Казахский национальный


ПАРАДОКСТЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚЫРЫ



Pdf көрінісі
бет20/45
Дата04.02.2017
өлшемі3,69 Mb.
#3385
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45

 
ПАРАДОКСТЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚЫРЫ 
 
 
Парадокс  құпиясы  ежелден  Цицерон,  Аристо- 
тель, Квинтилианнан бастап Ж.Ж. Руссо, Ф. Ла- 
рошфуко, Г. Гейне, А. Шопенгауэр,  Б. Рассель- 
ге дейінгі басқа да зерттеуші еңбегіне арқау болды.  
Парадокс – көпқырлы  құбылыс, оның  түрлі 
ғылым  шеңберінде  зерттелуі  заңды.  Жалпы- 
философялық  аспектіде  парадоксты  зерттеген- 
дер  И.Нарский (1969), Б.  Базаров (1979), 
Г.Брутян (1959), Г.Артамонов (1982) жəне т.с.с.. 
Парадоксты  алғаш  рет  зерттеу, біз  ойлаған- 
дай əдебиеттануда емес, математикада басталды. 
«Para» - «дұрыс  емес,  бұрыс»; «doxa» - «көзқа- 
рас»; «dokein» - «ойлау»  деп  түсіндірілуіне  қа- 
рап  «парадокс - бұрыс  қорытынды»  деген  пі- 
кір  қалыптасуы  мүмкін.  Б.Ганеев,  О.Денисов, 
Г.Семен  секілді  ғалымдар  парадокстың  негізгі 
сипаттаушысы – алогизм деп санайды. Алогизм 
–əд.  Келеке,  мысқыл  үшін  тілде  логикалық 
байланысты  əдейі  бұзатын  стилистикалық  əдіс 
(РКС).  Алогизм  [грек. a. - болымсыздық  жұр- 
нағы, logos - ақыл] зат. пед. Шындыққа жетудің 
құралы  ретіндегі  логикалық  ойлауды  теріске 
шығару; логикаға сезімді, интуцияны қарсы қою 
əдісі.  Алогизм  мағыналық  жағынан  паралогизм 
(кері  ойлау)  ұғымына  жақын  (Қаз.  тілі  термин. 
Педагогика.).  Алогизм - біріне  бірі  логикалық 
қисыны  жағынан  кереғар,  қарама-қайшы  ұғым- 
дарды  əдейі  жақындатып,  жалғастыру  арқылы 
ойды  айрықша  əсерлі  етіп  жеткізетін  стильдік 
тəсіл  (Əдеб.  термин.).  Алогизм  əдісі  таным 
процесінде  жəне  ойды  əсерлі  жеткізу  құралы 
ретінде Шығыс философиясында жиі қолданыл- 
ған (Қаз. тілі термин. Педагогика.). 
Парадоксты  формальды  алогизм  дейміз,  ал 
кез  келген  алогизм  парадокс  бола  алмайды. 
Алогизмге  құрылған  тəсілдер,  сонымен  қатар 
алогизм  қолданылатын,  алайда  жетекші  қыз- 
метті  орындай  алмайтын  да  тəсілдер  болады. 
Соңғыларында  алогизм  элементі  болады.  Пара- 
докстың өзіне тəн қасиеттері бар: (1) алогизмнің 
болуы; (2) қарама-қайшылық,  қарама-қайшы 
түсініктердің  бірігуі; (3) қайшылық  (контраст) 
жəне  ұқсастық  қатынастың  бір  мезгілде  жүзеге 
асуы; (4) жинақылық; (5) белгілі,  үйреншіктіні 
тосын, айрықша түсіндіру. 
Парадокс  екі  мағыналық  қуатқа  ие.  Пара- 
докс: (1) жеке  мағыналық  (дұрыс  мағына  шең- 
беріндегі  логикалық  ауытқу,  қозғалыс,  конвен- 
цияның  бұзылуын  түсіндіруші)  жəне (2) психо- 
логиялық  (афористік  ойлау  ерекшелігін  түсіну;  
 
 
сөз  мағынасымен  ойнау  кезіндегі  автордың 
қандай да бір таңдауын анықтау; автордың жеке 
«тосын» қолданысына жол табушы) уəжді талап 
етеді.  
Бейнелі  түрде  айтатын  болсақ,  парадокс – 
өкінішке  орай,  жеңімпазы  ешқашан  болмайтын 
екі  шындықтың  жарысы.  Парадокстың  мəңгі 
«серігі» - түсінбеушілік,  яғни,  шындық  пен 
өтіріктің  өмір  бойы  бір-біріне  айналу  мүмкін- 
дігі.  Бұл  жұмбақ  құбылысты  зерттеп  жүрген 
философ,  логик,  психолог,  тілшілер  қызығушы- 
лығын тудыратын, парадокстың түр-түрін бірік- 
тіретін жалпы қасиет  болмақ. Парадоксты түрлі 
тұрғыдан  жəне  түрлі  мақсатпен  қарастыра 
отырып,  оның  қайсысы  болсын  адамның  ойы- 
мен байланысты екеніне көз жеткіземіз.  
Парадокс  тілдік  тұлғаның  жеке  сұранысы, 
сондықтан  осы  құбылыстың  психологиялық 
мəніне  назар  аудармастан  парадокстың  се- 
мантикасын зерттеу мүмкін емес. З.Фрейд «тап- 
қырлық» (остроумие) түсінігін дəлме-дəл аудар- 
масы  «рухани  жетістік»  дегенді  білдіретін 
Seeleenvermogen  термині  тамаша  түсіндіреді 
дейді. «У  остроумных  людей  нужно  предпо- 
логать  особое  дарование  или  особые  психоло- 
гические условия, которые способствуют работе 
остроумия» дейді атақты психолог [1; 188]. 
Афористік  ойлау  заттың  түбінде  жатқан 
ойды жоғарыға шығарады. Г.Қосымова: 
«…тыңдаушысын толғандыру, одан соң ой- 
ландыру, бұдан кейін еліктіріп əкету, ақырында 
дəлелді  уəжге  бас  қойғызу – шешендік  сөздің 
ерекше қасиеті болды. Уəж сөзге келерде, үкім-
кесім  қабылдағанда  халықтың  мораль  кодексі 
іспетті  мақал-мəтелдеріне  жүгініп,  өсиет,  мə- 
тел  үлгілес  афоризм  сөздерді  жиі  қолданып 
отырған»  деген  ой  түйеді  [Т.Тебегеновтен 
алынды. 2.]. 
«Афоризм - плод  ума,  склонного  к  опро- 
вержению,  настроенного  на  поиск  слабых  мест 
тривиальной  логики,  на  подрыв  авторитета  так 
называемого  здравого  смысла» [3; 91]. Тапқыр- 
лық  мəселесін  қарастырушы  ғалымдар  бір 
ауыздан  ең  басты  қиындық – əзілдің  не  екенін 
анықтауда  дейді.  Əзілдің  табиғатын  анықтауда 
біз  парадоксқа  келіп  сүйнеміз.  Сонымен  пара- 
докс дегеніміз не? «Парадокс – бұл тіреліс емес, 
шығармашылық  еркіндікке  жол  ашатын  тун- 
нель  соңындағы  сəуле» [4; 101]. Парадокстың 
мағыналық нұсқасында қоршаған ортаның іргелі 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011 
 
135
ой,  өзекті  жəне  түпкілікті  шындықтың  үнемі 
соқтығысуы  жатыр.  Адам  санасы  осы  заңды- 
лықты  басшылыққа  алады  да  қандай  да  кезде 
туындаған  шындықты – түпкіліктіге  айналды- 
рады.  Парадокс - тапқырлықтың  өнімі:  балама 
жəне  ұқсас  логикалық  мəндердің  мəңгілік 
бəсекесін  ашады.  Осы  бəсекелестік  шеңберінде 
мағынамен «ойнаудың» үш түрі анықталады: (1) 
бір-бірімен  үнемі  күресуші  бастаманың  ортақ 
мəніндегі тосын жаңалық, бүтін екіге бөлінеді де 
бірі  екіншісін  жояды; (2) айқын  антиномияны 
үзілді-кесілді  жоққа  шығарады; (3) позицияны 
(мақсат – мақсатты  бастама;  себеп  –салдар) 
ауыстырады. 
Парадокстың  күші  оның  қарама-қайшы- 
лығында емес, қайшылық генезисі кезінде біздің 
қатысуымызға  мүмкіндік  беруінде  болмақ. 
Шындығында  мəн-мағына  іздеуші  санаға  екі 
заттың  қарама-қайшылығын  түсіну  аздау. 
Парадокс – қарама-қайшылықты қажет етпейтін 
ой-сананың келесі бір қыры.  
«Сатқындық махаббат барын білдіреді. Жай 
ғана  танысты  сатып  кету  мүмкін  емес»(М.Ц.). 
«Махаббат  жəне  ана  болу  бір-бірін  жоққа 
шығарады.  Шынайы  аналық – ерлік» (М.Ц). 
«Ақылды адаммен əңгімелесу оңай, бірге жұмыс 
істеу  қиын»(С.М.). «Қызық  жұмыста  көретін 
түстерің  де  қызық  болады» (Б.Т.). «Жоқ  деген 
жауаппен  сонша  қапаландыратын,  осынша 
ренжітетін,  сонша  жер  қылатын  кім  болуы 
мүмкін? – Анаң  ғана» (М.Ц.). «Сенің  арманың- 
ның  өзгелерде  жүзеге  асатыны  қиындау»(С.Ғ.). 
«Адамдар  тек  бір  ғана  нəрсені  қызғанады: 
жалғыздықты.  Кешірмейтін  бір  ғана  нəрсе: 
жалғыздық.  Бір  нəрсе  үшін:  сен  неге  жалғыз 
болдың  деп  кектенеді» (М.Ц.). «Кітапты 
оқырман  жазуы  керек.  Жақсы  оқырман  кітапты 
көзін  жұмып  қойып  оқиды» (С.Ғ.). «Менің  бар 
ғұмырым  жəне  жаз  бойғы  жинаған  тəжірибем: 
тек бай адамға беру керек, тек күшті адамға ғана 
көмектесу  керек» (Б.Т.). «Қанат – ұшқан  кезде 
жайылғанда  ғана  еркіндік,  ал  арқаңда – тек 
ауырлық.  Қанат – еркіндіктің  емес,  күштің, 
еркіндіктің емес, ауырлықтың синонимі» (М.Ц.). 
Кей мысалдарда идеалдық парадоксты (кон- 
текстен 
бөлектенген 
ой-толғам-миниатюра) 
бұзушы субъектінің «мені»: ол сөйлем құрамына 
енген  кезде  ашылатын  шындық  жалпыадамзат- 
тық  жəне  жалпыуақыттық  болудан  қалады: 
«Мен - дəрігерге: - Мен  ештеңе  білмейтін 
болғасын  қорқамын. Сіз – бəрін  білетін  болған- 
дықтан қорқасыз, - деймін» (О.Ə.). «Бейсенбі Сіз 
үйде  жалғыз  болдыңыз,  сенбі – мен  жалғыз 
болдым,  ал  біз  жұма  күні  кездестік.  Бұл  не, 
əрине,  кездейсоқтыққа  толы  өмір  емей  немене, 
өмір – бəрі де орнында, бəрі де түсінікті болатын 
түстің  көлеңкесі» (С.Ғ.). «Жан  досым,  Сіз 
болмаған  соң  зерігіп  кеттім.  Менің  зеругімінің 
себебі – шынымды  (турасын!)  айтсам:  Сізсіз 
емес, Сізден (!) шаршадым» (Б.Т.). Авторлардың 
жеке  «қолтаңбасына»  орай  мұндай  мысалдар 
таптауырынға  айналудан  аулақ,  алайда  пара- 
докстық негізін де жоймайды.  
Авторлық  туралы  сөз  қозғаған  соң,  поляк 
журналисі  Ванда  Блоньскаяның  төмендегі  афо- 
ризмдеріне  назар  аударып  өтелік. «Менің  өті- 
рігіме  өтірікпен  жауап  бергенді  жек  көремін. 
Бұл  дегенің  əділетсіз  бəсекелестік  қой». «Қар- 
тайып  барамын  деп  ойлай  берме – бұл  қар- 
тайтып көрсетеді». «Басынан бастап жатсақ, 
онда  соңы  жақын  деген  сөз». «Махаббат 
қанаттандырады:  біреуін – құсқа,  біреуін – 
жарқанатқа  айналдырады». «Əйелдің  жарты 
сөзіне  ғана  сенуге  болады,  бірақ  қай  жарты- 
сына?». «Ерлер  ит  сияқты:  байламай  ұстаса- 
ңыз  сізге  байланып  қалады». «Тəртіпті  қыз 
болған  да  жақсы:  тым  құрығанда  ешкім  сені 
күндемейді».  «Ерлер  əйелді  түсінуге  тырысқан 
сайын  құпиялар  шырмала  береді».  Жеке 
қолданыстағы  афоризмдер  күнделікті  өмірде 
жиі  кездесетін  қарапайым  мəселе  төңірегінде, 
əрине  субъективтік  көзқарастан  туындаған. 
Дегенмен  өмірдегі  тамаша  қайшы-лықты  дөп 
басып  берген  мысалдарға  жеке  тоқталу  заңды 
деп ойлаймыз.  
Кейбір  афоризмдерде  мақсат  семантикасы- 
ның  екіұшты  болып  қайта  түсінілуі  де  кездесіп 
қалады.  Мақсаттың  өзі  белсенді  бастамаға 
айналады;  мақсат  керімақсатқа  ауысады  да, 
сөзсіз  қол  жеткізілуі  тиістіден  бас  тартылады. 
«Өмір  жолының  бір  сəтінде  мақсат  бізге  қарай 
ұмтылады.  Бастысы – ауытқымау» (Б.Т.). 
«Жылан  құсты  арбағысы  келмейді – құстың  өзі 
арбалғысы  келеді,  дұрысында  құс  қарады,  енді 
көзін  айыра  алмай  қалды.  Құстың  арбалғаны 
жыланды ұстап тұр» (М.Ц.). Бұл мысалда мақсат 
пен  оның  қарсыласының  арасындағы  шек 
бұзылған  (екеуінің  орны  ауысып  кеткен). 
Мақсаттың  керімақсатқа  өтуі  «жеңіс»  сөзін 
парадоксальді  түсінуге  байланысты  мысалдан 
байқалады:«зеріктірген  жеңіс», «іш  пыстырған 
жеңіс», «бас тарту жеңісі» жəне т.с.с.. «Сүйістен 
кейінгі  сезім – абыройсыз  жеңіс.  Зеріктірген 
жеңіс» (Б.Т.). «Жеңістен  лаззат  ала  алмау..., 
бастысы,  бір-ақ  сəтте  жеңімпаздан  жеңілгендер 
қатарына  аударып  тастар,  не  істеріңді,  қайда 
жібереріңді білмейтін жеңіс тығырығы»(Б.Т.).  
Парадокс - екі  мəннің  бəсекелестігі,  ол 
кейде  дауға,  кейде  ымыраға  əкеледі.  Шынайы 
парадокс  сыртында  логикалық  манипуляция 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011 
 
136
жатыр – нақтырақ  айтсақ – күшті  баламаның 
ұқсастыққа  айналуы.  Мəселен,  жоғарыдағы 
мысалдардағы: «не махаббат, не сатқындық» → 
«махаббат=сатқындық»; «не түс, не шындық» → 
«түс = шындық».  
Сөйлемге  арқау  болған  парадокс  сөйлеуші 
ұқсату  əлеуетін  байытады.  Парадокс  айтылуы 
тиіс мəліметті қасақана өзгертуге бейім тұрады. 
Кейде  авторлар  парадокс  арқылы  күнделікті 
өмірдегі  шындықты  көмескілейді.  Көрсетуге 
тұрмайтын  шыңғырған  шындықтан  қашудан 
парадокс  туындайды.  Парадокс  сөйлемдегі 
ақпарат  сырт  мəнмəтінге  тəуелсіз  болатындай 
етіп  құрылған.  Ол  өзінің  мағыналық  қуатынан 
күш  алады,  тіпті  ақпарат  жинақтаушы,  жадыда 
сақтаушы құрылым десек те болады. 
«Əкең  қапа  болады»  атты  əңгімеде  «Аузы 
қисық  болса  да  байдың  баласы  сөйлесін»  деп 
шынында  да  ауызы  қисық,  бірақ  жұрттың 
арасында  ретсіз  əрнəрсені  айта  берген  байдың 
баласын  бағалағаны  үшін  жиынның  шырқы 
бұзылғанына  қапа  болған  Бөлтіріктің  айтқан 
сөйлеу  мəдениетін  ұғындыру  ұлағатының  еш- 
қашан да мəнін жоймайтыны анық: 
«–  Сөзден  тəтті  нəрсе  жоқ.  Сөзден  ащы 
нəрсе тағы жоқ. Сөзден жеңіл нəрсе жоқ. Сөзден 
ауыр  нəрсе  де  жоқ.  Сөзіңді  тіліңе  билетпе, 
ақылыңа  билет.  Ақылды  сөзіңді  ақылсызға  қор 
етпе,  ақылға  айт.  Не  сөйлейтініңді  біл.  Кімге 
сөйлейтініңді  біл.  Қай  жерде  сөйлейтініңді  біл. 
Қай кезде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтініңді 
біл. Оны білмесең, сара сөзің шала болады, арты 
жала  болады,  əкең  қапа  болады».  Қайшылыққа 
толы  «сөзге»  берілген  сипаттама  парадоксқа 
құрылған.  Бөлтірік  Əлменұлы  афоризмдері 
интроверттік  жүкке  толы.  Олай  дейтініміз, 
интраверт – өмірдің  кез  келген  сұрағына  жауап 
беретін формулаға сенеді. Сол себепті жоғарыда 
келтірілген  афоризмдерді  күнделікті  өмірде 
қолдана  беруге  болады  (əрине,  өзінше  талдау 
жасай  отырып).  Авторлық  парадокс  сыртында 
нақты психолгиялық заңдылық жатыр.  
Бəрімізге  белгілі,  көмекші  есімдер  тек  сөз 
бен  сөзді,  тіркестерді,  сөйлемдерді  байланыс- 
тырып  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  компо- 
ненттер  арасындағы  қатынасты  да  сипаттайды. 
Сонымен  бірге,  сонымен  қатар  көмекші  есім- 
дері  стилистикалық  парадокс  туындатушы 
қызметте жұмсалады. (1) Шынтуайтқа келгенде, 
бұл  бір  шым-шытырық,  сонымен  бірге  түкке 
тұрғысыз  оқиға  болды.  Тіпті  еске  алғым  де 
келмейді (Т.Р.). (2) Жапон елінің мəдениеті мен 
үшін өте ауыр, сонымен қатар жеп-жеңіл болды. 
Ғажайыпқа толы ертегі ел мені бей-жай қалдыра 
алмады (С.Т.). 
Парадокс  туралы  Н.  Кондаков: «Неожи- 
данное,  необычное,  странное  высказывание, 
резко  расходящееся  с  общепринятым  мнением 
или  даже  со  здравым  смыслом» [5; 431]; 
Г.Семен: «Прием  парадокса – это  такая  алоги- 
ческая  связь  двух  частей  одного  высказывания, 
при  которой  объединяются  противоречивые 
понятия,  опровергаются  общепринятые  мнения 
и  штампы» [6; 83] деген  тұжырым  айтады. 
Стилистикалық  тəсіл - парадокс  бойында 
келесілер: 1) алогизм; 2) жалпыға белгілі тұжы- 
рым  мен  жазушы  айтқан  жаңа  ой  арасындағы 
қарама-қайшылық; 3) контраст  пен  ұқсастық 
қатынасы бір мезгілде жүзеге асуы; 4) белгілі əрі 
үйреншіктінің тосын түсінігінің болуы шарт.  
(3)  Алыс,  сонымен  бірге  жанға  жылы, 
жақын  естелік  Саматтың  бойын  билеп  барады 
(С.С.). (4) Талғат пен Сəуле, əйтеуір, үшінші күн 
дегенде шалғайдағы, сонымен бірге бала кезден 
күндіз  естен,  түнде  түстен  шықпаған  ең  жақын 
елге баратын болып шешті (Т.А.).  
Парадоксқа  тəн  тосындық  тілдік  ойын  ар- 
қылы берілуі мүмкін, ол кезде сөздің тура жəне 
ауыспалы  мағынасы  арасындағы  қайшылық 
басты қызмет атқарады. (5) Қабырғаның құлағы, 
сонымен бірге менің құлағым де түрілді (С.Т.).  
Антонимдерді  қасақана  пайдалану  арқылы 
эквиваленттік  синтаксистік  құрылымда  балама 
мен  ұқсастықтың  жүзеге  асқанын  көреміз. (6) 
Курстың мақсаты – студенттерге үнемі өзгерісте 
болатын,  сонымен  қатар  тұрақты  да  біртекті 
заттар туралы толық та ауқымды мағлұмат беру 
(дəрістен).  
Афоризм  бриллиант  сияқты  өте  қымбат,  ол 
көп  қырлы  болған  сайын,  солғұрлым  құбылып 
тұрады. Афоризм – ойдың  тұнбасы.   
Афоризмдердің  парадоксы  авторының  тіл- 
дік табиғатын сипаттайды, оның жеке авторлық 
ерекшелігі  бар.  Афористік  дискурстың  басты 
ерекшелігі - оның  белгілі  бір  авторға  тиесілі 
болуы.  Парадоксты  діңгек  етіп  алған  автор 
өмірге  деген  өзіндік  көзқарасын  білдіреді  жəне 
тəуелсіз  дүниетанымдық  концепциясын  құрай- 
ды.  Парадокстың  əлеуметтік  жəне  психология- 
лық  негізі  ретінде  афорист  пен  оқырманның 
белгілі  бір  ортасының  ұстанымын  алып 
отырмыз.  Осы  орайда  оларға  қойылатын  басты 
талап - психоанализге  бейім,  бейнелі  түрде 
ойлай  алатын,  өзін  (ішкі  дүниесін)  түсінетін 
жəне  əлеуметтік  ортада  өзіндік  көзқарасы  мен 
бағытының болуы. Афористің ұстанымы – адам 
болмысы  мен  өмірде  болып  жатқан  өзгеріс 
туралы  ойға  шомған  ойшылдың  ұстанымы. 
Сырт  көзге  көрінбес,  күнделікті  қарапайым 
құбылыстан  ерекшелік  табады  жəне  кемел- 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011 
 
137
денген,  жетілген  өмірдің  əлсіз  жағын  əш- 
керелейді.  Шынайы  өмірдегі  қайшылық  пен 
кемшіліктердің  бəрін  афорист  көреді,  оқыр- 
манына  жасырмай  жеткізеді.  Афоризмнің  пара- 
докстығы  эстетикалық  түсінікпен  байланысты, 
оны 1916 жылы  поэтикаға  Б.Шкловский  енгіз- 
ген  болатын.  Ол  шартты  түрдегі  «шеттену» 
(«остранение»  ауд.біз  -А.Е.)  терминін  ұсынды. 
Көркем  шығармада  адам,  зат  не  құбылыстың 
алғаш  рет  көрініп  тұрғандай  сипатталуын 
білдіретін  термин  жаңа  қасиетке  ие  болады. 
Осындан  барып  күнделікті  жəне  белгілі  зат, кез 
келген  жаңа  құбылыс  сияқты,  өзгеше,  өрескел 
болып  көрінуі  мүмкін [7; 188]. Шеттену  поэти- 
калық  семантиканың  қалыптасуына  қатысуы 
тиіс. «Тəсіл  ретіндегі  өнер»  атты  мақаласында 
ол «..если  мы  станем  разбираться  в  общих 
законах  восприятия,  то  увидим,  что,  становясь 
привычными,  действия  делаются  автомати- 
ческими.  Так  уходят,  например,  в  среду 
бессознательно-автоматического  все  наши  на- 
выки, т. е пропадает, ни во что вменяясь, жизнь. 
И вот для того, чтобы вернуть ощущение жизни, 
почувствовать  вещи,  существует  искусство. 
Целью искусства является дать ощущение вещи, 
как видение, а не как узнавание; приемом искус-
ства  является  прием  "остранения'"  вещей  и 
прием  затрудненной  формы,  увеличивающий 
трудность  и  долготу  восприятия,  т.  к.  процесс 
восприятия  в  искусстве  самоцелен  и  должен 
быть  продлен;  искусство  есть  способ  пережить 
деланье  вещи,  а  сделанное  в  искусстве  не 
важно» [7; 60] дейді.  Сипатталатын  заттар  мен 
құбылыстар  өрескел,  өзгеше  болған  кезде  ғана 
ғалым  осы  терминді  қолдануды  ұсынады. 
Афористерге  парадокстық  неге  қажет  деген 
сауалдың  жауабы  осында  жатыр.  Күнделікті 
өмірде  еш  айырмашылығы  жоқ,  қарапайым 
заттардан  айрықша,  өзгеше  құбылысты  көру 
жəне  оны  түсіну  үшін  одан  шеттенуі  (ал- 
шақтауы) қажет, кей кезде тіптен қарсы тұру да 
қажет  болады.  Парадокстік  афоризмдер  сырт 
көзге  көріне  бермейтін  қайшылыққа  оқырман 
назарын  аудартады: «Əдетте  үйленген  жұптағы 
біреуі ғана - ақымақ. Екі ақымақ қосылған кезде 
ғана мардымды бірдеңе болуы мүмкін». 
Шындықтан  алшақтап  барып  осы  парадокс 
афоризм  жұбайлар  өміріне  басқаша  көз 
салдырады;  екі  ақымақтың  қосылу  салдарынан 
хабар  беретін  тосын  қырдан  сипатталған.  Əр 
тілдесім  актісі  адресаттың  белгілі  бір  түріне 
арналады.  Адресат  пресуппозициясын  қанағат- 
тандыру  əсер  етудің  маңызды  шарты  болмақ. 
Тілдесім  актілерінің  прагматикасы  мен  құры- 
лымын  зерттей  келе  нақты  адресат  болмаған 
кезде  тілдесудің  коммуникативтік  статусының 
жоғалатындығын,  сұрақ  риторикалық  лепке,  ал 
тіркес – өсиетке,  этикалық  ұсыныс  не  бағыт-
бағдары  белгісіз  сентенцияға  айнатындығын 
көреміз.  Неміс  ғалымы  Р.Мейер  афоризм  адре- 
сатына қатысты: афоризм белгілі, шектеулі оқу- 
шыға  ғана  арналған,  автор  берген  тақырыптан 
даналықты  тани  біліп  өзіндік  көзқарас  қа- 
лыптастыра  алатын,  сол  төңіректе  ой  қозғай- 
тындар  афоризм  адресаты  болмақ  деген  қызық 
ой айтады[Наличникова еңбегіген алынды.8;36]. 
Афорим  оқырманы  негізінен  оқуға  емес, 
шығармашылық  шабыт  алуға  басты  назар 
аударады  деген  де  пікірлер  бар.  Осыған  қарсы 
пікірді  жазған  Ван  Лин  болатын,  афорист  тек 
шектеулі,  белгілі  ортаға  ғана  емес,  бұқараға 
арнап  жазады.  Прадокс  адресаттың  афоризмді 
саналы  түрде  қабылдауын  талап  етеді,  себебі 
парадоскалдық  афоризмде  мағына  жасырын 
түрде  беріледі.  Жалпы  парадоксалдық  афоризм 
ауыр  қабылданады,  себебі  жеке  авторлық 
афоризмді  талдап  түсіне  беру  кез  келген  адам- 
ның  қолынан  келе  бермейді.  Адресаттың  пси- 
хикасы,  бейнелі  ойлау  мүмкіндігі  афоризмнің 
адекватты түсінілуінде соңғы орында емес.  
Адресатты  толғандыру,  одан  соң  ойлан- 
дыру,  бұдан  кейін  еліктіріп  əкету,  ақырында 
дəлелді уəжге бас қойғызу – афоризмнің ерекше 
қасиеті. «Алтын  ереже:  адамды  пікірі  мен 
көзқарасына  емес,  сол  пікір  мен  көзқарас- 
тың  өзіне  əсер  етуіне  қарап  бағалау  қа- 
жет»  Г.Лихтенбергтің  афоризмі  (аударған  
біз –А.Е.).  
Парадоксалдық шындықты сатиралық түрде 
сипаттайды,  дауласушы  жақтарды  ымыраға 
əкеледі,  əлеуметтік  қысым,  ашуды  азайтады, 
яғни  «терапевтік»  қызмет  атқарады. «Өмір 
қысқа,  кей-кейде,  автобус  келгенше,  мəңгілікке 
созылып  кететінін  қайтерсің» (Интернеттен 
алынды).  Белгілі  «тосқан  жəне  қуғаннан  жаман 
нəрсе  жоқ»  деген  қағиданы  ұстанған.  Күрделі 
мəселе  əзілмен  «көркемделген»,  өмір  соқпағы, 
күнделікті күйбең тірішілік ауыртпашылығынан 
айырады,  көңіл-күйді  көтереді.  Комикалық 
парадокстарды  көңіл  көтеруші,  депрессия, 
пессимизмнен  арылу  «күші»  деп  те  қабылдауға 
болады. Өмірде жолы болмау, сəтсіздікке жеңіл 
(күле) қарау, болмашыға өкпелемеу – сəтті өмір 
сүрудің тамаша бір қыры. Н. Краустың «Өмірде 
қанша  ақымақтық  жасағаныңды  сана,  сонда 
қаншалықты  ақылды  болғаныңа  көзің  жетеді», 
К.  Хасеиновтің  «Өмірдің  ащысын  көрген  адам 
тəтті  өмірде  тез  бұзылмайды»  деген  тамаша 
афоризмдері  жоғарыда  айтылған  пікірлердің 
заңды  қорытындысы.  Өмірдегі  сəтсіздіктен 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011 
 
138
пайда  ғана  емес,  алдағы  өмірге  деген  үміт, 
шабыт та алуға болады.  
Күнделікті қарапайым өмір қайшылыққа толы, 
сондықтан  парадоксалдық  афоризмдер  адамды 
қоғамдық өмірге саналы түрде қарауға жетелейді.  
____________________ 
1.  Фрейд  З.,  Остроумие  и  его  отношение  к  бессоз- 
нательному. М.: 1925. 
2.  Тебегенов  Т.,
 
«Бөлтірік  шешен  сөздерінің  тəр- 
биелік мəні»//«Ана тілі» газеті. 2010 жыл, 4 ақпан. 
3.  Ляпон  М.,  Отношение  к  стереотипу  и  речевой 
портрет автора//  Словарь  и  культура  русской  речи.  К 100-
летию со дня рождения С.Ожегова. М.: 2001. 
4.  Бахтияров  К.,  Стили  мышления  в  логике // 
Вестник  Московского  университета  Серия 7. Философия. 
2000. №1. С. 56-67. 
5.  Кондаков  Н.,  Логический  словарь-справочник. 
М.:1995. 
 
 
6.  Семен  Г.,  Парадокс  как  стилистический  прием // 
Филологические науки. 1987. №5. С.80-83. 
7.  Шкловский  В.,  Искусство  как  прием // Гамбург- 
ский  счет:  статьи,  вомпоминание,  эссе (1914-1933) –М.: 
Сов. Писатель, 1990. – С.580. 
8.  Наличникова  И.,  Социальные  и  психологические 
основы  парадоксальности  (на  материале  немецкого  языка) 
//  Вестник  Челябинского  государственного  универси-тета. 
2009 №10 (148) С. 76-79.  
* * * 
Парадокс  употребляется  в  различных  функциональ- 
ных  стилях,  является  одним  из  эффективных  средств  воз- 
действия на читателя. Семантика парадокса рассмотрена в 
разных ракурсах и с разными целями. 
* * * 
Paradox uses in different functional stylesx and is one of 
the effective means of effect on the reader. Semantics of 
paradox is considered from different sides and with different 
aims. 
 
 
 
 
Т. В. Зенкова 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет