БҰҒЫТАУ/ШАҢЫРАҚТАУ – тау. Бұғы мекендейтін тау және
күмбезденіп келген, шаңыраққа ұқсату арқылы қойылған тау атауы[149].
БҰЗАУ БАСТАУЫ – бастау, ж.а., зират атауы, Алтынбел а.о. Ру
атауларына байланысты қойылған атау. М.:Бұзау сүйегі, Найманнан тараған Қаратай Бесшерушінің бірі [138].
БҰЗЫҢҒЫР – жайлау, Берел а.о. Жердің ерекшелігіне байланысты
қойылған атау [101].
БҰҚАШАЙ ҚЫСТАҒЫ – қыстау, Катонқарағай а.о. Бұқашай деген
адамның есімімен байланысты атау. М.: Кісі аты байланысты қойылған атау [159].
БҰҚАШАТ – ж.а., Қатонқарағай а. Бұқа жайылатын жайылым, шат.
М.: Кісі есіміне қатысты атау [148].
БҰҚПА – өзен, ж.а., Аққайнар а.о. Өзеннің ағысына байланысты
қойылған атау. Өзен ақырын білінбей, көзге түспей ағатын болғандықтан
қойылса керек. Мұндағы «бұқпа» сөзі – көзге түспейтін, қалтарысты жер, жасырынуға ыңғайлы орын, таса, пана мағынасын береді[45,
672б.] М.: Ол өзен ақырын, бұғып, иір болып ағып жатыр[124].
БҰҚПА – тау, Аққайнар а.о. Жасырынуға ыңғайлы, көзден таса
болғандықтан қойылған атау болса керек. М.1. Бұқпаның сілемін бөктерлей сызған таспа жолдың бойымен шоқырақтай шапқылап, салт атты екеу Жазатырдың ту сыртынан аңғарға қарай құлаған еді [10,197б.]. М.2. Жаяулатып Бұқпаның желкесін туралай асып, бетін бұта сызып, тізесін тасқа ұрып, Шұңқыржұртқа сүйегі сал болып, діңкелеп әрең жеткен [10, 192б.]. М.3. Желдеп жайылған суырларды алыстан болжап, Бұқпаның күнгей бетін жаяу шарлап шықты. Шүкіршілік, жүн тастап, ет алғаннан кейін бұл жақты жағалауға болатын сияқты: суыр биыл молынан балалаған екен [9,292б.].
91
БҰҚТЫРМА – аудан, тарихи атау. Кеңестік кезеңде қойылған атау
болса керек. Басты нысан Бұқтырма өзеніне сәйкестендіріп қойылған
аудан атауы. М.1.1935 жылы жекелеген аудандарды ірілендіру жұмысы жүргізілді. Сонда Катонқарағай және Зырян аудандарының құрамынан Үлкен – Нарын және Бұқтырма аудандары бөлініп шықты [3,33б.]. М.2. Бұқтырма уезі жойылып, оған қараған болыстардан аудандар құрылды [3,32б.]. М.3. 1921 жылы наурызда Сібір ревкомының қаулысымен орталығы Үлкен-Нарын селосы болып Бұқтырма уезі құрылды. Уезд құрамында 22 болыс болған, оның алтауы қазақ болысы. Алтай, Құлажорға, Күршім, Нарын, Үркер және Шыңғыстай. Уезд аумағында 119 село және 20 ауыл (барлығы дерлік көшпелі) болған[3,36б.]. М.4. Осы 1921 жылдан бастап жер-жерде мұғалімдер дайындайтын қысқа мерзімді курстар ашылып, жұмыс істей бастады. Бұқтырма уезіне қарасты бес болыс, елдің (Шыңғыстай, Нарын, Құла Жорға, Алтай және Күршім болыстары) мұғалімдерін қайта дайындайтын қысқа мерзімді курс Катонда ашылды [3,43б.].