Гераклит әлемде бірліктің болатынын және оның қарама-қарсылықтардың бір-біріне сай келуінің нәтижесі екендігін көрсетеді.
Күрес (төңкеріс) заңды да қажетті, өйткені ол әлемді жасаудың, жаңартудың қайнар көзі болады. «Төңкеріс – бәрінің анасы, бәрінің әміршісі»,ол қарама-қарсылықтардың бірігуімен, олардың үндестігінің орнауымен аяқталады.
Гераклиттің саяси-қоғамдық пікірлері де көңіл аударарлық.
«Халық заң үшін қаланың қабырғасы үшін соғысқандай шайқасуы керек... ал қылмысты өрттен де тез сөндіру керек»
«Бәрі бірлікте және бәрі қарама-қарсылықтардан тұрады».
ЛОГОС (қисын, ойлау туралы ғылым) дегеніміз – қарама-қарсылықтар бірлігінің
іске асуы, оның нақты түрдегі көрінісі.
Ертедегі Грецияда диалектикалық пікірлердің дамуы да Гераклиттің атымен
байланысты. Оның кең танымал болған «бәрі ағымды және бәрі өзгереді»,
«бір өзенге екі рет түсе алмайсыз» т.б. пікірлері cтихиялық диалектика