Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет89/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   423
Түйін  сӛздер:  ойын  технологиясы,  дидактикалық  ойын,  танымдық  ойын,  іскерлік  ойын,  оқытушы 
шеберлігі, білім алушының қабілеті, педагогикалық технология, проблемалық педагогика 
 
Қазіргі  жаңартылған  білім  беру  жағдайында  химияны  оқытудың  жаңа  әдістемелік 
жҥйесі,  кәсіптік  білім  алушыларға  пәнді  оқытып  ҥйретудің  тиімді  жолдарының  бірі 
оқушылардың  іс-әрекеттері  белсендіру  мен  тиімділігін  арттыру,  педагогикалық 
технологиялармен  ҧштастыра  жҥргізу  жҧмысын  практиға  енгізу  мәселесіне  ерекше  кӛңіл 
аудару  қажеттігін  кӛздейді.  Педагогика  ғылымында  баланың  жеке  адам  ретінде  дамуы 
ҥшін  ойын  ерекше  орын  алады.  Жалпы  ӛмірде  ойынның  да  қоғамдық  мәні  бар.  Ойын 
барысында  белгілі  бір  әрекет  жасай  отырып,  жасӛспірім  қоғамдық  ӛмірге  қатысудың 
алғашқы  ҥлгісін  алады,  ересектермен  арадағы  қарым–қатынас  қҧрылымын  тҥсінеді.  Бала 
ойын арқылы ӛзі ӛмір сҥріп отырған, дамып отырған белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма 
мен әрекетті қабылдайды. Ойын белгілі бір ҧстамдық тәртіптің кӛрінісі болып табылады. 
Сондықтан  да  химияны  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  сан-салалы  бағытта,  жан-жақты 
қарастыру кӛзделіп отыр. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау ҥшін сабаққа белсенді 
қатысып,  қойылатын  сҧрақтарға  жауап  іздеп,  ойлана  бастайды.  Сабақта  ойын  тҥрлерін 
оқушылардың  ой-ӛрісін  дамытуға  әсер  етеді. Ойын  баланың  психикасында  сапалы  оң 
ӛзгерістер  туғызады:  онда  мектеп жетекші  болатын  оқу  әрекетінің  негіздері  қаланады  [1; 
21]. 
Қазіргі  кезде  оқытудың  тиімді  әдістерін  зерттеп,  оны  іс  жҥзінде  қолдануға  ҧсыну 
кҥрделі  мәселелердің  біріне  айналды.  Білім  алушыларды  қоршаған  орта  заттарымен, 
қҧбылыстарымен таныстырып, олар жайында ғылыми ҧғымдарын жҥйелеп, кӛзқарастарын 
қалыптастыруда кәсіптік арнайы оқу орындарында оқытылатын химия пәнінің мәні ӛте зор 
болып  келеді.  Химиядағы  ойындарды  3  топқа  бӛліп  қарастыруға  болады.  Дидактикалық, 
іскерлік  және  танымдық  болып.  Дидактикалық  ойындарға  келер  болсақ  бҧл  ойындар  ең 
алдымен  оқушының  ой  –ӛрісін  дамытуға  кӛмектеседі.  Дидактикалық  ойындардың  ӛзіне 
тән  ерекшеліктері  бар.  Бір  жағынан  –  ойында  ойындық  әрекет  негізге  алынған,  оның 
кӛмегімен  жеке  тҧлғаның  белгілі  бір  сапалары:  зейін,  байқағыштық,  ес,  ойлау, 
ізденімпаздық,  белсенділік  қалыптасады.  Екінші  жағынан  –  ойын  сабақта  белгілі  бір 
дидактикалық  міндетті,  жаңа  материалды  оқып  –  ҥйрену,  ӛткенді  қайталау,  іскерлік  пен 
дағдыны  қалыптастыру,  білімді  іс  жҥзінде  пайдалану  міндеттерін  шешуді  кӛздейді. 
Дидактикалық ойындардың маңызы: 
-  дидактикалық  ойын  балалардың  ақыл–ойына  кҥш  тҥсіретін  міндеттерді,  қызықты 
тапсырмаларды қиындықсыз орындауға мҥмкіндік береді; 
-  дидактикалық  ойын  бҥлдіршіндердің  танымын  қалыптастырады.  Ӛйткені,  олар  әр 
тҥрлі  ойыншықтармен,  заттармен,  қосалы  суреттермен,  кесінді  ҥлгілермен  ойнайды. 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
59 
 
Осындай  ойын  ҥстінде  олар  тҥстерді  ажыратуға,  заттардың  пішінін,  кӛлемін,  ерекше  белгісін, 
сипатын білуге және қҧрылымын жасауға дағдыланады
-  ойын  балалардың  зейінін  тҧрақтандырады,  есте  сақтауын,  іс-әрекетке  икемділігін, 
қабілетін дамытып, байқағыштығын арттырады; 
-  ойын  ҥстінде  бейнелеу  ӛнерінің  мәнерлеу  қҧралдарын  жеңіл  меңгеріп,  әсемдік  пен 
сҧлулықты сезініп, кӛркемдік талғамы артады [2; 3;3-5]. 
Дидактикалық  ойындарға  мысалы  криптограмманы  ҧсынуға  болады.  Кейбір 
анықтамаларды  оқушылардың  жадында  сақтауы  ҥшін  мазмҧнды  етіп  қҧрастырылған 
криптограмманы  ҧсынуға  болады.  Мәселен,  Глюкозатақырыбына  глюкоза  терминіне 
жҧмбақталған криптограмманы пайдалану тиімді. Оқушылар бҧл криптограмманы шешу арқылы 
―Глюкоза‖  тақырыбындағы  материалдарды  еске  тҥсірумен  бірге,  регенерация  жайлы 
анықтаманы тауып оқып, естерінде ҧзақ сақтайтын болады. Әрине, криптограмманы оқушылар 
жедел сызып ала алмайды, сондықтан кейбір әдіскер оны фотоға тҥсіріп, әр оқушыға жеке-жеке 
таратуды  ҧсынады.  Оқушылар  ойын  шартына  байланысты  криптограмманы  ҥйде,  сабақтан  бос 
уақытта  шешуге  тапсырма  алды.  Келесі  сабақта  әр  оқушының  берілген  тапсырманы  қалай 
орындағы  тексерілді.  Оқушылардың  криптограмма  шешуін  химия  дәптерлеріне  жазып, 
криптограммада  жасырылған  гидролиз  жайлы  анықтаманы  кӛрнекті  бояумен  қоршап 
қойғандығы,  диссоциация  қҧбылысы  тағы  қандай  заттарда  жҥретіндігіне  мысалдар  келтіре, 
конспекті жазуы олардың берілген тапсырмаға ҧқыпты қарағандығының белгісі болып табылады 
[3; 52-53]. 
Екінші  ойын  тҥрі  болып  іскерлік  ойындарды  айтуға  болады.  Іскерлік  ойындарды 
педагогтың  кәсіби  шеберлігін  дамытуда,  қҧзырлылығын  анықтауда  пайдалану  арқылы  оң 
нәтижелерге  қол  жеткізуге  болатынын  кҥнделікті  тәжірибенің  ӛзі  дәлелдеуде.  Іскерлік 
ойындардың ӛзі бірнеше топқа бӛлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рӛлдерді орындау, 
іскерлік  театр,  психо  және  социодрамалар.  Іскерлік  ойындары  -  бҧл  да  белсенді  оқытудың  бір 
тҥрі.  Ойынның  бҧл  тҥрі  әртҥрлі  практикалық  жағдайларды  кӛрсету  арқылы  жҥзеге  асады. 
Іскерлік ойыны сабақтың дәстҥрлі емес тҥріне жатады. Бҧл ойын қызығушылықты тудырып, шет 
тілін  оқыту  кезінде  қолдануға  ҥлкен  мҥмкіндік  береді.  Ойында  ойыншынын  кәсіби-
педагогикалық  ойлау  образына  енуі,  бҧл  ойынның  басты  ерекшелігі  болып  табылады.  Іскерлік 
ойынның  негізі  –  проблемалық  педагогиканың  ситуацияларды  тудыру  және  оларды  әртҥрлі 
проблемалық  ролдік  шешуді  жҥйесі.  Ойында  образға  кіру  ерекшелігі  басқа  ойындармеи 
салыстырғанда  проблемалық  жағдайларды  шешуші  фактор  ретінде  қарастырылады.  Ойыншы 
белгілі  ережелерді  қолдана  отырып  ойынның  толық  мағынасын  тҥсініп,  талдау  жасап,  алда 
болатын  ӛзгерістерді  жобалап  отыруы  қажет.  Әртҥрлі  педагогикалық  жағдайларды  модельдеу 
болашақ  педагогтың  әрбір  ойын  кәсіби  тҥрде  жеткізе  білуге  жетелейді.  Осылай  ойлау  кабілеті 
нәтижесіндс  ойыншылар  педагогикалық  образға  толығымен  кіріп,  қандай  ӛзгеріс  болатынын 
тҥсіне  алады  .  Ойыншыларда  педагогикалық  процесс  моделінің  біркелкі  образы  ойьнда  болған 
әртҥрлі жағдайлар нәтижесінде калыптасады. Бҧл модель жеке тҧлғалық сипатқа ие болады және 
ойын кезіндегі ойыншының жасаған іс-әрекетінің таңбасына ойыншының ӛзін ойын барысында 
ҧстай  білуі,  ойын  толық  жеткізе  білуін  және  әр  ойыншының  ӛзіне  ғана  тән  ерекшеліктеріне 
байланысты  калыптасады.  Сонымен  қатар  іскерлік  ойынның  барысында  әр  ойыншыда  ӛзін 
басқалардың  кӛмегімен,  яғни  сырт  кӛзбен  қадағалау  және  басқаларды  да  танып  білу 
қалыптасады.  Ӛздеріне  берілген  тапсырмаларды  бірігіп  шешу  жолында  ӛзіндік  нәтиже 
шығарумен  қатар  басқалармен  бірігіп  жҧмыс  істеу  және  ой  тудыру  әрбір  ойыншыда 
қалыптасатын  жайт.  Ойынның  шартты  модельдері  және  ойын  барысында  жинақталған  іс-
әрекеттер ойыншылардың кӛзқарасын едәуір кеңейтеді [5; 32-34]. 
Іскерлік  ойында  ойыншыларда  екі  тҥрлі  кӛзқарас  қалыптасады.  Біріншіден,  ойыншы 
образға кіріп, ойын образын жасайды яғни осы образды толық сіңіреді, басқалармен осы образда 
қарым-қатынаста  болады.  Екіншіден,  бҧл  ойыншылар  арасындағы  нағыз  қарым-қатынас 
орнығады, себебі әр ойыншы образды ӛзі деп есептейді. Образға кіру жолында ойын шарты тез 
ҧғынылады  сондай  -  ақ  тӛзімділік,  басқалардың  ойын  қҧрметтеу,  бірігіп  жҧмыс  атқару, 
жауапкершілік  қалыптасады.  Мысалы  іскерлік  ойынға  «Кҥкірт  қышқылын  ӛндірісте  алу  әдісі» 
тақырыбы ӛндірістік тақырыптардың бірі, осы сабақты іскерлік – ойын сабағы тҥрінде ӛткіземіз. 
Іскерлік – ойын сабағын ӛткізу 3 кезеңге бӛліп қарастырамыз. 1 – кезеңі дайындық кезеңі: 1 апта 
бҧрын  класс  оқушыларын  ӛз  қалауларымен  бірін  «завод  директоры»,  бірін  «экономист»,  3 
оқушыны  ӛндірістің  3  сатысы  бойынша  «3  химик  -  технолог»,  енді  бірін  «қоршаған  орта  мен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет