Казахский национальный


ЭМОЦИОНАЛДЫЛЫҚ  ЖƏНЕ ОНЫҢ ТІЛДЕГІ КӨРІНІСІ



Pdf көрінісі
бет22/45
Дата04.02.2017
өлшемі3,69 Mb.
#3385
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45

ЭМОЦИОНАЛДЫЛЫҚ  ЖƏНЕ ОНЫҢ ТІЛДЕГІ КӨРІНІСІ 
 
 
Эмоционалдылық  мəселесін  жүйелі  түрде 
зерттеу  қазіргі  қазақ  тіл  білімі  үшін  өзекті 
мəселелердің  бірі.  Эмоция – адамның  түрлі 
тіршілік  жағдайына  қанағаттануы  немесе  қа- 
нағаттанбауына  байланысты  туатын  психоло- 
гиялық күй.  Адам өзінің сан қырлы эмоциясын 
тіл  арқылы  сыртқа  шығарады,  адамның  түрлі 
эмоциялық  күйі  де  тіл  арқылы  бейнеленеді. 
Эмоция  адамның  көңіл-күйіне  байланысты 
түсінік  болғанымен  бүгінгі  күнге  дейін  эмо- 
ционалдылық  мəселесі  экспрессивтілікпен  бірге 
қарастырылып  келеді.  Лингвистикалық  сөздікте 
экспрессивтілікке  төмендегідей  анықтама  бері- 
леді: «совокупность  семантико-стилистических 
признаков  единицы  языка,  которые  обеспечи- 
вают  ее  способность  выступать  в  коммуни- 
кативном  акте  как  средство  субъективного 
выражения  отношения  говорящего  к  содержа- 
нию или адресату речи»  [1, 402 с]. 
Қазақ  тіл  білімінде  эмоционалдылық  пен 
экспрессивтілік  мəселесінің  қарастырылуын 
шартты  түрде  екі  топқа  бөлуге  болады.  Бірін- 
шісі,  арнаулы  орта    жəне  жоғары  оқу  орын- 
дарына  арналған  қазақ  тілінің  оқулығы,  оқу 
құралдарында  берілуі,  сондай-ақ  ғылыми  басы- 
лым  ретінде  жарық  көрген  жəне  тілдің  лек- 
сикология, стилистика немесе басқа мəселелерін 
қарастыру  барысында  айтылған  мəліметтер,  ал 
екіншісі  соңғы  жылдары  қолға  алына  баста- 
ған,  эмоционалдылық  пен  экспрессивтілік 
арнайы  зерттеу  нысаны  етіп  алынған  жұмыс- 
тар.  Мəселен,  Х.М.  Нұрмұқановтың  «Эмоцио- 
нально-экспрессивная 
лексика 
драматурги- 
ческих  произведении  М.Ауэзова»  атты  канди- 
даттық диссертациясы (1969), Ш.И. Нұрғожина- 
ның  «Эмоционально-экспрессивная  лексика 
казахского  разговорного  языка»  атты  кандидат- 
тық  диссертациясы (1989), З.Х.  Ибадильдина- 
ның  «Эмотивная  лексика  казахского  и  рус- 
ского языков» атты кандидаттық диссертациясы 
(1997),  А.Ғ.  Сембаеваның  «Көркем  шығар- 
малардағы  эмоционалды-экспрессивті  лексика 
(О.  Бөкеев  шығармалары  бойынша) (2002), 
 
Б.С.  Жонкешовтың «Эмоционалды бірліктердің 
тілдік  табиғаты  (семантика,  сөзжасам,  фоно- 
семантика)»  атты  кандидаттық  диссертациясы 
(2006),  А.А.  Мұсабекованың  «Қазіргі  қазақ 
публицистикасында  экспрессия  мен  эмоцияны 
білдірудің  тілдік  құралдары»  атты  кандидаттық 
диссертациясы (2004), К.С.  Сарышованың  «Қа- 
 
 
зақ  тіліндегі  эмоцияны  бейнелейтін  фразеоло- 
гизмдер»  атты  кандидаттық  диссертациясы 
(2006). Қазақ тіл білімінде жазылған еңбектерде 
эмоционалдылық  пен  экспрессивтілік  негізінен 
бірге  қарастырылып  келген  болса,  жоғарыда 
аталған  арнайы  зерттеу  жұмыстарының  бірқа- 
тарында  эмоционалдылық  пен  экспрессивті- 
ліктің  бөлек-бөлек  зерттеу  нысаны  ретінде 
алынуы,  ара  жігінің  айқындала  бастағанды- 
ғының көрінісі болса керек.  
Эмоция  тілде  фонетикалық,  лексикалық, 
грамматикалық  деңгейлерде  көрініс  табады.  
Бірақ  эмоциональдылық  мəселесі  қазақ  тіл 
білімінде  негізінен  лексика-семантикалық  яғни, 
эмоционалды-экспрессивті лексикалық бірліктер 
тұрғысынан  жəне  стилистикалық  деңгейде 
қарастырылып жүр. Фоносемантикалық, морфо- 
логиялық,  синтаксистік  деңгейде  басқа  мəсе- 
лелерге  қатысты  сөз  болғаны  болмаса,  арнайы 
зерттеу  нысанына  айналмаған.  Эмоция  сияқты 
психикалық  қалыптың  тіл  арқылы  көрінісін 
ғылыми-зерттеу  жұмысының  нысаны  ретінде 
алып  арнайы  қарастыру,  əсіресе  тілдік  стиль 
түрлеріне,  мəтін  түрлеріне  қатысты  зерттеу 
жүргізу  қазақ  тілі  білімінде  соңғы  жылдары  
қолға алына бастаған мəселелердің бірі.  
Тіл  білімінде  эмоционалдылық, экспрессив- 
тілік,  бағалауыштық  мəселелеріне  қатысты 
айтылатын пікірлерде де бірізділік жоқ. Зерттеу 
жұмыстарының  көпшілігінде  эмоция,  эмоцио- 
налды, экспрессивті, эмоционалды-экспрессивті 
сөздері  бірінің  орнына  бірі  қолданыла  бере- 
тіндігін  байқауға  болады.  Кейбір  лингвисти- 
калық  еңбектерде  ешқандай  эмоциялық  мəні, 
реңкі  немесе  бейнесі  жоқ  сөздерге  қатысты  да 
эмоционалды-экспрессивті немесе экспрессивті-
эмоционалды    терминдерді  қолданыла  береді. 
Ш.И.  Нұрғожинаның  «Эмоционально-экспрес- 
сивная  лексика  казахского  разговорного  языка» 
атты  кандидаттық  диссертациясында  қазақ 
сөйлеу  тілі  лексикасындағы  эмоционалды-экс- 
прессивті  сөздердің  жасалу  жолдары,  айырым- 
дық  белгілері  мен  функционалдық  ерекше- 
ліктері  қарастырылады. Зерттеуші қазақ ауызекі 
сөйлеу тіліндегі эмоционалды жəне экспрессивті 
сөздер  тобын  анықтау  арқылы  эмоционалды-
экспрессивтіліктің өзіндік ерекшелігін зерттеуді 
мақсат  етіп  қояды.  Қазақ  тілінде  эмоционал- 
дылық,  экспрессивтілік,  бағалауыштық  мəселе- 
лерінің  əлі  де  терең  зерттеле  қоймағандығы 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011 
 
145
жөнінде: «Исследование  эмоциональности,  оце- 
ночности  и  экспрессивности  не  получило  еще 
широкого  распространения  в  казахском  языке, 
хотя  некоторые  аспекты  освещались  в  трудах 
ученых  лингвистов  (М.Б.  Балакаев,  С.К.  Кенес- 
баев, Г.Г. Мусабаев, Ш. Ш. Сарыбаев,  А.Т. Кай- 
даров и др.», – жазады [2, 3 б]. Зерттеушілердің 
бірқатары  осы  терминдердің  ара-жігін  ашуға 
байланысты 
өз 
тұжырымдарын 
ұсынады. 
Мəселен, 
Н.А.Лукьянова, 
М.И.Черемисина,  
О.А.  Рыжкина  экспрессивтілікті  эмоционал- 
дылыққа  қарағанда  кең  ұғым  ретінде  танып, 
эмоционалдылыққа  қатысты  сөздерді  экспрес- 
сивті  лексикалық  қорға  жатқызады.  Яғни, 
аталған  ғалымдардың  пікірінше  эмоционал- 
дылық  экспрессив  негізінде  пайда  болған, 
сондықтан  экспрессив  бірінші,  ал  эмоцио- 
налдылық 
екінші 
болып 
саналады. 
Ал 
Е.М.Галкина-Федорчук  эмоционалдылық  пен 
экспрессивтілікке  байланысты: «Эмоциональ- 
ные  средства  языка  всегда  экспрессивны,  но 
экспрессивные  средства  языка  могут  и  не  быть 
эмоциональными», – деген пікір айтады [3, 4 б]. 
Ғалымның  бұл  пікірін  бірқатар  зерттеушілердің 
басшылыққа  алатындығын,  эмоционалдылық 
пен  экспрессивтіліктің  айырым-белгілерін  көр- 
сетуде  өзіндік  маңызы  болғандығын  эмо- 
ционалдылық  пен  экспрессивтілік  мəселесін 
көтерген еңбектерден байқауға болады. 
Д.С.  Писарев  эмоционалдық  пен  экспрес- 
сивтілік  туралы  ғалымдардың  пікірлеріне  шолу 
жасай  отырып: «... во  многих  исследованиях  не 
всегда четко проводится разграничение понятий 
«эмоциональность»  и  «экспрессивность».  Кате- 
гории  «эмоциональность»  и  «экспрессивность» 
являются  соотносимыми,  а  главное  различие 
между  ними  состоит  в  следующем:  если 
основной  функцией  эмоциональности  является 
чувственная  оценка  объектов  внеязыковой 
действительности,  то  экспрессивность – это 
целенаправленное  воздействие  на  слушателя  с 
точки  зрения  впечатляющей  силы  высказы- 
вания,  выразительности.  Таким  образом,  экс- 
прессивность – это  категория,  ориентированная 
на  адресата,  т.е.  имеющая  прагматическое 
значение», – деп  түйіндеп,  экспрессивтілікті 
прагматикалық  категория  ретінде  қарастырады  
[4, 116 б]. 
 Бұл 
мəселеге 
қатысты 
өз 
пікірін  
З.Х.  Ибадильдина  былай  білдіреді: «Синони- 
мичное  употребление  терминов  «эмоциональ- 
но-экспрессивный», «экспрессивно-эмоцио- 
нальный», «экспрессивно-эмоционально оценоч- 
ный» (с  разной  последовательности  компо- 
нентов)  указывает  на  отсутствие  разграничений 
разных  понятий,  стоящих  за  ними.  Термин  же 
«лексика с эмоциональной окраской» уместен  в 
стилистических  исследованиях,  где  эмоцио- 
нальная  окраска  слова  рассматривается  как  его 
стилистическое качество» [5, 20 б]. 
Эмоционалдылыққа  қатысты  қарастырыла- 
тын  негізгі  ұғымдардың  бірі – бағалауыштық. 
Лингвистикалық  сөздікте  бағалау  ұғымына 
төмендегідей  анықтама  беріледі: «Оценка – 
суждение  говорящего,  его  отношение – одобре- 
ние или неодобрение, желание, поощрение и т.п. 
–  как  одна  из  основных  частей  стилистической 
коннотации» [1, 305 б].  А.Р.  Апресян: «Эмо- 
циональный  компонент  чаще  всего  выступает 
вместе  с  оценочным  компонентом,  так  как 
оценка  является  содержанием  эмоционального 
значения.  Поскольку  в  процессе  языкового 
общения  существует  потребность  выразить  не 
только субъективное отношение говорящего, но 
и переживание этого отношения, т.е. эмоцию, то 
субъективное  отношения  и  эмоции  тесно 
переплетаются  в  человеческом  сознании,  что 
получает  лексическое  выражение  в  эмоцио- 
нально-оценочной  лексике», – деп  жазады [6,  
24  б].  Бағалаудың  коннотациялық  элемент 
ретіндегі  басқа  компоненттермен  арақатынасын 
анықтау тұрғысында түрлі пікірлер бар. Сыртқы 
дүние  адам  миында  түйсік,  қабылдау,  сезіну, 
елестету  арқылы  бейнеленеді.  Адам  өзін  қор- 
шаған  ортадағы  түрлі  құбылыстардың  жақсы- 
сына қуанады, сүйсінеді, шаттанады жаманынан 
жиренеді,  күйінеді,  ашуланады,  мұңаяды, 
қайғырады.  Бұлардың  барлығы  адамның  қайғы, 
қуаныш,  сағыныш,  күйініш,  шаттық,  жире- 
ніш,  ашу  сияқты  түрлі  эмоциялары  болып 
табылады.  Адам  өзін  қоршаған  ортадағы  түрлі 
іс-əрекетке,  өзіне  немесе  өзгеге  деген  қарым-
қатынасқа  т.б.  жағдайларға,  құбылыстарға  қа- 
нағаттанған  кезде  жағымды,  ал  қанағаттанбаған 
кезде  жағымсыз  эмоция  туады.  Ал  бағалау  сол 
жағымды немесе жағымсыз эмоцияның негізінде 
тілдік  құралдар  арқылы  сыртқа  шығарылады. 
Ұнамды баға жағымды эмоциядан, ұнамсыз баға 
жағымсыз  эмоциядан  пайда  болады.  Эмоцио- 
налды  бағалауыштық  сөздерге  адамның  көңіл-
күйін,  моральдық-этикалық  сезімін  білдіретін 
зат  есім  сөздерді  жатқызуға  болады.  Мысалы, 
надандық,  опасыздық,  азғындық,  қайырым- 
дылық т.б. Жағымды мағынадағы сұлу, жүйрік, 
батыр,  жағымсыз  мағынадағы  қорқақ,  салақ, 
қырсық  сын  есімдер  ешқандай  қатынасқа  түс- 
пей-ақ абсолюттік бағаға ие.  
Бағалауыш сөздердің көп кездесетін тобы – 
етістіктер. Ш.И. Нұрғожина зерттеу жұмысында 
ауызекі сөйлеу тілінде бейнелеуіш етістіктердің 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011 
 
146
жиі  қолданылатындығын,  ол  етістіктердің  іс-
əрекетті  көрсетіп  қана  қоймай,  ол  əрекеттердің 
сипатын,  мінездемесін  де  көрсете  отырып,  сол 
арқылы  сөйлеушінің  мəселеге,  затқа,  жағдайға 
деген  ішкі  жай-күйінен  де  хабар  беріп  оты- 
ратындығына  тоқталады.  Автор  қазақ  тіліндегі 
мұндай  етістіктердің  орыс  тілінде  баламасы 
кездесе  бермейтіндігі  туралы: «Интересно 
отметить,  что  образные  слова  казахского  раз- 
говорного языка зачастую не имеет параллелей в 
русском  языке», – деп  жазып,  келтірілген 
мысалдардың  көпшілігін  орыс  тіліне  түсін- 
дірмелі  тəсілмен  жеткізеді.  Мысалы,  состию, 
үдірею,  оқыраю – застыть  в  изумлении,  него- 
довании и т.д. (не просто остановиться, а как бы 
живописуется  образ,  застывшего,  удивленного 
человека);  кекжию,  кекірею – важничать  (вы- 
пятив  грудь,  говориться  о  человеке  с  оттенком 
насмешки);  итіну – как  бы  воткнуться  во  что-
нибудь  (целиком,  не  обращая  внимания  на 
окружающих);  шертию,  шермию – вздуться, 
выпятиться;  алшию  –  раскорячиться   [2, 93- 
94 бб].  
Зерттеуші  бейнелеу  тəсілінің  қазақ  жəне 
орыс тіліндегі айырмашылығы жайлы былай деп 
жазады: «Функция  этих  слов  состоит  в  том, 
чтобы  вызвать  у  говорящих  определенное, 
«образное»,  то  есть,  наглядное,  чувственное 
представление  о  предмете,  явлении,  человеке. 
Образные  представления  могут  быть  ви- 
зуальными – как мы видим этот предмет в свете 
формы,  цвета,  подвижности,  неподвижности. 
...Если  в  русском  языке  чаще  всего  пользуются 
сравнительным  образом  для  передачи  об- 
раза,  например, «идти  неуклюжей,  медвежьей 
походкой»,  то  в  казахском  разговорном  языке 
выработаны  многочисленные  образные  слова, 
которые не только рисуют одним словом какое-
то  действие,  но  и  одновременно  передают 
отношение  говорящих:  «Əне  талтаңдап  келе 
жатыр» – (вон, идет, как медведь) [2, 94 б]. 
Эмоцияның  тіл  арқылы  бейнеленуін,  тілдік 
құралдар  арқылы  берілуін  зерттеу  əрдайым 
қиындық  тудырады.  Себебі  бір  эмоцияның  əр 
түрлі  тəсілдермен  берілуі  немесе  бір  ғана 
дыбыспен,  бір  сөзбен,  бір  қимылмен  бір- 
неше  эмоцияның  білдірілуі  мүмкін.  Мəселен,  
О одағайы қиналу, таң қалу, қуану, рахаттану 
мəндерін  білдіре  алады.  Əрине,  олардың 
мағыналары  контекс  ішінде,  не  ситуацияда 
анықталады.  Көп  мəнді  одағайлардың  семан- 
тикалық  сипаты  интонацияға  да  тікелей 
байланысты  екендігі  белгілі.      Сондай-ақ,  эмо- 
цияны  білдіру,  эмоцияны  бейнелеудің  меха- 
низмін  анықтау  да  түрлі  жағдаяттарға  байла- 
нысты қиындық тудыруы мүмкін. 
Адамның  эмоциясын  жеткізуде  жиі  қолда- 
нылатын  тілдік  құралдардың  бірі – фразео- 
логизмдер.  Тіл  білімінде  соңғы  жылдары  жүр- 
гізілген  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  этностың 
өткендегі  өмір  сүру  тəжірибесі  мен  қазіргі 
болмысының  табиғаты,  рухани  құндылық- 
тарының  көрінісі  тілдің  түрлі  салаларында 
əсіресе,  лексикалық  жəне  фразеологиялық  құ- 
былыстарда кездесетінін дəлелдеп отыр. Осыған 
орай  тіл  біліміндегі  соңғы  жылдары  жазылған 
ғылыми-зерттеу  жұмыстары  тілдегі  ұлттық 
рухты,  ұлттық  ерекшелікті,  мінез-құлықты 
танытуға  негізделген.  Қазақ  халқының  өткені 
мен  бүгінін  танытатын  лингвомəдени  дерек 
ретінде  тілдегі  фразеологизмдер  де  түрлі  қы- 
рынан қарастырылуда.   
Қазіргі  тілдік  қорда  қолданылып  жүрген 
фразеологизмдердің  бір  тобы  адам  эмоциясына 
қатысты.  Адам  эмоциясына  қатысты  фразеоло- 
гиздердің  бір  тобы  жеке  тұрып  адамның  түрлі 
көңіл-күйін  білдіретін  болса,  енді  бір  тобы 
контекс  ыңғайына  қарай  эмоциялық  реңкке  ие 
болады.  Біреудің  қорыққандығын  айтқымыз 
келсе  жүрегі  ұшты,  зəресі  ұшты,  үрейі  ұшты, 
иманы  қашты,  көзі  шарасынан  шықты,  көзі 
алақандай болды, жүрегі тас төбесіне шықты, 
зəресі  зəр  түбіне  кетті,  жаны  мұрнының 
ұшына  келді,  деген  фразеологизмдерді,  ал 
біреудің  қатты  таң  қалғандығын  аузын  ашып, 
көзін  жұмды,  рахаттанғанын  айызы  қанды, 
қуанғанын екі езуі екі құлағына жетті, жерден 
жеті  қоян  тапқандай  болды,  құмартқанын 
аузының  суы  құрыды,  аузынан  суы  ақты, 
аузынан  сілекейі  шұбырды,  ұялғанын  кірерге 
тесік таппады, бет моншағы үзілді, беті күйді,  
бетінен оты шықты,   құлағының ұшына дейін 
қызарды,  жүзі  шыдамады,  жер  шұқыды, 
үрейленгенін  төбе  шашы  тік  тұрды,  өкінгенін 
санын  соғып  қалды  фразеологизмдері  арқылы 
білдіреміз. Бұлардың барлығы ана тілінің шексіз 
байлығын,  фразеологизмдердің  эмоциялық реңк 
жасаудағы  орамдылығын  көрсетеді.  Фразеоло- 
гизмдер  сөйлем  ішінде  қолданылғанда  стильдік 
ерекшелікті, эмоциялық реңкті айқын көрсетуге 
қызмет етеді. Мысалы, қуанды деген сөз бен екі 
езуі  екі  құлағына  жетті  фразеологизмінің, 
қорықты  деген  сөз  бен  жүрегі  тас  төбесіне 
шықты  фразеологизмінің,      арасында  мағына- 
лық  сəйкестік  болғанымен,  бұл  сəйкестік  толық 
балама  бола  алмайды  себебі  қуанды,  қорықты 
сөздерінде фразеологизмдердегідей экспрессивті 
реңк жоқ. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011 
 
147
Қазақ  тілінің  фразеологизмдері  бүгінгі 
күнге  дейін  көркем  шығармада  қолданылуы 
тұрғысынан, мағыналық-тақырыптық топтарына 
қатысты,  сондай-ақ,  жекелеген  тілдермен  са- 
лыстыра, салғастырыла зерттеліп келді. Фразео- 
логиялық  зерттеулердегі  адам  эмоциясына 
қатысты  бірліктердің  қарастырылуы  қазақ 
фразеологиясының  теориясына  өзіндік  үлес 
қосады,  қазақ  тіл  біліміндегі  эмоционалдылық 
мəселесінің  одан  əрі  зерттелуіне  белгілі  бір 
дəрежеде  бағыт-бағдар  береді.  Адамзатты 
қоршаған  дүниенің,  құбылыстың  бəрі  халық 
тілінен  көрініс  табады.  Бұл  тілдің  танымдық 
сипатын,  білім  берудің  құралы  қызметін 
атқаратындығын ғана көрсетпейді, тіл өз бойына 
философиялық,  физиологиялық,  психологиялық 
т.б.  ғылым  нəтижелерін  де    жинақтайтын  қор 
екендігін де ескерсек адам эмоциясына қатысты 
лингвистикалық  зерттеу  жұмысындағы  семан- 
тикалық, типологиялық,  когнитивтік  мəселелер- 
дің  бірқатарының  аталған  құбылысты  өзге 
ғылымдармен  байланыстыра  қарастырған  кезде 
ғана  дұрыс  шешімін  табатындығына  көз 
жеткізуге болады. Адамға тəн жақсы көру, жек 
көру,  жеру,  жирену,  күйіну,  сүйсіну  т.б.  да 
сезім,  көңіл-күйлеріне  қатысты  тілдік  бірлік- 
терге  лингвистикалық  талдау  жасағанда  оларға 
тек  тілдік  тұрғыдан  ғана  емес,  философиялық, 
физиологиялық,  əлеуметтік,  психологиялық, 
педагогикалық тұрғыдан да келу керек.   
Қорыта келгенде, эмоционалдылық денотат- 
тық компонентте де, конотаттық компонентте де  
 
 
 
 
кездеседі.  Экспрессивтілік  дегеніміз – айтушы- 
ның  өзі  баяндап,  əңгімелеп  тұрған  жайға  өзінің 
жеке  басының  көзқарасын,  пікірін  білдіретін 
семантикалық-стилистикалық белгілердің, амал-
тəсілдердің жиынтығы. Экспрессивтілік эмоция- 
ға  байлаулы  емес,  эмоцияға  қатысы  жоқ 
құбылыстарға байланысты да қолданыла береді.  
Адам  айналасындағы  заттар  мен  құбылыстарды 
қабылдағанда  адам  санасында  оларға  қатысты 
баға тууы мүмкін. Денотаттық бағалаудан бөлек, 
коннотатты  бағалаудың  болуы  нəтижесінде  сөз 
тілде  эмоционалды-бағалауыштық  коннотатқа 
ие  болады.  Бағалауыштық  дегеніміз – сөйлеу- 
шінің  өз  тарапынан  зат  пен  құбылысқа,  іс-
əрекетке берген бағасы, оған деген көзқарасы.  
_______________ 
1. Словарь лингвистических терминов. –М., 1966. – 608 с. 
2.  Нургожина  Ш.И.  Эмоционально-экспрессивная 
лексика  казахского  разговорного  языка:  Дис.  канд.  филол. 
наук. - Алма-Ата, 1989. – 145 с 
3.Галкина-Федорук,  Е.И.  Об  экспрессивности  и 
эмоциональности в языке 
[Текст]. – В  кн.:  Сборник  статей  по  языкознанию. – 
М., 1958. –С. 118-125. 
4. Писарев, Д.С. Функционирование восклицательных 
предложений  в  современном  французском  языке  и  их 
прагматический  аспект  [Текст] / Д.С.  Писарев // Праг- 
матические  аспекты  функционирования  языка. – Барнаул: 
Изд-во АГУ, 1983. – С. 114-125. 
5. Ибадильдина З.Х. Эмотивная лексика казахского и 
русского  языков:  Дис.  канд.  филол.  наук.  –Алматы, 1997.  
–223 с. 
6. Апресян А.Р. Экспрессия в художественном тексте 
//  Извести  АН.  Серия  литературы  и  языка. 1992. №1. –С. 
21-28. 
  
  
 
 
 
Б. С. Қапалбеков 
 
ТАКСИСТІК ҚАТЫНАСТЫ БІЛДІРЕТІН ПЫСЫҚТАУЫШТАР
 
 
 
Пысықтауыштар  мен  бағыныңқылардың 
генетикалық  жақындықта  екендігін  дəлелдеу 
оңай.  Мəселен,  сөйлемдегі  сөздердің  орын 
тəртібі  тұрақты  жəне  жылжымалы  болады. 
Пысықтауыштардың  ішінде  өзі  пысықтайтын 
сөздің  тек  алдында  тұратын  сөздер  бар  да 
(Поезд  жайлап  қозғала  бастады),  сөйлемдегі 
орны  еркін  болатын  пысықтауыш  сөздер  бар 
(Жайлап поезд қозғала бастады). Пысықтауыш- 
тардың  кейінгі  қасиеті  жайлы  түркітануда 
кеңінен айтылып жүр. Бұлай болудың себебі кей 
пысықтауыштар өзі пысықтайтын етістікпен өте 
тығыз  байланыста  болмайды  жəне  олар  егер  
 
 
сөйлемнің басында тұрса, тек етістікке қатысты 
емес,  бүкіл  сөйлемге  қатысты  болады.  Бұл 
пікірімізді  жұмсалымды  синтаксистің  үлкен 
маманы Жантас Жақыпов та растайды. Ғалым өз 
зерттеуінде мезгіл пысықтауыштың баяндауыш- 
пен  байланысы  еркін,  əлсіз  болатыны,  пери- 
фериялық  позицияда  бола  отырып  сөйлемді 
тұтасымен айқындайтыны, сөйлемнің өн бойына 
қатысы  болатыны  туралы  пікірлерге  тоқтайды 
да,  мезгіл  пысықтауышының  осы  қасиетінен 
болар,  ол  бір  сөйлемнің  шеткергі  орнында 
(периферияда)  тұрып,  баяндауышпен  еркін, 
əлсіз  байланысатындықтан,  тек  сол  сөйлемнің 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011 
 
148
өн  бойына  ғана  емес,  тұтас  контекске  де 
қатысты  бола  алады.  Мұндай  контексте  сол 
мезгіл  пысықтауыш  қатысып  тұрған  сөйлемнен 
басқалары  мезгіл  пысықтауышсыз  сөйлем 
сипатында болады деп, оған мынадай мысалдар 
келтіреді:  Баяғыда  соғыс  басталған  жылы 
жігіттермен  бірге  военкоматқа  барған.  Тізең 
шығып  кеткен  деді  ме,  тобығын  қисық  біткен 
деді  ме,  əйтеуір  əскерге  жарамай  қалды 
(Ə.Кекілбаев).  Күн  кешкіре,  күзгі  суық  тұман 
сейілді де, жел тынып, жылы жаңбыр себеледі. 
Алдан кең өзек кезікті (С.Жүнісов).  
Бұл  мысалдардан  бірінші  сөйлемдегі  асты 
сызылған  мезгіл  пысықтауышы  екінші  сөй- 
лемдегі  оқиғаға  да  қатысты,  сондықтан  да 
екінші  сөйлемді  оқшау  алсақ,  ол  толымсыз 
болып шығар еді.  
Келесі мысалдың ерекшелігі – екінші тұрған 
мезгіл  пысықтауышсыз  сөйлемнің  жетпей 
тұрған  пысықтауышының  орнына  бір  сөз  емес, 
предикаттық  ыңғайындағы  бағыныңқы  сөйлем 
жүріп тұр [1, 146]. 
Таксистік  қатынастар  пысықтауыш  мүше 
етістік  сөз  табынан  болғанда  ғана  орын  алады. 
Сондықтан ғалымның келтірген күн кешкіре деп 
басталатын  екінші  мысалында  іліктес  таксистік 
қатынас бар екендігі анық. 
Пысықтауыштардың 
етістік 
сөз 
табы 
арқылы  жасалуы  кейіннен  пайда  болған 
құбылыс.  Сын  есімнің  негізгі  қызметі  заттың 
қасиетін  анықтау  болса,  үстеудің  қызметі 
қимылды сипаттау болып табылады. 
Біздің  түсінігімізше,  есімше  жəне  көсемше 
тұлғалы  етістіктердің  анықтауыштық  жəне  пы- 
сықтауыштық  қызметтерде  жұмсалуы  сөйлеу- 
шінің  жалпы  категориялық  мағынаның  ішіндегі 
əртүрлі  реңктерді  беру  қажеттілігінен  туған. 
Мəселен,  жалпы  қанша?  деген  сұраққа  жауап 
беру бар да, сол қашан деген сұрақтың ішіндегі 
де  мағыналық  реңктерді  толық  ашып  айта  алу 
бар:  таңертең  бардым,  кешке  бардым,  күн 
шыға  бардым,  таң  біліне  бардым.  Мұндағы 
пысықтауыштық  қатынаста  тұрған  сөз  тір- 
кестерінің  қай-қайсысы  болса  да  қашан?    деген 
сұрауға жауап беріп тұр. Пысықтауыш мүшенің 
алдыңғы  екеуі  үстеуден  болса,  кейінгілері 
көсемше тұлғалы құранды етістіктерден болған. 
Қалай? деген сұраққа жауап беретін пысық- 
тауыштар  да  үстеуден  өзге  сөз  таптарынан 
жасала  береді:  күлімдеп  қарады,  жағалай 
отырысты,  көре-көре  көсем  боларсың,  сөйлей-
сөйлей  шешен  боларсың.  Қалт  тоқтады, 
шалқасынан  ашылды  т.б.  Күлімдеп  сөйледі 
(көсемше),  ақырын  сөйледі  (үстеу)  дегендер 
қалай?  деген бірдей сұраққа жауап беріп, екеуі 
де  амал  пысықтауыш  жасап  тұрса  да,  іштей 
реңктік  айырмашылықтарға  ерекшеленді.  Кө- 
семше  пысықтауыш  қимылдың  тəсілін  білдірсе, 
үстеу  пысықтауыш  қимылдың  қарқынын  біл- 
діріп  тұр.  Төл  қызметі  пысықтауыштық  бол- 
ғанымен,  үстеу  сөз  табы  пысықтауыштардың 
барлық мағыналық түрлерін (амал, себеп, мекен, 
мақсат,  мезгіл)  жасауға  əлі  жете  бермейді. 
Сондықтан  сөйлеуде  бұл  қызметтерге  көсемше, 
сын  есім,  еліктеу  сөздер,  тұлғалық  өзгеріске 
түскен зат есімдер, есімшелер т.б. тартылады.  
Пысықтауыштардың  тек  қана  үстеулерден 
болмауының  екі  себебі  бар.  Бірі – жоғарыда 
айтқандай,  көсемшелердің  бойында  болатын 
реңктік  мағыналардың  үстеулерде  болмауынан, 
айтушының  өзі  жеткізбек  болған  реңкті  тап 
басып  айту  мақсатынан  туындаған  құбылыстар 
болса, екіншісі – дəл сондай мезгілдік мағынаны 
жеке  үстеу  сөздердің  бере  алмауынан  деуге 
болады.  Бір  ұғымды,  затты,  əрекетті  бір  ғана 
сөзбен  беру  мүмкіндігі  жоқ  болса,  онда  тіркес 
арқылы  беру  тілімізде  молынан  кездеседі. 
Мысалы: 
а)  Ел  орынға  отырар  кезде  ауылға  қайтып 
келе  жатқан  екі-үш  жылқыға  келіп  араласты 
(М.Əуезов). 
ə)  Таң  қалыңдап  келе  жатқанда  барлық 
аңшы  мен  көп  жылқышы  атқа  мінді 
(М.Əуезов). 
б) Таң əбден атып, ел тұрған мезгілге шейін 
Бақтығұл  сартылдатып  жүре  бермек  болды 
(М.Əуезов). 
в)  Үш  бала  түс  ауғанша  қарлы  даланы 
мейлінше аралады (Ө.Қанахин). 
 
Жоғарыда  келтірілген  сөйлемдердегі 
таксистік  қатынастардың  ЖМӨ  орталық  (ядро) 
сипатын  мынадай  сызбалар  арқылы  көрсетуге 
болады: 
 
а)   
2. 
 
 
 
1. 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011 
 
149
ə)  
        1. 
 
2. 
 
 
б)    
 
2. 
 
 
 
1. 
 
 
в)  
        1. 
 
2. 
 
 
Келтірілген 
мысалдардың 
барлығында 
күрделі  мезгіл  пысықтауыштар  мезгіл  мəнді 
сөздердің  қатысуымен  жасалған.  Қазақ  тілінде 
мезгіл  мəнді  сөздер  өте  көп.  Осы  мəселені 
концептология  тұрғысынан  жан-жақты  зерт- 
теген  Л.Асқардың  айтуынша  тəулік  лексика-
семантикалық өрісін құрайтын 360 атау циклдік 
жүйеге түсірілген [2, 22]. 
Автор  келтірген  тілдік  бірліктердің  дең- 
гейлік  сипаты  əртүрлі  Тəулік  өрісін  құрайтын 
360  атаудың  ішінде  жеке  сөздер,  фразео- 
логизмдер  жəне  метафоралар  бар.  Екінші 
сыңары  етістік  болып  келетін  ымырт  үйіріле, 
түс ауа, таң ата жəне т.б. сияқты мезгіл мəнді 
тіркестер арқылы пысықтауыш жасалып, олар өз 
баяндауыштарымен  таксистік  қатынастардың 
үш  түрін  жасай  алады.  Бірақ  осы  келтірілген 
мезгіл  мəнді  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  көбі 
қазақ  тұрмысында  əлемге  ортақ  күнтізбенің 
жəне  сағаттың  пайда  болуына  байланысты  жиі 
қолданылмай  қалды.  Анығырақ  айтсақ,  əлемнің 
тілдегі  көрінісін  əлемнің  ғылым  тіліндегі 
көрінісі ығыстыра бастады. Ағарып атқан таңды, 
қызарып  батқан  күнді  өз  көзімен  көрмеген, 
бақыламаған  ұрпақтың,  əсіресе  қала  баласының 
тілінде  мезгіл  мəнді  тіркестер  қайдан  болсын. 
Олар  тəуліктің  қажетті  кезеңін  хабарлау  үшін 
таңғы  сағат  үште,  кешкі  сағат  бесте  деген 
сияқты  тіркестерді  қолданады.  Тəулік  өрісін 
құрайтын  тілдік  бірліктерді  түгелдей  білме- 
гендіктен ауылда өсіп, қалада жүрген көбіміз-ақ 
бүгінгі күні  сағатқа  жүгінгенді  оңай  көретініміз 
анық.  
Таксистік  қатынастар  тек  мезгіл  мəнді 
сөздердің  қатысуымен  ғана  жасалмайтындығы 
белгілі. Тиянақсызданған есімше тұлғалары мен 
көсемше  тұлғалары  арқылы  жасалған  пысық- 
тауыштар  етістік  баяндауышпен  мезгілдік  
 
қатынаста  болады.  Мысалы,  Əрқайсысы  Гау- 
һардың  қолын  алғанда  өңдері  жылып,  езу 
тартады.  Нар  түйе  үйге  жеткенде  басына 
үкілі  тақия  киген,  талдырмаш  денелі  қыз 
шығып,  бұйдасын  шешіп,  есік  алдындағы 
қазыққа  байлады  (Т.Ахтанов).  Үй  іші  асқа 
отырғанда  сыртта  көген  басында  жатқан 
қойлар  мекіренді.  Еламан  ұсталып  кеткелі 
жалғыз  қалған  қызына  жиі  қатынап  жүреді  
(Ə.Нұрпейісов).  
Біз  жоғарыда  қазіргі  қазақ  тілінде  мезгіл 
пысықтауыштардың  түрлі  жолдармен  жасала- 
тындығын айттық. Олардың барлығы да қашан? 
деген сұрауға жауап береді. Айтыс тартыстар- 
да  ол  қаймығып  көрген  жоқ  (Д.Исабеков).  Елу 
бір,  елу  екінші  жылдары  ақ  мылтық  асынған 
қиямет қыс болды (Ш.Айтматов). Осы түнде ас 
піскенге  шейін  Барлас  Қобыланды  батыр 
жырын жырлады (М.Əуезов).  
Сөйлемдердегі  мезгіл  пысықтауыштардың 
барлығы  қашан?  деген  сұраққа  жауап  беріп 
тұрғанмен,  соңғы  сөйлемдегіден  басқасында 
таксистік  қатынас  орнап  тұрған  жоқ.  Неге? 
Себебі  алдыңғы  екі  сөйлемдегі  пысықтауыш- 
тардың  бірі  зат  есімнен  (айтыс  тартыстарда 
...),  екіншісі  сан  есімнен  (елу  бір,  елу  екінші 
жылдары ...)  жасалып  тұр.  Яғни  қимыл-əре- 
кет  жоқ.  Тиянақтаушы  етістікпен  мезгілдік 
қатынаста  тұрған  құрылымға  Осы  түнде  ас 
піскенге  шейін ...  мезгіл  пысықтауышы  жа- 
тады.  Өйткені  таксистік  қатынастардың  барлы- 
ғының  мағыналық  өрістік  орталығы  (ядросы) 
бірінен  кейін  бірі,  бірінің  алдында  бірі  не- 
месе  қатарлас  өтіп  жатқан  екі  қимыл  болып 
табылады.  
Сонымен  біз  жоғарыда  айтылғандарды 
жинақтай  келе  мына  нəрселердің  басын  ашып 
алуды жөн көрдік: 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011 
 
150
1.  Таксистік  қатынастар  тек  полипреди- 
кативтік  сөйлемдерде  ғана  емес,  пысықтауышы 
бар  жай  сөйлемнің  жайылма  түрі  арқылы  да 
жасалады екен. 
2.  Барлық  пысықтауыш  арқылы  таксистік 
қатынастар орнамайды. Тек мезгіл пысықтауыш, 
оның  ішінде  тиянақсызданған  есімше,  көсемше 
жəне  көмекші  сөздердің  қатысуымен  жасалған- 
дарында  ғана  таксистік  өріс  орталығы  анық 
көрінеді. 
3.  Мезгіл  пысықтауыш  жасайтын  көсемше 
жəне есімше тұлғалары сол күйінде солға қарай 
күрделеніп  барып,  бағыныңқының  баяндауы- 
шын  жасай  алады.  Бұл  құбылысты  деривация- 
лық  модельдер  арқылы  дəлелдеуге  əбден  бо- 
лады.  
4.  Таксистік қатынас жасауға негіз болатын 
функционалды  жұрнақтардың  (есміше,  кө- 
семше)  жұмсалымдық  мүмкіндігі  екі  түрлі: 
есімшелердікі  кеңдеу.  Олар  анықтауыштан  өзге  
 
 
 
 
тұрлаусыз  мүшелердің  қызметін  атқарарда 
тиянақсызданады  да,  кейбірі  тіпті  көсемшенің 
қатарына өтіп кетеді.  
5.  Таксис  өрісін  жасауға  қатынасатын 
функционалды  жұрнақтардың  жұмсалу  ауқымы 
(жұмсалу  парадигмасы)  бір  бірімен  тығыз 
байланысты.  Оған  тіл  біліміндегі  парадигма- 
лық  жəне  синтагмалық  қатынастарға  сүйеніп 
есімше  жəне  көсемше  жұрнақтарының  жұмсалу 
мүмкіндігіне талдау жасау арқылы көз жеткізуге 
болады.   
______________ 
1.  Жакупов Ж. Қазақ тілі функционалдық синтаксисі 
(Контекст  проблемасы). – Докторлық  диссертациясы.  
– Алматы, 1999. – 212 б. 
2.  Асқар  Л.О.  Қазақ  тіліндегі  тəулік  кезеңдері  атау- 
лары.  Кандидаттық  диссертциясының  авторефераты.  Ал- 
маты, 2005. – 28 б. 
* * * 
В  статье  речь  идет  об  обстоятельствах,  которые 
обозначают  таксисные  отношения,  дается  обширный 
фактологический материал по видам их формирования.  
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет