Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет171/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Кӛркем шығарма 
Оқырман 
Автор 
Қабылдау 
Тҥсіну 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
130 
 
 
Кӛркем  шығарманы  тҥсінудің  ӛзі  ӛ  кӛп  деңгейлі,  кӛп  қырлы  ҥдеріс.  Профессор 
З.Ахметжанова  кӛркем  шығарманы  тҥсіну  жолдарының  бірі  ретінде  тҥсініктеме  беруді 
(комментарий)  алға  тартады.  З.  Ахметжанова  мәтін  талдауда  тҥсініктеменің  бірнеше  тҥріне 
тоқтады: 
- тарихи-мәдени тҥсініктеме; 
- саяси-мәдени тҥсініктеме; 
- салыстырмалы-мәдениеттанушылық тҥсініктеме; 
- этнолингвистикалық тҥсініктеме; 
- этномәдени тҥсініктеме; 
- макробелгілерге тҥсініктеме [7; 85]. 
 
Тҥсінудің  келесі  бір  жолы  автор  тҧлғасын  тану.  Бҧл  тҧста  авторды  биографиялық 
тҧлға ретінде емес, қоғамдық сананың, әлеуметтік қайшылықтардың, жеке қарым-қатынастардың 
ӛкілі ретінде, тҥрлі ӛмірлік тәжірибелерді оқырманға ӛнер туындысы арқылы жеткізуші ретінде 
қарау  басымдылық  алады.  Сол  арқылы  кӛркем  шығарманы  тҥсіну  мен  қабылдау  автор 
идеясымен қабыса тҥсетін болады. 
 
Алғашқыда,  оқырман  интерпретациясы  кӛркем  шығарманың  сюжеті  мен  фабуласы 
айналасында  ӛрбиді.  Оқырманды  кейіпкерлердің  іс-әрекеті  мен  оқиғаның  ӛрбуі  ғана 
қызықтырады. Келесі кезеңде, мазмҧннан мағына іздеу, кейіпкерлер іс-әрекетінің уәжі, олардың 
ішкі  жан-дҥниесі,  неліктен  бҧндай  шешімге  барғаны  т.б.  тҥсіну  жҥзеге  асады.  Кӛркем 
шығарманы  тҥсінудің  соңы  кезеңінде  автордың  ой-ӛрісі,  дҥниеге  кӛзқарасы,  автордың 
қҧндылықтары  маңызға  ие  болады.  Оқырман  автор  ҧсынған  кӛркемдік  әлемді  автор  кӛзімен 
тануға,  тҥсінуге  ҧмтылады.  Осындай  кӛркем  шығарманы  тҥсінудің  бірнеше  қадамды  жҥйесі 
негізінде  Седов  пен  Поляков  оқырманныңкӛркем  шығарманы  тҥсінудегі  бірнеше  деңгейін  атап 
кӛрсетеді: 
1.  Денотативті  деңгей.  Оқиғаның  дамуы  мен  ӛрбуіне  ықпал  ететін  кейіпкердің  тҧлғалық 
қасиеттері, заттық әлем, кӛркемдік кеңістікті қабылдау мен тҥсіну; 
2.  Психологиялық  кезең.  Кейіпкер  психологиясын  тану,  кейіпкердің  сыртқы  және  ішкі 
әлеміне ҥңілу; 
3.  Аксиологиялық кезең. Кӛркем туындыға автордың қатынасын анықтайды. Шығармадан 
авторлық дҥниетанымның, авторлық кӛзқарастардың кӛрініс табуын қарастырады [8; 46]. 
 
Интерпретация теориясындаға негізгі мәселелердің бірі – кӛркем шығармаға жасалған 
интерпретацияның адекватты, қисынды болуы. Бҧл қиындықтар кӛркем шығарма мағынасы мен 
мазмҧнын қандай қҧралдармен, қандай тәсілдермен жеткізуге болады деген сауалдан туындайды. 
Тағы бір сауал «Қандай ғылыми тәсілдер арқылы кӛркемдік шындықты тануға болады?» деген 
мәселені қозғайды. А.С. Бушмин: «Научная форма не исчерпывает художественного образа, не 
улавливает  всей  полноты  его  многозначного  смысла,  не  заменяет  производимого  им 
впечатления.  Если  бы  это  было  возможно,  то  ненужным  оказалось  бы  искусство.  Но,  с  другой 
стороны,  если  бы  были невозможны  какие-либо  отношения  между  художественным  образом  и 
его  выражением  в  научной  форме,  то  не  осталось  бы  почвы  для  науки  об  искусстве. 
Художественный образ нельзя свести к логическим понятиям, но это можно перевести на язык 
логических понятий» [9; 112], - деп кӛркем шығармаға ӛнер биігінен қарағанда ғана негізгі мәні 
мен мағынасын тҥсінуге болады. Кӛркем образды логикаға, қисынға салып тҥсіну мҥмкін емес, 
десе  де,  тҥсінікті  тҥрде  жеткізуге  болады  деген  пікір  арқылы  ғылыми  талдау  туралы  айтқанда 
ғылыми  интерпретация  алға шығатынын  меңзейді.  Кӛркем  мәтінді  ғылыми  талдауға  жҥгінуден 
гӛрі интерпрация тәсілі арқылы тҥсіну оңайға соғатыны да сондықтан. «Талдау – интерпретация» 
арақатынасын  ғыыми  мен  ӛнердің  арақатынасы  деп  ҧқсақ,  «шығарма  –  интерпретаци» 
арақатынасы дегеніміз жанды, тірі қҧбылыс деп ҧғуға болады.  
 
Интерпретация  туралы  айтқанда  тағы  бір  маңызды  мәселе,  «Бір  ғана  кӛркем 
туындының  қанша  интерпретациясы  болуы  мҥмкін?»  деген  сҧрақ.  Бҧл  туралы  ғалымдар  пікірі 
екіҧшты. А. Потебня, Б. Кроче, М. Эпштейн, А. Горнфельд сынды ғалымдар кӛркем шығама мен 
интерпретация  арақатынасына  шектеу  қойылмайды,  еркін,  кең  ауқымды  деген  пікір  ҧстанады. 
Олар қанша идея болса, сонша кӛзқарас, сонша талдау мен тҥсіну бар деген ой айтады.  
 
А.П. Скафтымов бҧл тҧжырымдарға қарсы пікір айта отырып, әр тҥрлі интерпретация 
кӛркем  шығарманы  әр  тҥрлі  деңгейде  тҥсінуден  туындайды  [10;  142].  Бірақ  бҧл  шығарманы 
толық  тҥсіну  аясын  еш  тарылтпайды.  Шығарма  әркім  ӛз  қалауынша  тҥсініп,  ӛздігінше 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
131 
 
интерпретцияға жол бере берсе, ол кӛркем туындының негізгі айтар ойын жойып жіберуі мҥмкін 
дейді.  
 
Қорытындылай  келе,  интерпретация  анықтамасы  жайлы  мынайдай  тҧжырымдар 
жасауға болады:  
-  интерпретация  –  тҥсінудің  алғышарты,  яғни,  кӛркем  шығарма  мен  оқырман  арасында 
диалог орнатудың алғышарты; 
-  интерпретация – оқырмандық саналың елегінен ӛтіп, астарлы мағынаны табу; 
-  интерпретация  –  қабылдау,  тҥсіну,  талдау,  бағалау  сынды  бірнеше  әрекеттердің 
жиынтығы.  
 
Сонымен, кӛркем шығармаға жасалған интерпретация – кӛркем шығарманың идеялық, 
мағыналық  ақпаратын  толық  тҥсіну,  авторлық  таным  мен  мен  кӛзқарасты  қайта  жасау  арқылы 
қабылдау болып табылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет