Катон-Верстка-01. indd


І. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ КАТОНҚАРАҒАЙ



Pdf көрінісі
бет7/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

І. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ КАТОНҚАРАҒАЙ 
АУДАНЫ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ 
ТАРИХИ-ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Шығыс Қазақстан Катонқарағай ауданы ономастикалық 
кеңістігіндегі ұлттық негіз. 
Жер су-атауларын жинау және өңдеуге қатысты зерттеу жұмыстарын 
жүргізу жұмысы Катонқарағай ауданы топонимдеріндегі ұлттық негізді, 
жергілікті жерге қатысты атаулардың өзіне тән ерекшеліктерін және өзге 
тілден енген кейбір атаулардың тегін сараптауға арналған. Зерттеудің 
басты нәтижесі ретінде нысанаға алынып отырған аймақтың өткенінен 
хабар беретін атаулардың ұлттық кодын айшықтайтын уәжін қарастыру, 
топожүйенің қалыптасу жолдарын және басқа ұлт өкілдерімен 
байланысын да анықтауға болатыны көрінеді. 
Шығыс Қазақстан ономастикалық кеңістігіндегі жер-су атауларын 
жинастыру барысында бес мыңнан аса атау сөз жинақталып, үш жүзге 
тақау шығармалардан мысалдар, үш жүзден аса хабарламашылардан 
сұхбат алу барысында алынған мағыналық бірліктер әріптік 
атау төңірегінде топтастырылып (фитоаппелятив, зооаппелятив, 
этнотопоним, антропотопоним, түр-түске қатысты атаулар, мәдени және 
тұрмыстық лексикалық атаулар т.б. топтары анықталып, қарастырылды), 
алдағы уақытта талданып, түсініктемесі беріліп отырады. Катонқарағай 
ауданындағы жер-су атаулары жергілікті ақын-жазушылардың, 
шежірешілердің шығармаларынан, хабарламашылардан сұхбат алу 
барысында жинастырылды.
Шығыстың жаухары Катонқарағай жеріндегі географиялық 
номендердің ерекшелігі шығыс өңіріне ғана тән лексемалардың 
«дара», «көң», «бөртек», «күнгей» сөздерінің жиі кездесуі. Дара 
сөзін жергілікті тұрғындар (Кісекин А., Нұқсара А.) «жеке», «дара» 
мағынасымен сәйкестендіреді, яғни табиғи қора, табиғи қоршау әрі бұл 
сөз атауды анықтап тұрған сөз ретінде мағынасын дәл бере алған. «Көң», 
«біреудің көңі» сөздері аты аталған адамның өзі, кейін үрім-бұтағы 
жайлаған жер, қонысы, жұрты мағынасында. «Күнгей» сөзі жергілікті 
тұрғындар бейсанасында күн молынан түсетін, таудың беті, шуақты 
әрі жылу мол түсетін жер мағынасын берсе, «бөртек» - ойлы, қырлы, 
белес-белес, құрақты дөңдер деген мағынада жұмсалады[2,565б.]. 
Дара, күнгей, бөртек сөздері Алтай Республикасы Қосағаш ауданы 
тұрғындарының тілінде де тура жоғарыда көрсетілген мағынасында 


13
қолданылатынын 2018 жылдың маусым айында барған экспедициялық 
сапарымызда анықтаған едік. Қосағаш өңірінде тұратын жергілікті 
халық та Катонқарағай ауданында тұратын шоңмұрын, сарғалдақ, 
қожамбет, керей т.б. руларынан тұрады, бір тармақтан тарайтын туыстас 
рулардан құралғандықтан да лексикалық қорындағы сөздер ортақ болып 
келеді. Қосағаш ауданы тұрғындарының тілінде: дара /тара - лог
долина; кунгей - солнечная сторона, летняя стоянка, бертек/бөртек – 
труднопроходимое место мағынасында тұтынылады[3,10б.]. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет