Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет69/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

БҰҚТЫРМА – өзен, Белқарағай а.о. Ағысы қатты, асау, тау өзені 
болғандықтан түсіп кеткен нәрсені, мейлі ол мал болсын, мейлі адам 
болсын қайта тұруға шамасын келтірмей, бас көтертпей тастан-тасқа 
соғып бұқтырып әкететін болғандықтан осылай аталған деседі. М1.: Мұз 
астынан Бұқтырманың гүрілі естіледі, ат тұяғы мен шана ұлтаны 
күңгірлеп, жақпар тастарға тіл біткендей қос бүйірден шаңқылдап қоя 
берді [168, 92б.]. М.2. Бұқтырма – жаз шыға суға шомылған, қыста 
сырғанақ тепкен баланың жер-көкті шарқ ұрып шарласа таба алмас 
қызыққа толы мекені еді [21, 83б.]. М.3. Көгілдір таудың ар жағы 
– қасиетті атамекені, құт қонған қара қонысы. Буырқанып аққан 
Бұқтырма, сылдырай сыңсыған Ақтұма, қара орманды Майшоқы, 
дара шыңды Тасшоқы, бәрі-бәрі сол жерде – қасиетті атамекенде. 
Құдай-ау, оған да жетер күннің жеткені ме шынымен[11,327б.]. М.4: 
Көптеген адамдарды, малды алып кетті. Бұқтырып тұрады. Топқайың 
ауылынан сонда 7 адам қайтыс болған [134].
БҰҚТЫРМА – өзен, Катонқарағай ауд. Өзеннің бұқтырып әкететін 
өзгеше қасиеттеріне байланысты қойылған атау. Ж. Болатов пен А. 
Әбрахманов Бұқтырма гидронимін бұқ (етістік) +тыр (өзгелік етіс 
жұрнағы) + ма (етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ) деп талдайды да 
мағынасын суға түскен нәрсені тастан тасқа соғып, бұқтырып әкететін 
қасиетінен шығарады. Орыс тіліне ауысқан көне түркі сөздерін зерттеген 
М.Мұсатаева мен Л. Шеляховскаяның сөздігінде: «Бахтара-бухтарма» 


92
архаизм внутренняя сторона шкуры, прилегающая к телу животного» 
деген түсініктемесі бар. Біз де өзеннің аты осы көнерген сөзден жасалған 
деп есептейміз. Өйткені, жаңа сойылған малдың терісін аударып 
қарағанда, қан тамырларының ізі тарам-тарам болып көрініп тұрады. 
Бұқтырма өзені де дәл солай сала-салаға бөлініп ағады. Ұқсату арқылы 
жасалған атаудың түбірі бүк, бүктеу сөздерінен шығып, кейін жуандаған 
секілді. Бүк+тір+ме-Бұқ+тыр+ма [166,123б.]. М.1. Двести лет (начиная 
от 1667 года ) население этой волости пользовалось пастбищами на 
реке Бухтарме, в летнее время уходили в горы Чабанбай [167,140б.]. 
М.2. Басы ауылдың жоғары жағынан басталатын кішкентай бұлақ 
суы бара-бара ұсақ-түйек бұлақтарды жанына қосып алып Бұқтырма 
өзеніне барып құяды[71,7 б.]. М.4. Бұқтырма, Алтайдағы таулы өзенім, 
Жете алмай арғы бетке талды өзегім[42,18б.]. М.3. Бұқтырманың 
жағасында өскен Аспан сескенбестен «бисмилла» деп, қойып кетіп 
еді[19,384 б.]. М.4. Өлең деген – Бұқтырманың дірілі, Тітіркенген 
жер – ананың гуілі [2,472 б]. М.5. Бұқтырма – өзенін жергілікті халық 
Бұқтырма деп атайды. Бұл атаудың мағынасын олар өздерінше былай 
түсіндіреді: ағысы қатты, асау, тау өзені болғандықтан түсіп кеткен 
нәрсені, мейлі ол мал болсын, мейлі адам болсын қайта тұруға шамасын 
келтірмей, бас көтертпей тастан-тасқа соғып бұқтырып әкетеді. 
Бұқтырма өзені жағасында суға кетудің салдарынан адам, мал шығыны 
жиі болады. Сондықтан халық оны Бұқтырма деп атайды, бұл өзен 
аудан жерін шығыстан батысқа қарай аралап өтеді. Оған жол-
жөнекей тау-тастан шыққан мыңдаған бұлақ келіп құяды. Сондықтан 
ол бірте-бірте молайып отырады. Осылай болғандықтан да, ел аузында 
«Бұқтырма қайдан шығады – бұлақтан шығады, өзінен-өзі шықпайды» 
деген нақыл айтылады [3,72 б.]. М.6. ... қалың қайыңды орманның екі 
үш шақырымдай, ортасын қақ тіліп бұраңдай еркелеп Бұқтырма 
ағар, бұраңдап аққан Бұқтырма Алтай арудың ұмыт қалдырған 
күміс шашбауы іспетті; сосын орманның ар жақ жағалауынан тағы 
да сарыжағал дала басталады да, тағы да тұмсық тірейді. Бірақ 
Бұқтырманың сол жағындағы дала бірыңғай сыпыра жазаң емес, 
қыземшектенген дөңмең [20,11б.]. М.7: Бұрынғы атауы Онон. Шыңғыс 
ханның тарихында Онон өзені бойында дүниеге келді делінген. Картада 
көрсетілген [140].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет