Классикалық кезеңге Сократ, Платон, Аристотель философиялары жатады.
СОКРАТ (б.з.д. 469-339 жж.) философия тарихында үлкен орын алады.
Сократтың пайымдауынша, адамның мәні – оның жан дүниесінде, жаны – оның ойлауға деген қабілеті, парасаты, адамгершілікке негізделген жүріс-тұрысы мен іс-әрекеті.
Ол адамды өзін-өзі танушы өнегелі жан иесі деп түсінді.
Сократтың ирониясы мен маевтикасы адамның жан дүниесін жетілдірудің жолын көрсетеді. Ирония дегеніміз – талқыланып жатқан мәселе төңірегінде қарсылас адамға тұжырымдарының ішкі қайшылығын сұрақтар қою арқылы көрсетіп, ақырында оны:
СОКРАТ
470-399 гг. до н.э.
«Менің білетінім – ештеңе білмейтінім» деген ойға әкелу.