Катон-Верстка-01. indd


Катонқарағай жер-су атауларының аңыздық сипаты



Pdf көрінісі
бет12/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

1.2 Катонқарағай жер-су атауларының аңыздық сипаты
Географиялық тұрғыдан алып қарағанда, топонимдік аңыздарды 
зерттеу оның қазіргі қоғамдағы маңыздылығымен байланысты. 
Топонимдік аңыздар халықтық фольклордың көрінісі, қоғамның рухани 
мәдени мұрасының бөлінбейтін бөлшегі. Олар белгілі бір аймақтың, 
өңірдің, елді мекеннің тарихы мен табиғатын айшықтап көрсетеді, тілдік 
және мәдени дәстүрді сақтаушы құрал, туристтер тартудың маңызды 
тетігі. Топонимдік аңыздар географиялық атауларды түсіндіруші 
тілдік құрал. Қазіргі таңда, посткеңестік кеңістікте топонимдік 


19
зерттеулердің өзектілігі артуда. Ол саяси, қоғамдық және экономикалық 
трансформациялармен тығыз байланысты. Көше, жер-су атауларын 
өзгерту жұмыстары да осы тұрғыдағы зерттеулердің маңыздылығын 
арттырды. Топонимдік аңыздар пәнаралық байланыста жүргізілетін 
зерттеу, ол география, топонимика, тарих, мәдениеттану, фольклор, 
лингвистика ғылымдарымен тығыз байланысты, ғалымдар: «Нақты бір 
елді мекеннің рухани, тілдік мәдениетінің бір бөлігі ретінде топонимдік 
аңыздар лингвистикалық, мәдени, перцептивті география тұрғысынан 
зерттелуі керек» - деген пікірді ұстанады [14,22б.]. Топонимдік 
материалдарды зерделеуде аймақтық, өңірлік тұрғыдағы зерттеулер 
маңызды.
О.Е. Афанасьев топонимдік аңыздар мифтік кеңістіктің бөлігі 
болып табылады, адамдардың түрлі табиғи құбылыстарды түсіндіруге 
тырысқан әрекетінен аңыздар құралған деген пікір айтады: «Они – 
неотделимая составляющая топонимии края, продукт творчества, 
элемент культуры народа. В связи с этим топонимические легенды 
необходимо исследовать методами топонимики, географической 
культуры и фольклористики одновременно» [15,75с.].
Топонимдік аңыздар халықтың әлемді қабылдау ерекшелігін 
бейнелейді, халықтық этимологияға негізделген. Халықтық 
этимологияны, зерттеушілер лингвистикалық және психолингвистикалық 
феномен деп қана емес, мәдени-тарихи феномен деп те сипаттайды. 
Қазақ фольклорының бір жанры саналатын топонимдік аңыздар жер-
су атауларына байланысты құнды деректер береді: «Топонимдік аңыз – 
белгілі бір жер-судың, өзен-көлдің, тау-тастың аталу себебі, сол жердегі 
оқиғалардың сол атауларға байланысын баяндайтын әңгіме» [16,5б.]. 
Қазақта жер-су атауларына байланысты қазақтың халық прозасына 
жататын топонимдік аңыздар аз емес. Және олардың атқаратын қызметі 
де орасан. Топонимдік аңыздар әрі танымдық, әрі эстетикалық, әрі 
тәрбие құралы ретінде қызмет атқарады. Топонимдік аңыздардың 
қызметі оның тарихпен сабақтастығын ескергенде арта түседі. «Аңыз 
жанры тарихи шындық, тарихи факт негізінде қалыптасады» [16,7б.] - 
дей келе, ғалымдар аңыз аясында тарихи факт әр дәуірдегі айтушылар 
мен тыңдаушылардың түсінік-пайымына, ұғымына сәйкес өзгеретіндігін 
айтады. Яғни, жер-су атауларына қатысты аңыздарды қарастырғанда, 
ондағы мағыналық қатарды анықтап алу керек. Аңызға айналған 
оқиғалардың ойдан шығарылғандығын немесе тарихи тұлғалар мен 
оқиғаларға тікелей байланыстырылып қойылғандығын білу үшін қажет. 


20
Аңыздарда тарихи деректер мен оқиғаларды халық қиялы өрбітіп, 
өзгертіп жібереді. Сол себепті де аңыздардағы ақиқаттың өзі уақыт өте 
келе аңыздық сипат алады. Жер-су атауларына байланысты қалыптасқан 
көптеген аңыздардың коннотативтілік деңгейі басым болып келеді. Р. 
Барттың тұжырымдауында, тілдік таңбаларда екі мағына қатар жүреді: 
денотативті (алғашқы, тура, эксплицитті) және коннотативті (екінші 
мағыналық эффект тудыратын жасырын, қосымша, тұспал бойынша) 
мағына [17]. Коннотативті мәнді тілдік таңбаларда субъективті мәндер, 
мәтіннің (біздің зерттеуімізде, аңыздың) жасалуына себеп болған 
психологиялық уәждер, т.б. болады. Коннотациялар көмегімен қажет 
деп тапқан мағыналарды, ақпараттарды оқырманның ырқынан тыс 
санаға таңу жүзеге асырылады. 
Жер-су атауларын белгілі бір нақты мағынаға ие болған таңбалар 
жиынтығы деп қарастырсақ, сол атауларға байланысты пайда болған 
аңыздарды адамдар қиялының, ой-өрісінің, қабылдауының, идеясының 
мәдени туындысы деп анықтаймыз. Топонимдік аңыздарды топонимдік 
кеңістіктің рухани мұрасының бөлігі ретінде зерттеу, оның ішінде 
белгілі бір аймақ, өңірге қатысты топонимдік аңыздарды қарастыру 
аймақтану саласы бойынша қазіргі таңдағы қажетті бағыт деп санаймыз. 
Себебі, топонимдік аңыздар аймақтық бірегейлік пен ұлттық жадтың 
маңызды индикаторы болып есептеледі: «топонимические легенды 
влияют на идентификацию региона в социокультурном и экономическом 
пространстве страны» [15]. 
Қазақстанның ең қиыр шығысында орналасқан, солтүстігінде 
Ресеймен, шығысында бір шеті Моңғолиямен, Қытаймен, оңтүстік және 
батыс жағында Күршім, Көкпекті, Зырян аудандарымен шектесіп, Алтай 
тауларының оңтүстік-батыс бөлігінде 13167 шаршы километр жерді 
алып жатқан Катонқарағай ауданына қатысты топонимдік аңыздарды 
қарастыру сол өңірге ғана тән ерекшелікті ашып көрсетеді. «Қысы 
ұзақ, жазы жаңбырлы демесең, орман да сонда, отын да сонда, су 
да сонда, ну да сонда, шалғынына түйе түсіп көрінбейтін, бөктерін 
бұғы, биігін тағы жайлаған табиғаты ғажайып өлке» деп жазушы 
Қалихан Ысқақов бейнелеген «Катонқарағай» жер атауына қатысты 
мынандай аңыз бар: қарағайлы өлкеде жалғыз қызымен жесір әйел 
өмір сүрген. Олар аң аулап күн көрген екен. Күндердің бір күнінде 
жалғыз қызы қатты ауырады. Қызын күткен әйел аңға шыға алмай 
қалған, бірақ бірер күн өткен соң тамақсыз қалып, әйел аң аулауға 
шығуға мәжбүр болады. Аң аулап жүріп бір қоянды көріп қалып, оны 


21
ұстамақшы болып қуып жүргенде адасып кетеді. Оны ауыл адамдары 
іздеп шығып, оның орманда тізерлеп отырған жансыз денесін тауып 
алады. Содан бастап қарағайлы қалың орман Қатынқарағай деп аталып 
кеткен делінеді. Кейінірек Катонқарағай деп өзгеріске ұшыраған 
деседі. Бұл аңыз Катонқарағай өңірінің географиялық ерекшелігін 
көрсетеді. Осы аңыз ата-бабаларымыздың өздері өмір сүрген қоршаған 
ортаның, табиғаттың сырын, ерекшелігін түсіндіру әрекетін көрсетеді. 
Топонимдік аңыздар қандай да бір құбылысты, құпияны түсіндіру, 
оны ескерту, одан қорғау, сақтандыру нәтижесінде дүниеге келеді. 
Осындай түсіндірмелер лирикалық бояумен толықтырылып, аяқталған 
әдеби шығармаға айналады және өз ортасында (өз өңірінде) күмән 
тудырмастан, қоғамдық мәні бар нақты бір қорытынды тудырады. 
Табиғат туралы халықтық білім жинақтала келе дәстүрлі ритуалдар, 
салт-дәстүрлер, халықтық шығармалар (ертегі, аңыз, әпсана, мақал-
мәтелдер, халықтық әндер) арқылы бекітіледі. Халықтың туындысы 
арқылы болашақ ұрпаққа жан-жақты білім қоры беріледі, оның ішінде, 
экологиялық сипаттағы білім, аңдар әлемі, құстар әлемі, табиғаттағы 
түрлі құбылыстар туралы ақпараттар. Сол арқылы келер ұрпақ бойында 
қайырымдылық, еңбекқорлық, жауапкершілікті сезіну қасиеттерін 
тәрбиелейді, табиғатта өзін ұстау ережесімен таныстырады, барлық 
халықтық тәжірибені тәлім қылып қалдырады, осы білім қатал табиғат 
ортасында өмір сүруді жеңілдетеді, осы шығармаларда табиғат әлемі 
мен адам әлемінің өзара байланысы толықтай бейнеленеді, негізінен, 
қазақтардың дәстүрлі мәдениетінің тетігін адам мен табиғат арасындағы 
тығыз байланыс құраған. 
Жалпы Катонқарағай өңірі табиғатының ерекшелігін мына дерек 
толық көрсетеді: 2001 жылы Қатонқарағай ұлттық саябағы құрылған
онда бүкіл Шығыс Қазақстан жерінде кездесетін 55 түрлі өсімдіктер 
дүниесінің 50 түрі, 20 түрлі емдік шөп, 250 түрлі құс бар, оның 30-ға 
жуығы «Қызыл кітапқа» енген екен, ұлттық саябақта сүтқоректілердің 
66 түрі бар, олардың ішінде, қоңыр аю, марал, бұлғын, тоқал бұғы, 
таутеке, сілеусін, елік, құну, қар ілбісі т.б мекендейді[18]. Бұл өңірде 
Бұқтырма, Ақ және Қара Берел өзендері, Язовое көлі, Рахман бұлағы, 
Көккөл құламасы, Өрел, Берел т.с.с. елді мекен атауларымен бірге 
көптеген микротопонимдер жүйесі бар. Туристер үшін емдік қасиеті 
арқылы ең танымал мекен - Рахман бұлағы. 
Рахман антропомикрогидроним атауына қатысты аңыз кең таралған 
аңыздар қатарынан. Бұл бұлақты Берел селосында тұратын Рахманов 


22
деген аңшы кездейсоқ тауып алған. Сондықтан ол «Рахмановские 
ключи» деп аталып кеткен. Бұлақтың емдік қасиеті туралы аңыз 
қазір басқа елге де таралып, таралу кеңістігі артып келеді. Рахман 
антропомикрогидронимі туралы тараған аңыз жергілікті тұрғындарға, 
елімізге пайда әкеліп отыр. Емдік қасиетін миф деп қабылдаушылардың 
өзін бұл өңірдің табиғаты, табиғатындағы ерекшелік тамсандырады 
және сендіреді. Бұл өсы өңірге біткен құдірет десек болады. 
Топонимдік аңыздар нақты бір аймақ, өңірдегі географиялық 
нысандар атауына, семантикасына, пайда болу кезеңі, таралу аймағы, 
қандай да бір өңірге қатыстылығы, қоғамдық маңыздылығы, ақиқатқа 
қатыстылығы тұрғысынан жүйелей отырып, жанрға қатысы тұрғысынан 
(эпикалық, лирикалық т.с.с.), нысан атауы (гидронимдер, гидроороним, 
оронимдер, бионим т.б.), аңыздардың түрлеріне, тақырыбына қарай 
(діни, тарихи, балалар аңызы, моральдық аңыз) топтастырылады. 
Мысалы, Алтай тауы жүйесінің ең биік қарлы шыңы – Мұзтау (4506 
м) деп аталады. Мұзтауға қатысты аңыз діни ұғыммен байланысты. 
Халық арасында Мұзтау шыңын көрген адамның сол мезетте тілегі 
орындалады деген сенім қалыптасқан. Кезінде Мұзтау шыңын көрген 
бір дәулетті адамның дүниенің бар қызығынан бас тартып, тау үңгірінде 
өмір сүрмекке шешім қабылдағаны туралы аңыз ел арасында кең 
тараған. Өзімізге мәлім, Ұлы Даланы мекен еткен көшпенді ата-
бабаларымыз Көк Құдайы – Тәңірге сенген, жалбарынған. Өмірге деген 
философиясының, көзқарастарының негізін тәңіршілдік құраған. Мұзтау 
туралы аңыздың негізін осы сенім құрайды. Мұзтауға қатысты тағы 
бір аңызда Тәңірлік наным бойынша аспанды Көк Тәңірі мекендесе, 
Мұзтауды Ұмай ана өз тұрағына айналдырған екен. Ежелгі Түркілердің 
жоғары әлем-Тәңіріге, ортаңғы әлем – адамдарға, төменгі әлем – өлілерге 
тиесілі деп әлемді үшке бөліп қарастырғаны мәлім. Ұмай ана- әлемнің 
әйел бастауы, балалар мен әйелдердің жебеушісі, қолдаушысы деп 
қабылданған, Мұзтауды Ұмай ана тұрақтаған, түркі жұртын бауырына 
басып, қамқорлық жасаған деген аңыз бар. Сондықтан да Мұзтау 
шыңын көргісі келіп, тілек тілегісі келетін адамдар өте көп. Бірақ, өр 
Алтай, асқар Алтайдың биік шыңы пендешіліктен биік тұрғандықтан, 
жасырынып, көзге көрінбейтін құпия, тәкаппар қасиетімен өзі туралы 
аңызға мәңгілік сипат беріп тұр. Арада қаншама уақыт өтсе де, бұл 
аңыз өз маңыздылығын жойған жоқ.
Катонқарағай өңіріне қатысты аңыздардың көбі осы жердің табиғи 
ерекшелігімен тығыз байланысты. Үстінен төрт елдің - Қазақстан, 


23
Моңғолия, Қытай және Ресейдің шекаралары өтіп жатқан Алтай 
тауының атауына қатысты аңыз да соның дәлелі. Ауыр дертке ұшыраған 
әке-шешесіне емші іздеп шыққан жалғыз ұлдың алты ай жол жүріп, 
Шығысқа келіп, бір таудың үңгірінде сақалы беліне түскен емшіден 
ем сұрап, сол емшінің айтуымен сол маңайдан емдік шөп жинап, ата-
анасына қайнатып беріп, емдеп алғаны туралы аңыз Алтай тау атауын 
қалыптастырған екен. Осы аңыздағы «алты ай жүріп Шығыстағы 
бір тауға жетіпті» - деген сөйлем жолдарындағы уақыт мөлшері тау 
атауының шығу себебін көрсетсе, жергілікті тұрғындар бұл атау осы 
жердің табиғат ерекшелігіне байланысты қалыптасқан деген пікір 
айтады. Бұл өңірде «алты ай қыс, алты ай жаз болады» - деп суреттейді. 
Атаудың қалыптасуын соған сәйкестендіреді. Қалай болғанда да, бұл 
өңірде емдік шөптердің көп кездесетіндігі, табиғат құбылыстарымен 
ерекшеленетіндігі ақиқат. 
Нақты бір тарихи кезеңдегі тарихи оқиғамен байланысты туындаған 
аңыздардың негізгі бағдары елдің еркіндігі мен тыныштығын бұзған 
сыртқы жаумен соғыс барысы. Жаумен күрескен батырларды 
сомдау, ерліктерін насихаттау, жауға шапқан ерлерге рух, жігер беру 
мақсатын ұстанған, кейде жаудың да күш-қайраты мен ерлігін ашық 
мойындаған. Сондай аңыздың бірі - Қоңқай тауы туралы аңыз, жоңғар 
шапқыншылығы кезеңіндегі тарихи оқиға негізінде дүниеге келген. 
Аңыз желісі бойынша, жоңғарлар соғысында Барақ, Танаш бастаған 
сарбаздардан жеңілген қалмақтар осы тауды бекініс қылып, бірнеше 
күн бойы қарсылық көрсеткен екен. Жаудың басқа сарбаздары қашса да 
Қоңқай батыр оқ-дәрісі, азық-түлігі біткенше берілмей соғыса берген. 
Оқ-дәрісі біткен соң тау басына шығып, тауды жоталап қашқан екен. 
Кейбір адамдар Қоңқай батырды Танаш батыр қуып жетіп, басын 
алыпты десе, кейбір адамдар Қоңқай батыр аман-есен құтылып кетіпті 
дегенді айтады. Сол кезден бері осы тау «Қоңқай тауы» деп аталып 
кеткен көрінеді. Тағы да сондай бір географиялық нысан – Қаумыш 
көлі. Ол да қалмақ батырының есімі. Қазақтың батыры Қаумыштан 
айласын арттырып, Қаумышты өлтіреді. Сол Қаумыш өлген жерде 
үлкен көл болған. Кейіннен Қаумыш көлі деп аталып кеткен. Біз үшін 
Қаумыш көлі, Қоңқай тауының атаулары халқымызға қаншама қасірет 
әкелген тарихи оқиғаның куәсі, дәлелі. Қарап тұрсақ, географиялық 
нысандар атауының бір өзі қаншалықты маңызды ақпарат береді 
және сол ақпаратты тасымалдаушы қызмет атқарады. Демек, мифтік 
негіздегі аңыз болса да, тарихи оқиғаларға байланысты туындаған 


24
аңыздар болса да, аңыздардың нақты бір ұлт өкілі үшін маңызы үлкен. 
Топонимдік аңыздардың мазмұнында танымдық, әлеуметтік, саяси мән 
бар. Мысалы, Коробиха аудандық округіне қарасты Дарьин камень, 
Марьин камень топонимдік атаулар Революция кезінде бандылардан 
қашқан Дарья мен Марьяның тағдырының куәсі ретінде халық жадында 
сақталып қалған. Апалы-сіңлі екі қыз тастан құлап, сүйегі көмілмей 
қалған, сол тастар сол қыздардың есіммімен аталып кеткен. Мына 
бір тарихи аңыздардың шығу төркіні де қызыл мен ақтар төңкерісіне 
байланысты: Қатонқарағай ауданына қарасты, Байбөрі асуының ең үсті 
«Жазитөлген» деп аталады. Тұрғындардың айтуынша, Жазит деген кісіні 
шекарадан асып бара жатқан жерінде қызылдар атып өлтірген. Жамбыл 
аудандық округіне қатысты Ақшоқы ауылында «Алты орыс» деген 
жер бар. Қызылдар келіп, коллективизация болғанда, бір қашқынды 
іздеген. Сол жерде қашқын алты орысты өлтіріп кетеді. Осы оқиға 
«Алты орыс» жер атауымен таңбаланып қалған. Ал Жамбыл аудандық 
округіне қатысты «Кемпір» тауының атауы туралы ақпарат толық емес, 
жергілікті тұрғындар елден көшіп бара жатқанда, аттан құлап, бір кемпір 
өлген, соған байланысты қойылған атау деп түсіндіргенмен, не себепті 
көшіп, қайда көшіп бара жатқанда деген сұрақтардың жауабы күңгірттеу 
болғандықтан, оны қандай да бір тарихи оқиғамен байланыстырып айту 
күрделі. «Дана құлаған», «Солдатқұлаған» деген географиялық нысандар 
туралы аңыздар бір жағынан таулы аймақтың қауіп-қатерге толы екенін 
көрсетсе, екінші жағынан осы нысандарға телінген оқиғалардың пайда 
болу себебінен ақпарат береді. Сонымен қатар, ұмытылып қалған 
немесе негізгі ақпараты көмескіленіп, мазмұны басқаша сипат алған 
аңыздар да болады. Оған мысал ретінде, жоғарыда айтылып өткен 
«Кемпір» тауын келтіруге болады. Осы өңірге қатысты аңыздардың 
ішінде мифтік түсінікке, оның ішінде «белгісіз бір қара тылсым күштен 
қорқудан» туындаған аңызды кездестірдік. Ақсу аудандық округіне 
қатысты «Суықсай» елдімекенді тұрғындар былайша сипаттайды: «Ол 
жерде үнемі ызғырық жел соғып тұрған. Оның жоғары жағында зират 
болған. Біздің бала кезімізде онда шайтан бар деп айтатын. Ол жерде 
шайтан бар деп ойлаған». «Суық» сөзінің өзі көп нәрсені аңғартады. 
Қазақтың дүниетанымында «суық» сөзі көп жағдайда жағымсыз мәнде 
болып келеді: суық сөз, суық хабар, суық қабылдау, суық көзқарас т.с.с. 
Сайдың атауы да қазақы дүниетанымнан хабар береді. Мұндағы тілдік 
код қорқынышпен, үреймен байланысты. 


25


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет