…Егер де қандай да бір жұмысты өзіңнің табиғатыңа сәйкес және уақытында, басқа жұмыстарға алаңдамай істесең, барлығын үлкен көлемде, жақсырақ және жеңілірек атқаруға болады… Бізде етік тігу өнері табысты жүру үшін біз етікшіге егінші, немесе, тоқымашы, немесе үй салушы болуға талпынуға да тиым салдық; дәл осылай кез-келген басқа адамға біз өзінің табиғи қабілеттері бойынша жарайтын бір істі ғана тапсырдық, ол басқа ештеңеге алаңдамай, осы іспен өмір бойы айналысады, және, егер де уақытын өткізіп алмаса, табысқа жетеді.
Философиялық жанның қасиеттері
Философтардың табиғатына қатысты айтсақ, біз олар мәңгі бар және пайда болу мен жойылу оны өзгертпейтін болмысты оларға ашатын танымға қатты құштар деп келісуіміз керек…Және олар бүкіл тұтас болмысқа, оның бір де бір бөлігін, кішісін де, үлкенін де, бағалығы азын да, көбін де мүмкіндіктері жеткенше назардан тыс қалдырмай ұмтылады, яғни, арын сүйетін және ғашық болғыш адамдар сияқты жасайды.
Философтың табиғаты ақылдың сай келушілігімен және туа біткен өткірлігімен ерекшеленеді.
Адамдардың бәрі табиғатынан білімге ұмтылады. Оның дәлелі сезімдік қабылдауларға әуестік…Ал ғылым мен өнер адамдарда тәжірибе арқылы пайда болады.Себебі, Пол (софист, Горгийдің шәкірті) айтқандай, және дұрыс айтқандай, тәжірибе өнерді, ал тәжірибесіздік оқиғаны қалыптастырды.
…Ойша тұжырымдау туралы ғылымдар (theoretikai) жасау өнерлерінен (poietikai) жоғары. Осылайша, даналық дегеніміз белгілі бір себептер мен бастаулар туралы ғылым екені анық.