1916 ЖЫЛҒЫ КӚТЕРІЛІС ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҦРҒЫНДАРЫ Л.А. Бисембаева Қазақ ҧлттық қыздар педагогикалық университетінің
аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі,
Алматы қ., Қазақстан
email:
lyazzatamandykovna@gmail.com
Мақалада 1916 жылғы Тҥркістан генерал-губернаторлығының Жетісу облысы аймағында болған
ҧлт-азаттық кӛтерілісі кезіндегі тҧрғындардың кҥнделікті ӛмірі мәселесі қарастырылады. Әсіресе,
кӛтеріліс кезінде кӛп зардап шегіп, ақырында патша ҥкіметінің қарулы жасағына тӛтеп бере алмай, елден
қашып, Қытай асуға мәжбҥр болған қазақ және қырғыз халықтарының ӛмір сҥру амал-әрекеттеріне мән
беріледі. Кӛтеріліс кезіндегі қалыптасқан тӛтенше жағдайдың жергілікті тҧрғындардың (ересектермен
бірге жас балалардың да) кҥнделікті ӛміріне әсері ресми деректерді, қолжазба қорының материалдарын,
тарихи және әдеби еңбектер мен куәгерлердің естеліктерін салыстыра отырып жазылды. Мақалада
тӛтенше жағдайда қалыптасқан ӛзгерістердің тҧрғындардың жан-дҥниесіне әсері, оның кҥнделікті
тҧрмыстағы кӛрінісі, сонымен қатар патша ҥкіметінің отаршылдық саясатының қазақ және қырғыз
халықтарының ӛміріне тигізген зардабы баяндалады.