катон»,ауылдарында шамамен 25-30 отбасы 
болып тіршілік еткен [89,120б.]. М.7.: Сегодня музей имени Абдикарима 
Ережепулы построен из искусственно состаренного сруба по макету, 
который хранится в музее средней школы имени Оралхана Бокея в ауле 
Белкарагай [12,149с.]. М.8.: Кезінде совхоздың ақсүйектері тұратын 
Сөгірде елуге жетер-жетпес түтін қалыпты, Белқарағайда Шерушінің 
бір атасы Жебетей ғана отыр, көшіп кеткен Көшкінші мен Баубектің 
ізі де өше бастаған[170,145б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет