Стоиктер бойынша адамның негізгі мақсаты – құмартудан құтылу, еріктілік таныту. Байлықты аңсап, оның соңына түскен бақытсыз, ол өзіне зардап әкелетін ізгіліксіз, ақымақ, ақылсыз адам. Стоиктердің айтуынша, мұндай адамдар халықтың көпшілігін құрайды.
Стоиктер этикада «егер адам барынша табиғатқа жақын өмір сүретін болса, бақытты болады,сондықтан ол өмірге керектің ең аз бөлігіне қанағаттануы керек» дегенге көзқарасты ұстанады. Ал егер «адам азбен шектелетін, ақыл-парасатпен өмір сүретін болса, ізгі және бақытты болады»дегенді білдіреді.
Ақыл-парасат адамның бар болмысының, яғни сана-сезімі және тәні бар жан иесі ретінде дамуының өн бойында жетілуіне себепші болады.
Жауыздық (кемістік) дегеніміз – осы өмір салтына жасалатын кедергілер. Сондықтан жауыздық түрлері – ақылсыз-зердесіздік, жүгенсіз бетімен кеткендік, қорқақтық, әділетсіздік ізглік түрлеріне қарсы тұрады.
Ізгі пікірлермен қатар, стоиктер адамның міндет-парыздары туралы ойды да насихаттайды. Мысалы, «адам тағдырға сәйкес өмір сүруі керек,сонда оның құдай бақылап сынаған, табиғатпен байланысты іс-әрекеті моральдық шыңдалады. Моральдық шыңдалу өмір салтына тек қана данышпандардың қабілеті жетеді, өйткені бұл жетістікке жету философиялық таным арқылы мүмкін болады», – дейді.