Катон-Верстка-01. indd


БӘЙТЕЛЕС – ж.а., Жамбыл а.о. Антропотопоним[120]. БӘЙШӨК



Pdf көрінісі
бет57/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

БӘЙТЕЛЕС – ж.а., Жамбыл а.о. Антропотопоним[120].
БӘЙШӨК – жайлау, Жамбыл а.о. Антропотопоним [120].
БӘНУШКӨ – ж.а., Үлкеннарын а.о. Антротопоним. М: Даубайдың 
жұртына орыстардың Иванушка деп қойған атауы. Қарапайым халықтың 
тілі келмей, Бәнушкө деп атап кеткен [153].
БӘРІБИ – жайлау, Аққайнар а.о. Антропотопоним болуы мүмкін 
[124]
БӘСКЕСАЙ– шабындық, Катонқарағай а.о. Антропотопоним. 
М.: Омарта ұстауға қолайлы орын, шөп шабатын жер. Бұлақтар, 
қарақат, таңқурай, бүлдірген, рауғаш, емдік шөптер бар[99].
БЕЙСЕНБҰЛАҚ – бұлақ, Аққайнар а.о. Антропотопоним. М.: 
Бейсен деген кісі осы жерде тұрған. Марал ұстаған [152].
БЕЙІТТІКЕЗЕҢ – ж.а., Өрел а.о. М.1: Берелден Аршатыға баратын 
жол бойында. Бұрындары сүйек-сүйекпен жерленген ғой. Бұл жерде 
самай руының адамдары жерленген [100]. М.2: Бейітті кезеңдегі 
қақпандарымды қарадым, - деді бұл жай ғана. Ғазиз күрсінді. Қақпан 
қарадың ба, әлде балаңның басында отырдың ба дегенді айтпаса 
да бұдан қажи қараған көзімен сездіріп еді [11,313 б.]. М.3.: Содан 
Бейіттікезеңге жете бір-ақ тізгін тежеген... Күреңнің мынадай ит 
сылтыңымен Жазатырға бүгін жетпесі белгілі болды[9,224б.]. 
БЕКАЛҚА – ауыл, Катонқарағай а.о. Бекті алқа. М.1: Кезінде 7 
ауылды тақпақтап, ұйқастырып айтатын. Соның ішінде Бекалқа 
болатын. Бекалқаны кей адамдар Бектіалқа деп те атайды[106]. 
М.2: Жергілікті халық бұл жерді Бекалқа деп атайды. Үлкеннарын 
ауданының ең алыстағы қыстағында біз отырмыз[22,211б.].М.3: Біздің 
өлкеде марал шаруашылығының негізін қалаған Бекалқа ауылының 
тұрғыны Авдей Шарыпов[3,97б.]. М.4: Ғасырлар бойы балқарағай 
жаңғағы жергілікті халықтың жеңсік тамағының бірі саналып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет