Катон-Верстка-01. indd


Березовка (Нарынға келіп құятын басты  өзен),  Бобровка (



Pdf көрінісі
бет9/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

Березовка (Нарынға келіп құятын басты 
өзен), 
Бобровка (Шорнауа сельсоветіне қарайтын село), Богда (Үкөктің 
оңтүстік жағын қоршай көсілген асқақ Алтайдың шың-қыраттарының 
бірі),
 Большенарым, Быструха («Жаңа жерлерге мекендеген поляктар 
енді ақырындап Кеңді Алтай аумағына қоныстана бастады, жаңа 
ауылдар пайда болды. 1787 жылы Малая Убинка ауылы, 1790 жылы- 
Быструха, 1799 жылы- Черемшанка ауылдары дүниеге келді») [5,127б.]. 
Верхкатунь ( елді мекен, Катонқарағай ауданы. «Жоғарғы Қатын 
өзені»),
 ВладимировкаВолков бұлағыВорошилов (колхоз. («Жаңа 
жылдың, 1956 жылдың басында Ворошилов атына бірлескен 4 колхозға 
ауыстым: Новоберезовка, Үштөбе, Майемер, Жарқала – Яры аталған 


15
бұрынғы колхозды ауылдар»)[6,18б.], 
Высокогор («Жігіт Қоңыр аттың 
жаралағанын елге айтпайды. Жігіт аяғы қағына жабысып, күп болып 
ісіп, аяғының ауруынан күні-түні зарлайды. Аяғынан шерленіп ақыры 
өліпті. Жер атауы Высокогор совхозының орталығы Шердіаяқ деп сонан 
аталса керек») т.б. елді мекен атауларының уәжі көпшілікке түсініксіз. 
Көрсетілген мысалдар тек «Б», «В» дыбыстарына қатысты ғана алынды. 
Жинақталған мыңнан аса жер –су атауларының ішінде халықтық атаулар 
жүйесіне сәйкес келмейтін атаулардың аталу уәждерін қарастыру 
болашақ зерттеулердің алар межесі.Жергілікті жер тұрғындарынан 
ауызба ауыз диктофонға түсірілген материалды тасқа түсіру арқылы 
түзілген болашақта ұжымдық түрде қарастырылатын сөздік жобада 
берілген 1050-ге тарта сөздің 110-ы таза орыс тілінде берілген. Мысалы, 
Язовая, Ульба – Громатуха, Ульяновский, Уранхай, Усть-Нарым, Усть-
Нарын қорымдары, Фыкалка, Хайрузовка, Хрустальный, Сенокосный, 
Сенное, Середчиха, Солдатов, Солнечный қарлы төбешігі, Солоновка, 
Строитель т.б. [7].
Бұл ресми картадағы, әкімшілік-аумақтық бөлініс желісі бойынша 
емес, кезінде малды жон, жайлауға, күзеуге, көктеуге апарып, малдың 
отығуына қарай жерін ауыстырып, малын қоңды қылуға бар білімін 
сарқа жұмсаған жергілікті халықтан, қазақтың малшы, аңшы тәрізді 
жер жағдайын жақсы біледі деген хабарламашыларынан жазылып 
алынған атаулар. Жер жағдайын, ел ішінің әңгімесін сол кісілердей 
білетін адам болуы мүмкін емес. Сонымен қатар өңірлік жазушылардың 
шығармаларының біразы қаралып, жазушылар шығармаларында 
берілген жер- су атаулары, «Арай» газетінің 1976-1996 жылдар арасында 
шыққан сандарынан газет бетінде жазылған атаулар да қарастырылды. 
Катонқарағай ауданына қарасты жер- су атауларының барлығы тізбеге 
түсті деп айта алмаймыз. Атаулар әлі де жинастыра түсуді қажет ететіні 
сөзсіз. Бұл еңбекте Катонқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық бөлініс 
негізіндегі елді мекендер ғана емес, сонымен қатар көші-қон, яғни 
қазақтың жаз жайлауы, күз күзеуі, қыс қыстауының атауларын көбірек 
қамтуға тырыстық. Себебі ондай атаулар халық жадында ғана сақталып, 
арнайы тізбеге түсіру үнемі кейінге ысырылып келе жатқан мәселелердің 
бірі. Ал ресмилендірілген құжаттардағы, карталардағы ала-құлалықтан 
арылу бірер күндік шаруамен шешіле қоймайтыны анық.
Қазақ халқы ежелден көшпелі мал шаруашылығына бейімделіп, мал 
тұяғына ере отырып, жер жағдайын мал ыңғайына қарай таңдай отырып, 
сол жердің ерекшелігін баса көрсететін ат қоюы, жер су атауларының 
ерекше маңызды факторға айналғанының көрінісі. Әр атауда белгілі 


16
дәрежеде ақпарат болуы заңды. Мысалы, 
Ақтүйе – Аршаты ауылындағы 
Таутекелдің арғы жағындағы тау. Көрінісіне байланысты жеке түйеге 
ұқсап көрініп тұрғандықтан «Ақтүйе» деп аталған, сол сияқты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет