Катон-Верстка-01. indd


БӨГЕНБАЙ – асу, Аққайнар а.о. Батырға құрмет ретінде қойылған  атау. М.1..Біз Бөгенбай



Pdf көрінісі
бет65/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

 БӨГЕНБАЙ – асу, Аққайнар а.о. Батырға құрмет ретінде қойылған 
атау. М.1..Біз Бөгенбай асуында тұрмыз. Бөгенбай асуы атанған «Тар 
өткел». [35,60б.]. М.2. Бөгенбай Алтайдың айбарлы асуының бірі. 
Түстік жағы шалғыны жайқалған бұйра белдер, қоян жон қыраттар. 
Теріскейі – терең шатқал, шатқал табаны жапырылған орман, 
сапырылған өзен, қапталы – сауытқа құрсанғандай найза жартастар, 
шапшыма тік, аю жортқан қалың жыныс. Құба қалмақтың қалың 
әскері Шабанбайдағы ұрымтал асуларға бекініп, қазақ қолын 
жақындатпай, мықтап бекініп жатып алыпты. Сонда Бөгенбай 


88
батыр адамның ойына келмейтін тактикаға барып, сарбаздарын терең 
шатқалдың бойымен өрлетіп, жаудың ту сыртынан айналып, күтпеген 
тұстан шабуылдапты. Сөйтіп, стратегиялық тұрғыдан маңызды 
асуды алғаннан кейін, қалмақтарды қойша қырып, Қатын өзенінің 
арғы бетіне дейін қуып салыпты. Содан бері осы асу – «Бөгенбай 
асуы» аталып кетіпті. Бұл асуды «Тар өткел» деп те атайды. Бұл 
да баяғы жоңғар шапқыншылығынан қалған атау. Кейде «Тайбұға 
асуы» деп те айтып жатады. Қалай десе де бұл биік төрт бірдей 
батырдың – Қабанбай, Бөгенбай, Көкжал Барақ, Тайбұғалардың 
табаны тиіп, қылыштарын қалмақтың қанына бояған Тар өткел 
[6,23б.]. М.3. Біз Бөгенбай асуында тұрмыз. Он сегізінші ғасырда. 
Жоқ-ау, жиырмасыншының аяғында. Бөгенбайдың асуына көтерілсең 
дүниенің төрт бұрышын көргендейсің, Алтайдың ұлылығы көз алдыңа 
келгендей, етектегі Маралды көл көздей-ақ [170, 45 б.]. М.4. Жылқылы 
ауылға ілінгенде қас қарайған. Биенің соңғы сауыны бітіп, құлындарды 
ағытып, Бөгенбай жаққа айдап барады екен. Жылқышының қиқулаған 
дауысы тауды жаңғырықтырады[18,153б.]. М.: Бөгенбай батырдың 
құрметіне қойылған [152].
БӨДЕНЕЛІ – жайлау, Үлкеннарын а.о. Бөдене деген құстың жиі 
кездесетіндігіне байланысты қойылған атау. Мұндағы «бөдене» сөзі 
– егістікте, қалың шөп арасында кездесетін, кекілік тұқымдас, сұр 
түсті, кішкене дала құсы [45,530б.]. –лы- көптік мәндегі жұрнақ. М.: 
Осы Сұлушоқының етегінде ата-бабамыздың ежелгі жұрттары, 
жайлаулары бар. Жазғытұрым осы Қалес, Батал, Исабай, Сұлушоқы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет