ШЫҒАРУШЫ ДЕЙМІЗ БЕ, РЕДАКТҰР ДЕЙМІЗ БЕ? (ұсыныс ретінде) Осы күнге шейін «редактұр» дейміз деген сөзді «шығарушы» деб келеміз. Осының өзі дұрыс емес сықылды. Шығарушы редатұр дегеннен гөрі «Іиздательге» үйлеседі. Мəселен, «Еңбекші қазақты» Ғаббас шығарды деуге болады, партійа каміитеті шығарды десек, одан да дұрысырақ болады
Редактұрдың орнына қазақша сөз аламыз десек, шығарушыдан гөрі «басқарушы» дұрыс болар еді. Редаксиені «басқарма» дегеніміз сықылды. Редактұрды басқарушы деуіміз керек еді. Редактұрды жалпылама орысқа түсінікті қылыб айтқанда Руководитель газеты дер едік. Мұнымыз «басқарушыға» дəл келеді. Бірақ «басқарушының» да қыйсыны келмей қалыб отыр. Үйткені басқарушы деб осы кезде заведывающий біткеннің бəрін айтамыз, газеттің өзінде де бірнеше бөлім басқарушылар бар, редактұрды да басқарушы дейтүн болсақ, басқа да басқарушыдан айақ алып жүруге болмай қалатұн көрінеді.
Енді қайттік?
Біздің ойымызша, орысшалаб кеттік деушілер болмаса, редактұрды «редактұр» дебақ жіберсек дейміз. Редактұр десек те өзге мағына ауыб кетпес еді. Редактұр газетжорнал жұмысын басқаратұн адам екені өзінен-өзі түсінікті болыб тұрар еді. Кемесер, кемесійе деген сөздерде жалпы қазаққа түсінікті болыб кетті ғой, көб болса, – соның біріндей болар еді.
1920-1930 жылдары түрлі газеттер арқылы жұртшылық талқысына ұсынылған және Қазақстан Оқу комиссариатының білім секциясы бекіткен пән сөздерді оқырман назарына ұсынып отырмыз. Бұл атаулардың арасынан сұрыптап алып, бүгінде кәдеге асыратын сәтті терминдерді табуға болады.
ҚАЗАҚСТАН ОҚУ КЕМЕСЕРЕТІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҒАН ПƏН СӨЗДЕРІ