Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
225
маңызы бар дағдылардыңішінен аса маңызды емес кейбір бӛлігінің ӛзі, есейіп келе жатқан
оқушыларды жоғары сапалы деңгейге апарады [15].
Ресей педагогикасында баланың әлеуметтенуі барысында қалыптасатын мінез-қҧлық
дағдыларына ерекше кӛңіл бӛлінеді [11]. Ӛмірлік маңызы бар әлеуметтік дағдылар - бҧл баланың
әлеуметтік адекватты мінез-қҧлқын дамытуды қамтамасыз ететін, оған қоршаған адамдармен
нәтижелі қарым-қатынас жасауға және кҥнделікті ӛмірде туындаған мәселелерді табысты
шешуге мҥмкіндік беретін сыртқа бағытталған дағдыларды айтамыз.
Баланың әлеуметтік-бағдарлы дағдыларын қалыптастыру ерекшелігі мәдениеттің
әлеуметтік тҥрлерінің алуан тҥрлілігімен алдын ала анықталған. Қазіргі қоғамда бар мәдениеттің
тҥрлі типтері ӛзара тығыз байланысып жанасу ҥстінде; осындай жанасудың аяғы тҥрлі мәдени
стереотиптерді тасымалдаушылардың тҧлғааралық ӛзара іс-әрекетіне алып келді, бҧл ретте
бҥгінгі кҥні осындайақпараттық ағынның (легі) қарама-қайшылығы кҥшейе тҥсуде. Дәл осы
жалпы мәдени әлеуметтік-бағдарлы стереотиптер баланың жеке ӛмірлік траекториясын қҧру
ҥшін аса маңызды басым міндеттер контекстінде қарастыру қажет әлеуметтік-педагогикалық
феномендердің ерекше тҥрі болып табылады.
Біз балалардың дағдыларын қалыптастыруды дамудың әрекеттік моделі ретінде тҥсінеміз,
онда белгілі бір жағдайда саналы және шебер қырын кӛрсете алатын балалардың білімі мен
тәжірибесіне баса назар аударылады, ал ол баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасына қалай
әсер ететінін анықтай алады.
Әлеуметтік дағдыларын дамытуда адам ӛз тәжірибесі, басқа адамдар менқоғамдық-тарихи
тәжірибе негізінде, ӛзі мен басқаларжайлыбірқатар психологиялық білімінің негізінде қандай да
бір психологиялық міндетті тиімді шеше алады деп болжайды. Жоғары деңгейлі әлеуметтік
дағдылардың болуы бҧл басқа адамның тәжірибесін тікелей кӛшіру, белгілі бір нҧсқау,
стереотиптер мен ережелерді ҧстануды ғана білдірмеуді, ол әртҥрлі жағдайда білім мен
біліктілікті дҧрыс пайдалануды білдіреді. Сондықтан, ӛмір ӛте кҥрделі және әр тҥрлі екенін
тҥсіне отырып,
біз баланы қоршаған ортасына, әлеуметке және қоғам сҧранысына ҥйретуміз тиіс,
ӛйткені ол ҥйренген мінез-қҧлық ҥлгілерін жай ғана кӛшіріп алмай, оны белгілі бір болған
жағдайларда ҥлгі ретінде алып, ҥнемі ӛз мінез-қҧлқын қайта тҥзетіп отыруы керек. Дәл осындай
әлеуметтік шығармашылық адамға «дағдарыс кезеңінде, қҧндылықтарды қайта бағдарлау
кезеңінде тӛтеп беруге және ӛзінің мінез-қҧлқын жеке және қоғам игілігіне бағдарлауына
мҥмкіндік береді. Мҥндай міндеттерді тҥрлі моральдық ҧғымдар арқылы шеше алмаймыз.
Оқушыларды әртҥрлі еңбек тҥрлеріне тартқанда ғана олар қарым-қатынастың белгілі бір
моральдық әрекеттік тәжірибесіне ие бола алады.
Бастауыш сынып оқушылардың қоғамдық қарым-қатынас тәжірибесі мен әлеуметтік
дағдыларын дамытудағыең маңызды кезең болып табылады. Іс-әрекетті бастауда жеңілдететін,
керісінше қиындататын немесе ол туралы мықты шарттар мен тәсілдер туралы білімнің
жоқтығы, - бҧл ӛзіндік қҧндылықтары мен ӛмірлік ҧстанымдарын іске асыру жолындағы мықты
кедергі.Мықты тәсілді білу - бҧл әдет немесе жақсы меңгерілген іс-әрекет, ӛз кезегінде оны
дағды деп атауға болады. Зердесі жоғары адам болмаса әлеуметтік дағды кенеттен немесе
қарапайым еліктеуден қалыптаспайды. Олай болса оқушылардың әлеуметтік дағдысы оның
қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасының нәтижесі болып табылады. Әлеуметтік дағдыны
меңгеру деп - білім мен белгілі бір ҥлгіні меңгеруін ғана емес, сонымен қатар оның басты
нәтижесі болып ӛзінің жеке-дара тәжірибесін, ӛзіндік жеке мәні бар қҧндылықты-бағдарлы
мазмҧнмен байытылған іс-әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін ҥйренуін айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: