Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
129
айтар ойын, мәтіннің мағынасын, тереңде жатқан астарлы ойын зерделеуде зерттеушілердің
сыни пікірлері мен пікірталастары арқылы туындайды. Осы интерпретациялардың шыңы –
шығармашылық интерпретация. Автордың айтор ойын қабылдап, зерттеушілер пікірлерін
зерделей отырып, шығарманың сырын ҧғып, ӛз жҥрегіңнен ӛткізіп ӛзге бір ӛнер туындысына
айтналдыру. Мҥлде бӛлек тың дҥние жасап шығару.
«Интерпретация» термині бастапқыда герменевтикада қабылданып, тҥсіну мен тҥсіндіру
ӛнерін білдірген. Ал оның кӛркемдік қабылдау, кӛркем шығармашылық психологиясымен
байланысы М.П.Алексеев, А.Н.Веселовский, Д.Дюришин, В.М.Жирмунский, И.Г.Неупокоева
және т.б. ғалымдарың еңбектерінде ішінара айтылды.
Рецепсия, яғни қабылдау – компаративистиканың негізгі категориясының бірі. Кӛркем
шығарманың рецепсиясы кӛп қырлы. Ол эмоционалдық кҥйзелісті, авторлық ойды дамыту
логикасын ҧғыну мен бағалау мәдениетін қамтиды [5,16]. Интерпретация мен рецепсияның,
автор ойы мен оқырман қабылдауының арақатынасын тӛмендегі схемадан кӛруге болады.
А.П.Скафтымов кӛркем шығарма рецепциясы турасында «Кӛркем туынды ӛз
зерттеушісіне тек қана жеке эстетикалық тәжірибесі арқылы қол жетімді. Осы мәнінде ол, әрине,
субъективті қабылданады. Бірақ субъективизм бетімен кетушілік емес. Оны тҥсіне білу ҥшін
ӛзіңді бӛгде кӛзқарастың қолына бере білуге қабілетті болуың шарт. Адалдықпен оқу керек.
Зерттеуші суреткерге басы бҥтін беріліп, тек қана оның Исследователь отдается весь художнику,
только повторяет его в эстетикалық кҥй кешуін қайталайды да, ӛзінің рухани-эстетикалық
тәжірибесіндегі автор ӛрістеткен фактілерді ғана тҥстеп тани алады», - деген пікір білдіреді.
Ғылыми әдебиеттануда интерпретацияның орны ерекше. Ол ғылым мен кӛркем
шығарманы табиғи қабылдаудың арақатынасынан жҥйелеп, қарапайым оқырман мен кәсіби
әдебиеттанушы маманның ойлауы мен қабылдауын салыстырады. Сол арқылы оқырманның
кӛркем шығармаға деген кӛзқарасын ғылыми деңгейге жетелейді.
Ең алдымен, интерпретация кӛркем шығарманың мазмҧнын,мағынасын, астарлы ойын
тҥсіну ҥшін жасалады. А.Б.Есин: «Сущность интерпретации, выраженная в формуле
«Интерпретация – это свое понимание», заключается в слове «своѐ». «Своѐ» - означает
«пережитое лично», – дейді [6]. Мҧндағы «ӛзінің тҥсінуі» авторға қарама-қарсы, одан ӛзгеше
тҥсіну деген сӛз емес, керісінше шығарманың сырын ҧғу мақсатында оны ӛздігіңше қабылдау,
автордың айтар ойына жақындай тҥсу болмақ.
Х. Гербердің ҥш деңгейлі оқу әдісін ҧсынады. Олар:
- бірінші деңгей оқырманға мәтіннің сыртқы ақпаратымен ғана танысуды кӛздейтін
«тҥсінікті» деп аталады.
- екінші деңгей – логикалық деңгей. Яғни, «ойлану және табу» деп аталады.
- ҥшінші деңгей – бағалауыштық және шығармашылық «Ӛзім» деп аталатын деңгей.
Гербер ҧсынып отырған оқу мен тҥсінудің әр деңгейінде интерпретация жҥзеге асып
отырады. Бірінше деңгейде рецепция, яғни шығарма мазмҧнын жалпы қабылдау жҥреді. Екінші
деңгей оқырмандық кӛзқараспен, логикамен, жағдаяттармен тығыз байланысты. Оқырман
мазмҧннан мән іздейді, ӛзіне керегін алады, іріктейді. Ҥшінші деңгейде, шығармашылық
интерпретацияның орын алатынын байқаймыз. Мағына мен мән сақталып, мазмҧн еркіндік
алады. Интерпретатордың «ӚЗІ» қандай формаға салады, сол қалыпқа қарай иіледі, икемделеді.
Достарыңызбен бөлісу: