82
БЕКЕТ – ауыл, Алтынбел а.о. Бұл атау неміс, орыс тілдері арқылы
енген пикет сөзінен жасалған. Мағынасы – отарба жолдарында
орналасқан аялдама, қарауыл (пост) тұратын жерлерді білдіреді. Бекет
атаулары маңызды арба жолдарында да сақталып қалған [166,120 б.].
БЕЛАЯ ГЛИНА – ж.а., Солоновка а.о. Топырақтың түсі ақшыл
әрі шаруашылықта үй ішін ақтауға қолданатын болғандықтан аталған.
М.1: Сары топырақ деп қазақша аударылады [123].
М.2: Топырағын
үй ағартуға қолданатын. Ағартқан кезде аппақ болып шыққандықтан,
«Белая глина» деп аталып кеткен[141].
М.3: – Во-он, видишь, сопки
больших курганов справа от трассы на Улкеннарын стоят? Это
участок именуемая Белая глина. Там тоже никто еще раскопки не
проводил[12, 36с.]
БЕЛДЕУ – жол, Өрел а.о. Берелден үш шақырым жерде Белдеу
деген жер бар. Ол шынында да, белдеу десе белдеу дегендей, жотаны
көлденеңінен орай казған ор. Жергілікті халық белдеу монғол сөзі
дейді. Біз оған қосылмаймыз, бұл түрік сөзі. Мұны кейбір адамдар
әскер окоп ретінде қазған деседі. Ол дұрыс емес, өйткені таулы жерде
онсыз да жасырынатын, не жасырынып жүріп атысатын пана көп. Мұны
бұрынғы кезде аңды бөгеп аулау үшін қазған болу керек. Олай дейтін
себебіміз – ордың бір шеті таудың биік жарына, екінші шеті құлама
суға тіреледі, бұған түскен аңның шығу-шықпауы екіталай. Ордың
қай кезде қазылғаны белгісіз[3,78б.].
М.: Екі тау ортасындағы жол.
Трактордың жолы бар[111].
Достарыңызбен бөлісу: