Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу
өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты
мекендеген тайпалар Дешті Қыпшақтан қоныс аударған қазақ
тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы
аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл араға
келіп
ес
жинап,
етек
жауып,
экономикалық
тұрмысы
түзеле бастады. Дешті-Қыпшақ қөшпенділері Әбілхайыр хан қол
астынан шығып, Қазақ хандығына қеліп жатты. Алайда жаңадан
құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлсіз еді және
бірсыпыра
қазақ
тайпалары
Әбілхайыр
хандығының, Моғолстанның, Ноғай Ордасының және Батыс Сібір
хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын.
Ал Әбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған
қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына қылышын қайрап
отырды.
Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс
Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында 200 мыңдай
саны бар көшпелі тайпалардың жинады. Көшпелі елдің
отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе
қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық -
Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-
саттық қарым-қатынасы дами бастады.