Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
182
Тақырыпты жазып шығуда 1916 жылғы Жетісу кӛтерілісі туралы мол мағлҧмат
беретін мҧрағат және қолжазба қорларының дереккӛздері, кеңестік және тәуелсіздік
кезеңіндегі ғылыми еңбектер қолданылды. Мысалы, Ив. Чеканинский [2], Б.С. Сҥлейменов,
В.Я. Басин [3] сияқты кеңестік кезең авторларының еңбектерінен патша жарлығына байланысты
Жетісу облысында орын алған кӛтерілістер, патша әскерлерінің жазықсыз халыққа жасаған
озбырлығы туралы нақты мәліметтер алуға болады. Сонымен қатар тәуелсіздік кезеңінде жарық
кӛрген келесі зерттеулер мен естеліктер жинағы [4], [5], [6] мәселені ҧлттық ҧстаным
тҧрғысынан талдауға алған қҧнды еңбектер болып табылды. Ал, П. Кокайсл, А. Усмановтың [7]
еңбегі 1916 жылғы Жетісу кӛтерілісі кезіндегі қырғыз халқының кҥнделікті ӛмірі туралы қҧнды
ақпараттар берді.
Ал, Жапон тарихшысы Akira Ueda 1916 жылы Тҥркістан ӛлкесін қамтыған кӛтерілісінің
негізінде патша ҥкіметінің жер саясаты жатқандығына тоқталып, 25 маусымдағы жарлықтың
кӛтеріліске тҥрткі болғанын географиялық ақпараттық жҥйе арқылы жан-жақты ашып кӛрсетеді
[8; 33-44].
Достарыңызбен бөлісу: