Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
183
Жарлық шілденің 4-5 кҥндері тараншылар мекендейтін Ақкент болыстығында және қазақ
болыстықтарында, 11 шілдеде Иванов, Әлжан болыстықтарында жарияланады. Халық барлық
жерде
бірауыздан наразылық танытып, жарлықты орындаудан бас тартады [3; 83-84].
Шілденің 5 кҥні Верный уезінің Жайылмыс болыстығының қазақтары да Ҥшқоңырда бас
қосып, майдан жҧмысына адам бермеске бітім жасасады.
Қазақтардың наразы кӛңіл-кҥйін, ӛшпенділігін байқаған билік қарулы казак әскерін
жасақтап дайын отырды. Қазақтар да ӛздеріне қарсы кҥш қолданылатын болса, қаруы
жоқтығына қарамастан, орақ, шалғы, әртҥрлі темір, пышақ, т.б. қолдарына тҥскен қҧралдармен
қарсы тҧрмақ болды [10; 41-42].
10 шілдеде Ҧзынағаш болыстығының Ҥлкенсаз деген жерінде облыстың 11 болыстығынан
5 000
адам қатысқан жиын болып, олар да қара жҧмысқа адам бермейміз деп бәтуаласады [4; 8].
Қарқара аймағына патша жарлығы шілденің 7 кҥні белгілі болған. Болыстық
басқармаларын жарлықпен таныстырған Нарынқол-Шарын бӛлімшесінің бақылаушысы
А.А.Подварков (қазақтар оны бас киімінің артына желкесін жауып тҧратын ақ шҥберек
қыстырып алатын болғандықтан «Ақжелке» деп атаған) уақыттың тығыз екенін айтып, ҥш
кҥннің ішінде қара жҧмысқа алынатындардың тізімін дайындауды тапсырады. Бірақ ӛзі, ҥш
кҥнді кҥтпей, 9 шілде кҥні кҥдікті деген жерлерге ӛзінің адамдарын және әскер жіберіп, елдің
ҥрейін ҧшыра бастайды [11; 158-167]. Онымен де қоймай, 10 шілдеде «Қарқара жәрмеңкесінде
саудагерлердің 50 шақты ірі қарасы жоғалды, оны ҧрлаған қазақтар. Сондықтан әр болыстыққа
бӛліп алып, шығынды тӛлеңдер» - деп халықты қыспаққа ала бастайды. Халық оған наразылық
танытады [12; 170-177].
Шілденің 11 кҥні Ҧзақ, Жәмеңке, Серікбай, Тҧрлықожа, Айтбай сынды албанның
белсенділері Қарқара алқабына қалың халықты бастап келіп, жарлыққа байланысты бірауыздан
«бала бермейміз» деген шешімдерін айтады. Халықтың патшаның бала сҧрағанына ашынғаны
сондай, куәгердің мәлімдеуінше, осы жиынға ӛгіз мініп келген бір ақсақал пышағын суырып
алып, «бала берем дегендеріңді жарып ӛлтірем» - деп айқай салған [11; 158-167].
Оқиға куәгерлерінің бірі Алдаберген Қойшыбекҧлы ӛзінің осы жиналыстан кейін
тілмаштың қолындағы тізімді алып, жыртып тастағанын айтады. Оған ӛкпелеген тілмаш «ел
қарсы шығып жатыр» деп хаттама жазуға ыңғайланған. Бірақ ауыл старшындары әрқайсысы бір-
бір қозыдан сегіз қозы және ҥстіне ақша қосып беретін болып, оның ашуын басып, райынан
қайтарған [13; 167-169].
Кейін 11 шілдедегі жиында белсенділік танытқандардың бәрі тҧтқынға алынады. Куәгер
Әубәкір Сҧлтанбекҧлының айтуынша, ізінше саудагерлердің жоғалған малын тӛлеп бермесе,
тҧтқындалғандарды ӛлтіреді деген сыбыс тарала бастайды. Қорыққан ел Подварковқа 30 000 сом
ақша жинап береді. Оған қоса, халықтан бала сҧрап отырғаны аздай, майдан қажеттілігі ҥшін деп
1000 сом тағы жинап алады [12; 170-177].
Патша жарлығы ел ішін аласапыран кҥйге тҥсірді. Халықтың кӛңілі ала-қҧла болып,
ертеңгі кҥніне алаңдай бастады. Шаруаға қолдары бармай, жылт еткен жаңалыққа қҧлақ тҥріп,
елеңдеумен кҥн ӛтіп жатты. Бҧл мәліметтерді ресми деректер де айғақтай тҥседі. 1916 ж. шілде
айының басында Верный уезінің Шапырашты, Қарғалы, Ҥлкен Алматы, Жайылмыс, Шамалған,
Ботбай, Мойынқҧм, Сарытауқҧм болыстықтарының бәрінде бірдей халықтың кӛңілі толқулы,
алаңдаулы болған. Жарлыққа байланысты осы ӛңірлердегі халықтың кӛңіл-кҥйін, ел ішіндегі
ахуалды бақылау ҥшін жіберілген тілмаш: «Ел ішінде алып-қашпа, ӛсек сӛз кӛп, дала толқып
тҧр. Барлық жерден еңіреп жылаған әйелдерді кездестіресің. Мен оларға: «сендерді соғысқа
алмайды, соғыс алыста, сендерді жҧмысшы ретінде ғана алады. Ешқандай қауіп жоқ» десем,
сенбеді» деген мәлімет береді [10; 31].
Жергілікті тҧрғындардың кӛңіл-кҥйі мен іс-әрекеттері билік орындарына тыңшылар
арқылы мәлім болып отырған. Патша ҥкіметі отар аймақтарындағы тҧрғындардың ӛздеріне іші
жылымайтынын сезіп, оларды ҥнемі бақылауда ҧстап отыру ҥшін тыңшылардың қызметін
пайдаланған. Жетісу облысында да Тҥркістан аймақтық кҥзет бӛлімінің 10 шақты қызметкері
тыңшылықпен айналысқан [14; 14].
Ел ішіндегі алып-қашпа, ӛсек сӛздер кҥн санап ӛршіп, халықтың қорқынышы мен кҥдігін
ҧлғайта тҥсті. Оның соңы кӛп жерлерде ӛшпенділікке де ҧласып кетіп отырды. Мысалы,
майданның қара жҧмысына шақырылғандарына болыстар кінәлі деп сенген Қорам
болыстығының 68 тҧрғыны шілденің 12 кҥні болыстық басшысы А.Абдурасуловты ӛлтіріп, қара
тізімді жойып жібереді. Сонымен бірге болыстың ҥйінен табылған 20.000 рубльді иеленіп кетеді